Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  176


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МЫҢ БІР АЛҒЫС

(Елбасының мерейтойына)
Əлемде не жетеді Күн мен айға,
Жер-көкке нұр сəулесі тарамай ма?!
Дауысым еркін, таза сыңғырлаған,
Кеудемде бұлбұлым бар. Сайра, сайра!
Жан-тəнімен
Тыңдағанға,
Бір кеш, бір түн
Шырқағанда, шіркін;
Мен де,
Сен де,
Ол да –
Толқып сонда;
Ілкім,
Шырқау əнмен биік,
Төбем көкке тиіп;
Сол сəт, сол күн
Былай дермін, мүмкін:
Ең əуелде бір əуенге
Елтіп тұрған,
Дертіп тұрған
Адам Ата, Əу Анамыз –
Егіз шынар;
Бұлай деуге əлгі
Жан біткеннің бəрі
Айтып жүрген
Əсерлі əуен – негіз шығар.
Бұл əуенді əркім,
Бүгін, бəлкім,
Бүкіл əлем шырқар!
Туған ел той тойлай ма жайдан жайға,
Нұрланып дидарыңыз, Күндей жайна!
 Қадірлі Елбасымыз, өзіңізге
Айтамыз мың бір алғыс осындайда.
Алматы – Астана.
1999 – 2009 жж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу