Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  114


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МЕКТЕБІМ

Балғын шақ базарын өткізіп,
Ұяңнан ұшып бір кеткемін.
Өмірлік кең айдын, көп қызық
Өзіңнен басталған, мектебім.
Мектебім!
Ой өссе шынардай зорайып,
Тамыры – тағлым қып еккенің.
Өзгеге ұстаз-ақ болайық,
Өзіңе шəкіртпіз, мектебім.
Мектебім!
Алтын күз, жас толқын, жаңа таң,
Білімнің ашасың беттерін.
Біздерден аумаған балақан
Өзіңе барады, мектебім.
Мектебім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу