Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  103


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚАЙДА ҚОНДЫҢ, БАҚ ҚҰСЫ?..

Бақ құсы, əлемді араладың,
Көрдің, барын бақытсыз адамдардың.
Зар илеген байғұстар кімдер, демей,
Оларға сен ден қойып қарамадың;
Елді мұңсыз етуге жарамадың.
Жарылқаудың білмей жолын,
Айырмадың оң мен солын.
Көзің жұмып, көрмей тұрып,
Бақыт құсы, қайда қондың, ойбай;
Соқыр тағдыр, сорлы басым,
Қайран қалып, аң-таң болдым, сондай;
Есім ауып, естен тандым оңбай,
ең ақырғы болғай.
Аса зəру жандарға зорға жеттің,
«Айға қарап жүрдің бе сонда?» деппін.
Əлсіздерге қол ұшын бермедің де,
Бəз біреудің басына қона кеттің;
Əділетсіз бақ құсы бола кеттің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу