Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  185


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТҮСІРЕ БЕРСЕМШІ ФОТОҒА...

Тамсанып өзіне, көзіне,
Тұз беріп тұрушы ең ботаға.
Сондай бір əдемі кезіңде
Түсіре бермеппін фотоға.
Сонда да, сонда да, арайлым,
Бір кезгі фотоға
Бір мезгіл қараймын.
Найқалып жүргеннің өзінде,
Біразға келіппін, о, тоба!
Ақжарқын ойнақы кезіңде
Түсіре бермеппін фотоға.
Оңда да, солда да, арайлым,
Бір кезгі фотоға,
Бір мезгіл қараймын.
 Таң ғалып мендегі сезімге,
Күлсең, күл, мінезім – біртоға.
Əлі де ажарлы кезіңде
Түсіре бермекпін фотоға.
Қайда да, қашан да арайлым,
Бір кезгі фотоға
Бір мезгіл қараймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу