Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  91


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ПЕЙІЛ

Үлкен үй. Күміс қасық, алтын табақ,
Алады көздің жауын жалтылдап-ақ.
Тамақтан бал өткізбей тұрды-ау, əттең,
Ыдысын санап қойған салқын қабақ.
Отау үй. Ожауы мыс, табағы жез,
Жадырар жас жұбайлар қабағы тез.
Сол бір күріш ботқа балдай татып,
Адамның жаны жайнап қалатын кез.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу