Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  118


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МЕЙІРБАНДЫ ƏЗИЗ ЖАН

Сөз емес, мансап, айлығымыз,
Біз – оның: «Ой, құлыным», «Ай, Күніміз».
Тəк тұрып қалсақ керек Ана алдында,
Өзгені жасқантса да айбынымыз.
Ұл-қызы үйлі-баран,.. алшақтады,
Ал шеше ақ бейілін мол сақтады.
«Жаным!» деп жанымызда күйбең қағар,
Əкесі сан баланың болсақ тағы.
Жігіттер билік құрып тайталасқан –
Анаға əлі сəби тəй-тəй басқан...
...Шешенің мейірбанды əзиз жанын
Келеміз келістіріп айта алмастан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу