Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  128


Автор: Жарасбай Нұрқанов

САРДАРЫМ

Қозғай білген көңілдің шер-шеменін,
Намыс буған, наркескен семсер-ерім.
Көнбіс тарта бастаған кедей-кепшік
Сен арқылы көтерді-ау еңселерін.
Бастай білген тар кезде тамам елді,
Алмас қылыш сардарым Аманкелді.
Ғажаптығы-ау бұл дағы қазақтың бір
Атой салған кезінде Саған ерді.
Туа білген тұрғанда аңсап елі,
Сүйем сені, Торғайдың асқан Ері.
Ескерткішің бір емес, мыңға жеткей,
Тұғыр болып даланың барша белі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу