Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  115


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КҮЙ ШАНАҚ

Қоңырқай, қол тоқпақтай домбырасы –
Бабамның баға жетпес зор мұрасы.
...Шырағым, шынашағың ептейлі екен,
Салдыртып сағаға бір құлдырашы.
Күмбірлеп қуаныш күй нұрлы сазды,
Күбірлеп құпия сыр мұңды-назды;
Дерт те өзі, дəру де өзі – ден қойғанға,
Күй шанақ бірді ауырды, бірді жазды.
Бейуақыт бебеулетіп, қоңырлатып,
Отырсаң шер тарқатып, ол – бір бақыт.
Ей, күйшім, екі ішекті аңыратқан,
Тағдырдан не тілейсің бұдан артық?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу