Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  114


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚАЛҚАШЫМ

Бері шалқып, бетті шарпып,
Өзімді өртей жаздағандай;
Əрі шалқып, салқын тартып,
Құр алаулап, маздаған жай,
Ұйтқымалы от-жалындай қалқашым.
Əуе айналып түскендейін,
Сəскеде күн жер шыжғырған;
Бұлт түнеріп түстен кейін,
Нөсер төпеп, жел ызғырған,
Құбылған күн райындай қалқашым.
Махаббаттың балын беріп,
Соны сортаң, су татқызған;
Шаттық, лəззəт – бəрін беріп,
Баршасынан жұтатқызған,
Айнымалы, ала көңіл қалқашым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу