Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  103


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МАХАББАТ НҰРЫ

Қақ жарылып бұлт кенет сөгілетін,
Жап-жарық қып күн нұры төгілетін.
Сəуле түскен сары бел сонадайдан
Алабөтен жарқырап көрінетін.
Сол секілді көп қыздың арасында
Тұрасың Сен айрықша жарасымда.
 Келбетің бе келісті керемет тым,
Əлде менің Саған көз қарасым ба?..
* * *
Талайдың ғашық жары Күнге ұқсаған,
Мен үшін Күн – көркемше сіңілі Саған.
Жүдеу Ай, емес, жүдə, маңайлаған,
Өзіңсің анық сұлу арайлаған.
Өзіңді өміріме тірек тұттым,
Өзіңе өз еркіммен жүрек тұтқын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу