Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  218


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!..

Аяқталып сан түрлі мəжілістер,
Өз орнынан табылсын əр жұмыскер.
Еркіндігің сонша дөй, еге қазақ,
Ұл мен қызың болса ғой нағыз іскер.
Таза жыртып тастасаң егінжайды,
Ойлағаның күнұзақ Елің жəйлі.
Исініп тұр диқанға, сүйсініп тұр
Көктемгі Күн қунақы, лебі жайлы.
Мін шықпаса жасаған затымыздан,
Шықпағаны Туған ел жадымыздан.
Терімізді құрғатып самал ессе,
Ақын жүріп өткендей жанымыздан.
Əркім жылда өсірсе тал шыбықты,
Ағаш егу мəнісін жақсы ұғыпты.
Ізгілікті кім де кім шын тілесе,
Жасай берсін күн бе күн Жақсылықты!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу