Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  101


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТУҒАН ЕЛ

Баяғы бабалардың үлгісімен
Елімнің етек-жеңі мол пішілген.
Əкенің арқасында өскен ұлдай
Кім жүрсе емін-еркін, ол кісі – мен.
Тамсанып қыздың күміс шолпысына,
Таң қалдым кейбір олпы-солпысына.
Тым жиі əсерленгіш қайран көңіл,
Толқыса, «Туған ел» деп толқысын да.
Ту, тұмса туған жердің топырағы,
Өзіңсің – өлеңімнің оты, нəрі,
 Əс көріп шетелдің бір əуенін сол,
Бəтшағар, бас қатырмай отыр əрі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу