Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  114


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚҰДЫРЕТ

Шапқан аттың шаңын көріп,
Бір жасайтын бұл қазақ;
Ғарышкердің бəрін көріп,
Мың жасады-ау бұл қазақ.
Байқоңыры – бəйге өңірі,
Зымыран тұр жараған.
Ай жорығы – бар көңілі,
Қарап ұл тұр жаңадан.
Тағы бір күн (əлі бүгін)
Жол тартады күркіреп.
Бəрі мүмкін: бəрі мұның –
Өршіл ойлы құдырет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу