Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  98


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КӨГІЛДІР ƏУЕН

Естимін көкек үнін: «көкек» деген,
Көрінбей көзге бірден, секектеген.
Мен тұрмын қыбыр етпей, тұрмын тыңдап,
Өйтпесең, көкек ұшып кетед, деген.
Сырнайлы көкек үні сұңқылдаған,
Жырлайды мұңын шертіп, мүмкін, маған.
Орманға жетелейді əлде мені,
Арманға кім бар екен ұмтылмаған?!
Бейілің, жолың дүзу, дүр ме екенсің,
Көңілің елегізіп жүр ме екенсің?!
Көгілдір көкек үнін, деймін, еркем,
Бір мезгіл сен де тыңдап тұр ма екенсің?!
Ол неге: көкек, көкек, дейді,
Ол неге, неден, шіркін, үркектейді?
Үнемі секектейді,
Əндетсе, сөйтед, дейді.
Əдемі көкек үні
Көкейден бір кетпейді.
Бекерге əндетпейді,
Айтуға тіл жетпейді.
Тыңдасаң: көкек, көкек, көкек, дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу