Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  293


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СƏЛЕМДЕСУ

Ар ма, бүкіл ағайын,
Ар ма, жақын туысым!
Қалай, баурым жағдайың,
Бар ма кəсіп, жұмысың?
Ар ма, өңкей жараным,
Таңмен бірге оянған.
Жүзеге асса, жарадың
Кеудеңдегі ой-арман.
Өмір алға тартады
Сыбағасын əркімнің.
Кеңге салмай арқаны,
Ұмтыл бірден, жарқыным!
Тосып жатыр бел-белес,
Өз жолыңды ойластыр.
Ешкімнен де кем емес
Өзіміздің бай дəстүр.
Мен ұятқа қалмайын,
Ауыз керіп арабша.
Ар ма, деймін, ағайын,
Амандасып қазақша!
Ар ма, туған ауылым,
Ар ма, қала, қауымым,
Өздеріңде – назарым.
Жастарың да, кəрің де,
Бар болыңдар бəрің де,
Айналайын қазағым!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу