Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  213


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Күлімде, күн, күлімде!

Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып, көгерсін,!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін!

Күлімде, күн, күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын!
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын!

Күлімде, күн, күлімде,
Күліп барлық бала шат,
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу