Өлеңдер ✍️

  02.02.2022
  2371


Автор: Таныстыру сөздері

Байқауға, күз аруы таныстыру (балабақшада)

Армысыздар ағайын,
Сәлемдесіп алайын.
Өнеріммен тәнті етіп,
Көңіліңді табайын.

Күз аруы байқау бұл,
Ару қыздар қатысар.
Әділқазы сыйлығын,
Жеңімпазға табыстар.

Еділқызы боламын,
Айтқан тілді алатын.
Арайлымның қызымын,
Жұлдыздайын жанатын.

Орта жүзден тараған,
Арғын қызың алдыңда.
Көрерменім, құрметтім,
Тағы сәлем жалпыңа!
Жібек Искакова





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу