Өлеңдер ✍️

  02.02.2022
  1362


Автор: Таныстыру сөздері

Күз аруы балабақшада таныстыру

Балабақша аруы,
Бұл байқауға келіп тұр.
Шын жүректен иіле,
Сәлемдерін беріп тұр.

Күз аруы байқауы,
Жарқырайды, жайнайды.
Азатқызы Айару,
Мұның бәрін байқайды.

Айарумын, ай, күнмін,
Сәулесімен тәнті етер.
Ата-анамның гүлімін,
Тәтті үнімен тербетер.

Өнерім бар бойымда,
Тәттілікті арнайтын.
Қасиетім бар менің,
Жақсылықты қармайтын.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу