Өлеңдер ✍️

  02.02.2022
  1686


Автор: Таныстыру сөздері

Күз аруы, балабақша таныстыру

Сәлем бердім сіздерге,
Шын жүректен иіліп.
Күз аруы байқауға,
Келген жандар жиылып.

Балабақша аруы,
Ақмарал қыз боламын.
Руым тазша, ұлы жүз,
Толған айдай толамын.

Айбектің ақ қызымын,
Балдай тәтті тілі бар.
Салтанаттың гүлімін,
Баурап алар үні бар.

Күз аруы байқауы,
Ғажайыпқа ұлассын.
Өнерлілер тереңнен,
Тамыр жайып, гүл ашсын.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу