Өлеңдер ✍️

  01.02.2022
  297


Автор: Ақан Сері

Орынбай мен Ақанның айтысы

Бұл және одан кейінгі айтыстар


Кәкімбек Салықов құрастырған
жинақтан алынды



Ақан
Accалaумағалейкүм, Орекеміз,
Бap екен мың кісілік берекеңіз.
Атанған ақындыққа аға сұлтан.
Жеңімпаз құтты болсып мерекеніз.
Орынбай
Үстінде шапаның бар қолбырайған.
Әкеңнің киіміңдей солбырайған.
Әр заманның киімі басқа-басқа,
Бұл киім ұнамайды, інім, саған.
Ақан
Ақан да сөз табады ағасына,
Қарайды ағасының бағасына.
Бұрынғы ата-баба киген киім
Мирас боп қалмас па екен баласына?
Ақан кішілік ілтипат білдіріп өлеңін тоқтатады да, қолын жуып орнына отырады. Сол кезде Орекең қайтадан сөз
бастап кетеді.
Орынбай
Дәретсіз негс керек қолың жуып,
Өзің таза жігітсің дінге жуық.
Ақанжан, сенен біраз сөз сұрайын.
Бас сәждеге тиді ме өзің туып?
Ақан
Әуелде көңілім хаққа иген шығар,
Ініңіз өлмес жерін білген шығар.
 Ореке, сұрасаңыз мен айтайын:
Иншалла, бас сәждеге тиген шығар.
Орынбай
Дейсің ғой болсын сөзің көңілге тоқ,
Алдамшы арқау болмас дүние боқ.
Бас сәждеге тиді деп айтсаңдағы.
Meн, сірә, өз көзіммен көргенім жоқ.
Ақан
Oрeкe, Қарауылдан шықтың дербес,
Сізбенен бақ сынасып қылман егес.
Ақтығын айтқанымның біледі Алла,
Пенденің көрмектігі дәркәр емес.
Үй иесі Қожахмет орта дәулетті адам болғанымен,
Қарауылдың әйгілі байлары Зікірия, Шалабайлардан мырзалығы кем түспейтін атақты һәм беделді кісі болыпты.
Бұрын бала көрмеген үшінші тоқалы ұл туған қуанышында шек жоқ. Орекеңді Қожахметтің бәйбішесі қайным деп
билік көрсетіп, басқа үйге әкетіп, құндақта жатқан балаға батасын бергізеді. Орекең қайта оралады. Сонда Ақан
тағы да сөзді бастап кетеді.
Ақан
Ореке, біз бір қайық, сіз бір кеме.
Жөні келген сөзімді айтты деме.
Шариғаттың жөнімен жүрген болсаң,
Ішіне намаһрамның бардың неге?
Opынбaй
Күш атта, ақыл жаста, сөз малдыда,
Ақыл, айла болмайды жоқ-жарлыда.
Сүннәт, уәжіп, парызды тәмәм етіп,
Жалғыз-ақ намаһрам деген сөз қалды ма?
 Сол кезде көрші үйден ащы да әсем ән шығып, жұрт
құдағын түре қалады. Орекең әншінің дауысын танып, өз
баласы Омар екенін сезіп, бата беріп келейін деп тағы да
дереу шығып кетеді. Барса, шынында да, тойдағы жастар
бір ақ үйде бөлек отыр. Омар әндетіп отырғанын тыя
салып, түрегеліп әкесіне сәлем береді. Орекең: «Асығыспын,
әлгі әніңді қайтадан айтшы», депті баласына. Қызып
отырған Омар көп тостырмай шырқай салып:
«Баласы Орынбайдың атым Омар, Айдалаға бітеді шірік томар», дей бергенде. Орекең шартпа-шұрт ашуланып:
«Айдалаға бітеді шірік томарың не? Әу, дегенде аузыма
иман толар», демейсің бе? Өлеңдете бер, бірақ саған бата
жоқ», депті. Орекең жиын топқа оралғанда Ақан шырқай
жөнеліпті.
Ақан
Ореке, қызық екен таңғандығың.
Еске түсіп жүрмесін алғандығың.
Белгілі болып қалды осы жерде,
Дін емес, табиғы үшін барғандығың.
Орынбай
Туыпты бізден бұрын Адам-Ата,
Бір Алладам басқада болар қата.
Meн өзім табиғыны тастап едім.
Қайтпақшы ем өз балама беріп бата.
Ақан
Ореке, сіз ишанға бардыңыз ба,
Иә, естен, иә ақылдан тандыңыз ба?
Балаңызды бұл жерге шақыртсаңыз,
Жүгіріп келмес пе еді алдыңызға.
Сол кезде төрле отырған төрелер мен молла, қажылар
шуылдасып: «Орекең жеңді!» деп шуылдап, алақай салыпты. Сонда Ақан қиядан құс ілген қырандай саңқ етіп, жауабын шұғыл бастап кетіпті.
Ақан
Бір сөзім Орекеме салмақ болды,
Жәйіңді іліндірген қармақ болды.
Төрелер, сөздеріңіз үйлеcпeйді,
Бірің шүршіт, біреуің қалмақ болдың. –
деп заулатқанда шуылдаған төрдегілер су сепкен оттай
дереу басыла қалып. Ақанға таңданыпты. Кемеңгер ақын
Орекең орнынан атып тұрып: «Сап, сап, ағайын, сап, сап,
төрелер» деп. Ақанды бетінен сүйіп, екі қолын жайып
батасын беріпті.
Орынбай
Иншалла, інім еpeн жан екен ғой.
Жас та болса бас болар нар екен ғой.
Тәңірім жарылқасын, қалқам Ақан.
Ат тұяғын басар тай бар екен ғой.
Әумин!
Сонда Ақан Орекеңнің кемеңгерлігіне дән риза болып
рахметін айтқандай ілтифат білдіріпті.
Ақан
Бақ жанса біз де Сіздей нар боламыз,
Қалайша кемеңгерге пар боламыз.
Басың бұлбұл, аяғын дүлдүлім-ай.
Бір күні тап осыған зар болармыз.
Орынбай
Баласы Бертағының Орынбаймын,
Көненің кең сабада қорындаймын.
Алла жар боп, Ақанжан, есен-сау бол,
Жас тұлпар шабысыңды мойындаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу