Өлеңдер ✍️

  01.02.2022
  12039


Автор: Таныстыру сөздері

Келіндер байқауына таныстыру өлеңі

Шаттығына өмірдің бөленемін,
Сыйластықта байлыққа кенелемін.
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Сәлемімді иіліп мен беремін.

Біз қыздармыз — жат жұртқа жаралғанбыз,
Біз қыздармыз — қуаныштан нәр алғанбыз.
Ұямыздан қанат жайып ұшып кетіп,
Жаңа ұяға жайғасып, таралғанбыз.

Орта жүзге келін боп есік аштым,
Қадамымды оңымен жайлап бастым.
Ардаққызы мен болам атым Айка,
Бұл байқауға жырымнан шашу шаштым.

Бұл байқауға асыға мен де келдім,
Баршаңызға сәлемді тағы бердім.
Келіндерге сәттілік тілеймін тек,
«Көтеріңкі болсын» деп көңілдерің!
Жібек Искакова





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

05.03.2023 16:23
Келиндер саиысына таныстыру

Пікір жазу