31.01.2022
  105


Автор: Бейсебай Кірісбаев

Балға

Таңдап алған ыңғайлы
Балғам мені тыңдайды.
Күнде бір уақ қолға алып,
Бұлшық етті шыңдаймын.

Балғам істің әрдайым
Талғамайды қандайын.
Босап қалса шегелер,
Соғады кеп маңдайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу