31.01.2022
  99


Автор: Бейсебай Кірісбаев

Аппақ бақбақ

Көрдім мың-мың бақбақты,
Бақ ішіне қаптапты.

Аппақ ұлпа тұр ұнап,
Кенет бірін жұлып ап,

Жетпейтіндей батылым,
Үрледім мен ақырын.

Ұшты ұлпалар жан-жаққа,
Жоқ өзінде салмақ та.

Қолымдағы бақбағым
Болып қалды шап-шағын.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу