31.01.2022
  331


Автор: Бейсебай Кірісбаев

Жау, жаңбыр!

Жауа берші, жау, жаңбыр,
Дала көркін жандандыр!

Жауа берші, жау, жаңбыр,
Қаулап өссін алуан гүл!

Жауа берші, жау, жаңбыр,
Әрбір тамшың – тамған нұр!

Әрбір тамшың – маржан дән,
Асып жатсын қамбамнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу