Өлеңдер ✍️

  31.01.2022
  6683


Автор: Таныстыру сөздері

Ұранымыз сыйластық, жыр, әніміз

Ұранымыз сыйластық, жыр, әніміз,
Әрқашанда жүрек бірге соғатын.
Армысыздар қымбатты ағайындар,
Әрбір күннен қуанышын табатын.

Мерейлі де мейрімді отбасымыз,
Қуанышпен бар жақсыны жолдайтын.
Отбасының тірегі мен боламын,
Әрқашанда жанұямды қолдайтын.

Асыл жарым осында, ай, жұлдызым,
Отбасыма ұсынар бар мейрімін.
Ұлдарым мен қыздарым бәрі осында,
Көрсететін қашанда ақ пейілін.

Отбасымыз — сыйластық ұранымыз,
Ынтымақ пен бірлікке бастайтын бұл.
Жүрегіміз бір біздің тірегіміз,
Қарапайым күйімізді растайтын бұл.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу