31.01.2022
  123


Автор: Серікбай Оспанов

Бүркіттің төрт саусағы

Көрдім тұяқ салғанын,
Бүріп түлкі алғанын.
Ал атайды бүркіттің
«Тегеурін» деп бармағын.

Ол шеңгелін кең ашар,
Қорқып аң, құс, төл қашар.
Сығым – аты жоқ қолы,
Сұқ саусағы – жембасар.

Оған қай құс тең келмек,
Оған бірдей Жер мен Көк.
Төртіншісі – шынашақ,
Атайды оны «шеңгел» деп.

Бүркіт осал жаралмас,
Саусағының бәрі – алмас.
Тегеурін – ең мықтысы,
Онсыз бүркіт аң алмас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу