Өлеңдер ✍️

  31.01.2022
  6765


Автор: Таныстыру сөздері

Отбасымыз мерейлі

Отбасымыз мерейлі, жаны нәзік,
Жақсылықтың жолын бірге жалғайтын.
Ассалаумалейкум жамағатым,
Сайыстардан ешқашанда қалмайтын.

Орта жүзден келген біздер жандармыз,
Қайғы-мұңға ешкімді де салмайтын.
Асқар таудай әкеміз қасымызда,
Жақсылығын қазағына жолдайтын.

Ардақты анам әне отыр күлімдеп,
Мейріміне шомылдырып біздерді.
Ағам, інім бауырларым әне отыр,
Өнерімен қуантуға сіздерді.

Мерейлі де мейірімді біз отбасы,
Сыпайылық, сыйластықты ту еткен.
Қыран құстай біз биікке самғаймыз,
Күшімізбен көрініп біз биіктен.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Зарифа
Зарифа 26.01.2023 11:59
Отбасылык таныстыру

Пікір жазу