31.01.2022
  174


Автор: Ертай Ашықбаев

Сыйлық

Көкем сыйға үш шар берді,
Үш әріпті жаздым оған!
«А-н-а» деген сөзді көрді,
Алғыс айтты анам маған.

Қалықтады қатар түзген
Үш әріпті «ұшақтарым»:
«Құттықтаймын тойыңызбен!» –
Деп апамды құшақтадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу