31.01.2022
  360


Автор: Болат Үсенбаев

Менің туым

Желбіреген көк туым,
Көтерілер шоқтығым.
Қазақты әлем таныды,
Егемен ел боп бүгін.

Таңдай қақса шартарап,
Көк туымда барша бақ.
Қыран самғап барады,
Күнді иыққа арқалап.

Көк туымнан нұр алдым,
Сол қыранға сыңармын.
Ерікті елдің еншісі –
Еркіндігі қыранның.

Ұланымын халқымның,
Ұлы істерге талпындым.
Тыныштықтың дәміндей
Туымдағы алтын күн.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу