31.01.2022
  314


Автор: Болат Үсенбаев

Сөз мәйегі

Жерінтіп жаманнан,
Жақсыны үлгі еткен.
Талапты адамға
Өмірді үйреткен.

Мақал мен мәтелдер –
Ақыл-ой мәйегі.
Мақал мен мәтелдер –
Даналық әлемі.

Ақылдың кеніндей
Асыл ой сандығы.
Мақалды ерінбей
Жаттаймын әр күні.

Өлмейтін даналық
Қалдырды бабамыз.
Мақалдан нәр алып,
Толысты санамыз.

Биікке өрлеуге
Аталы сөз үлгі.
Мақалсыз көр кеуде
Санаймын өзімді.

Мәтел де, мақал да
Өмірден туады.
Күн болып жаһанға,
Шашырар шуағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу