31.01.2022
  174


Автор: Болат Үсенбаев

Білмейді

Атасы да әбігер,
Әжесі де әбігер.
Қылығына Қасеннің
Қынжылады кәрілер.

Мінезі тым жаңғалақ,
Ізінен тұр шаң борап.
Дәптері мен қаламын
Таба алмай жүр он қарап.

- Не іздедің, қарағым?...
Үн жоқ, шытты қабағын.
Сөмкесінде өзінің
Білмейді ол не барын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу