31.01.2022
  123


Автор: Болат Үсенбаев

Ұят-ай!

Еркесі екен үйінің,
Ұқыптамас бұйымын.
Мұрнынан су сорғалап
Былғап жатыр киімін.

Осы ма еді Нұрымың,
Шітірейіп тұруын.
Орамалы жоқ екен
Сүртетұғын мұрнынан.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу