31.01.2022
  236


Автор: Болат Үсенбаев

Қошақаным

- Қошақаным, дос едік,
Үйге алып барам көтеріп.
Суық тигізіп алдың ба,
Қалыпсың ғой жөтеліп.

Деме мені мынау кім,
Дәрісін іш тымаудың.
Жазылып-ақ кетесің
Емдегесін біраз күн.

Аямаймын көмекті,
Тауып берем қажетті, -
Дегенімде қошақан
Басын шұлғып мәз етті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу