31.01.2022
  125


Автор: Болат Үсенбаев

Қуыршақтар күледі

Шомылады қуыршақ,
Жуынады қуыршақ.
Таза қалпы төсекте
Тынығады қуыршақ.

Ал, Айбек ше, со қалпы,
Жуынбайтын боп алды.
Кешіп батпақ, шалшықты,
Күн ұзаққа жоғалды.

Шомыл десе шошыған,
Таң қаламын осыған.
Кір-кір болып жүреді,
Қуыршақтар күледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу