Өлеңдер ✍️

  30.01.2022
  7881


Автор: Таныстыру сөздері

Байқауға таныстыру «тәрбиешілер»

Армысыздар құрметті дара халқым,
Амандасу бұрынғы ата салтым.
Тәрбиеші сайысына мен де келдім,
Болып міне менің де жүзім жарқын.

Бала деген — қуанышы өмірдің,
Бала деген— жұбанышы көңілдің.
Балалардың жүзінде күлкі болса,
Жанданады, жайнайды бұл көңілім.

Ермекқызы Жадыра мен боламын,
Жадыраймын, жайнаймын, жанданамын.
Еңлік менің анашым жүзі жылы,
Жақсылыққа жасайтын бар амалын.

Ұлы жүздің қызымын жаны нәзік,
Балаларға беретін тәрбие, азық.
Бұл байқауға кеп қалдым бақ сынауға,
Осы кезге Жаратқан, тағдыр жазып.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу