Өлеңдер ✍️

  30.01.2022
  5936


Автор: Таныстыру сөздері

Тәрбиешілер байқауына балабақшадағы таныстыру сөздері

Армысыздар, иіліп сәлем бердім,
Күн нұрындай шуақты дархан елім.
Тәрбиешілер байқауына кеп тұрмыз,
Атым Айзат сұрасаңыз Айдар тегім.

Ұлы жүздің қызымын жаны таза,
Әрбір күннен жүремін бақыт таба.
Әкем Айдар, анашым — Ақмарал бұл,
Олар барда сөйлеймін батылдана.

Әкешім мен анашым тәрбиелеген,
Бар жақсыға, тәрбиеге баулып мені.
Балаларды түсінер мінезім бар,
Бар жақсыны арнайтын көңілдегі.

Ал сәттілік, тәрбиеші әріптестер,
Байқауымыз қызықты болсын деймін.
Арулардың ішінде білімдісі,
Ажарлана бақ жанып, жеңсін деймін.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу