Өлеңдер ✍️

  29.01.2022
  9114


Автор: НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР

Қимаймын. Алла алдыңыздан жарылқасын, анашым! Жаныңыз жәннатта болсын!

Жарып өтті жүректі қанжардайын тілімдеп
Сіздің жансыз бейнеңіз таста тұрған күлімдеп.
Сене алмаймын, күтемін, қайта оралып өзіңіз:
"Жыламашы, қызым," - деп жұбатардай бүгін кеп.

Емдемейді екен-ау жан жарасын дәрі де,
Шарасызбын көтерем, көнем, ана, бәріне.
Біреу келіп оятса: "Мұның бәрі - жалған!!!" -деп,
Қорқынышты түс көріп жүргендеймін әлі де.

Мазаласам орынсыз, кешіріңіз, анашым,
Қандай ана назардан тыс қалдырар баласын?!
Қиналғанда қасымнан табыларсыз әрдайым,
Рухыңызбен жалғарсыз екі дүние арасын.

НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР КӨПЖАСАРҚЫЗЫ

07.08.2020 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Әсемгүл
Әсемгүл 03.09.2023 20:16
Керемет шығарылған екен, адамды сағынсам осындай өлең шумақтарын оқып бір жылап,әр жазылған сөзді анаммен елестетіп бір босап алам.

Пікір жазу