Өлеңдер ✍️

  29.01.2022
  5133


Автор: Таныстыру сөздері

Ұстаздар таныстыру

Қастарыңнан әрқашан табыламын,
Амансыздар, әріптес, қазыларым.
Өзімді мен өтейін таныстырып,
Ал сіздер қошаметпен қабыл алғын.

Қатысып мұғалімдер сайысына,
Бағымды сынағалы келген едім.
Мен ұнатып осы бір мамандықты,
Шын көңілмен ұстаз боп келген едім.

Айдарова Айжан ұстаз мен болам,
Шәкірттерін шын жүректен оқытар.
Ұлы жүздің ұрпағымын білсеңіз,
Ұлылық пен ірілікті тоқытар.

Көшбасшылық алға қойған мақсатым,
Абыройлы, шықсын деген жақсы атым.
Жалықпайтын үйретуге балаға,
Ұстаз болам жібермейтін бос сәтін.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу