Өлеңдер ✍️

  28.01.2022
  9412


Автор: Таныстыру сөздері

Байқауға, «жігіт сұлтаны»

Әр күннен қуат алып, бақыт табам,
Мен үшін сіздердің тек артық бағаң.
Ассалаумалейкум ағайындар,
Өз сәлемін ұсынды шад қып балаң.

Көрсетер нұрлы күнді, бағым айды,
Түсінем өзім ғана мендік жайды.
Бойымның қысқасына қарамашы,
Білсеңіз, күш атасын танымайды.

Ұлы жүзден тараған мен бір балаң,
Жұлдызың боп көгіңде ай боп жанам.
Сансызбайдың ұлымын атым Қанат,
От кеудесі елім деп жалындаған.

Алтынайдай анам бар мейірімді,
Бар жақсысын біздерге ұсынатын.
Ата-анам ардағым байлығым тек,
Мерейімді үстем қып, асыратын.

Жігіттердің сұлтаны байқауы бұл,
Салт-дәстүрді дәріптеп, қанық етер.
Тек сәттілік шаба ма бап па, бақ па?
Көрейікші, паң болмай біздер бекер.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Дамир
Дамир 26.05.2023 10:05
Жігіт сұлтаны байқауына таныстыру

Пікір жазу