Өлеңдер ✍️

  27.01.2022
  12003


Автор: Таныстыру сөздері

Сын сыны, таныстыру

Сәлем бердім иіліп,
Өздеріңе жамағат.
Тойымсыздық менде жоқ,
Көздерімде қанағат.

Келіп қалдым байқауға,
Сыйластықты арқалап.
Сенімділік бар бойда,
Орындайтын бар талап.

Асқарқызы мен болам,
Қиындықтан қашпайтын.
Арайлым қыз, арумын,
Асықпайтын, саспайтын.

Анам аты Салтанат,
Қарапайым ізгі жан.
Ортажүзден болам мен,
Айнымайтын қалпымнан.

Бүгінгі бұл байқауға,
Жеңу үшін келгенмін.
Өнерімді әспеттеп,
Беру үшін келгенмін.
Қатарына үздіктің,
Ену үшін келгенмін.

Тек сәттілік тілеймін,
Ару қыздар, ай қыздар.
Сәтті өтсін бұл байқау,
Өнерліге сай қыздар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Бибыгул
Бибыгул 24.02.2024 21:51
Кушты ары магмалық екен
Назым
Назым 21.02.2024 14:06
Армысыздар аңсаған шыктым менде ортаға
Азима
Азима 14.02.2023 19:43
Таныстыру

Пікір жазу