Өлеңдер ✍️

  26.01.2022
  461


ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Ашып қалсам,шәйнекті,


Аю отыр ішінде.


Аю былай әндетті:


"Бір нәрсе көрдім түсімде"


 


"Жылан ұнатып дәуітті


Құда түсті,сұрама! 


Депті қоян қасқырға,


Менімен күреске шыға ма?


Қасқыр күреске шығады,


Қоян оны жығады.


Дәуіт пен жылан үйленіп,


Дәуіт арыстан туады.


Елік арыстанды қуып жүр,


Керік болса кір жуып жүр.


Тастар айқайлап жүріп жүр,


Ағаштар қарқылдап күліп жүр.


Қоян болса әндетіп,


Шығайын деп жолбарыспен күреске,


Білек-жеңін түріп жүр.


 


 


О,құдайым,аңдар да сөйлей біледі екен деп,


Аю отыр таңданып,


Төсек салып шәйнекке,


Ұйықтауға жатыр қамданып....


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу