26.01.2022
  804


Автор: Жібек Ысқақова

Ешқашанда жұптарың жазылмасын! (әке сөзі)

Ешқашанда жұптарың жазылмасын,
Бірне үндескен арманың орындалсын.
Көздеріңде нұр ойнап тұнып тұрған,
Жаратқаным жақсыны қабылдасын!

Жаңа отаудың іргесі берік болсын,
Бақыт құсы мәңгіге келіп консын.
Жаратқаным жар болсын өздеріңе,
Ырзықтарын таусылмас беріп мол шын.

Бүгінгі той ұласып тойға тағы,
Жолығайық осындай тойда тағы.
Шілдехана бесік той жалғап тойды,
Екі жастың лайым жансын бағы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу