26.01.2022
  832


Автор: Жібек Ысқақова

Ұлым менен келінім, бақытты бол! (әке сөзі)

Ақ түйенің қарыны жарылған күн,
Қуаныштың күйіне шомылған күн.
Ұлым менен келінім қол ұстасып,
Жүрек үні бір жерден табылған күн.

Құтты болсын бүгінгі той баршаға,
Жұғысты боп сіздерге бұл ұлы күн.
Екі жастың талмасын қанаттары,
Биік ұшсын, сөзін тыңдап бір-бірінің.

Ал құдалар төріңіз құтты болсын,
Арласайық сыйласып, шаттық боп шын.
Бұл тойымыз ұласып тойға тағы,
Алда бізді күтетін бақыт болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу