26.01.2022
  479


Автор: Жібек Ысқақова

Үйлену тойға тілек (ана тілегі)

Ақ түйенің қарыны жарылған күн,
Шаттығы мен бөлейтін дүбірлі үн.
Бұйрығымен Алланың қалауымен,
Үй ішінен үй тікті ұлым бүгін.

Құтты болсын жаңа өмірің бастаған,
Аштың міне отауыңның түндігін.
Аппақ құсың бақ әкелсін басыңа,
Сақтап әркез отбасының бірлігін.

Қадамдарың оңды болсын жандарым,
Арайлы да, шуақты атып таңдарың.
Бүгінгі той ұлассын деп тойларға,
Шын жүректен ақ тілекті арнадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу