26.01.2022
  1058


Автор: Жаңа заман ертегілері

Жаралы аң патшасы

ертеги ан туралы


Қаладан алыс, табиғаты ерекше сұлу,  мал жайылуына, егістікке де ыңғайлы бір қыстақ орналасқан.  Осы қыстақтың бір шеті жайқалған өзенмен ұштасып жатыр,  сол өзеннен бұл қыстаққа тұрғындар шаруасын жақсарту мақсатында ірі бір арық жүргізіпті.  Арықта аязды күні мұз қатып,  жаздың күні сарқырап су ағар екен.  Ал сол арықтың арғы жағында қалың ну орманы бар екен.  Тұрғындар жаздың күні  мал шарушылығы, егін шаруашылығымен айналысса,  қыстың күні орманға шығып аң аулауды әдетке айналдырған көрінеді.  Міне,  оысындай қыстың аязды күніндерінің бірінде базар базарлап кележатқан жас мырза,  кенетттен бір топ аттылардың орман жақтан арықты бірін-кетін аттап ауылға қарай олжалы оралып жатқынын көрді. Дегенмен, әшейінде кім көрінгенге олжаларын мақтанып тұрып алатын олар, бұл жолы жан-жақтарына қарамай аттарын қамшылап өз-ара "жылдам,  тезтетіңдер! " десіп, тура бір шошынып қашып бара жатқан кейіп танытты. 
- Осыларға не жетпейді екен,- деді де,  арық жағалап өз үйіне қарай кете берді. Шамалы жүріп қалғаны сол еді, арық бойлап қатар өскен,  жапырақтарынан айырылып, жалаңаш бұталарын қар басқан тұт ағаштарының бірінің түбінен ырылдаған дауыс естілді.  Жақыннан естілген дауыстан үрейленген ол,  алғашында қаша жөнелмек болды.  Өйткені бұл дауыс ауылдың төбеттерінің дауыстарына ұқсамады. Алғашқы ойы алдамады, бұл арыстаның даусы екен. Кейін құлағына қайта шалынғанда дауыстың ақырып емес,  ыңырсып шығып жатқанына мән берген ол,  қашпақ болған ойдан арылып,  бір сәтке кідіріп,  дұрыстап тыңдап еді,  еріксіз сол жаққа қарай жүре берді. Жақын келіп қарағанда аң патшасының артқы аяқтары су бетінде сынып, ретсіз, бірінің үстіне бірі түсіп жатқан мұзадарға қысылып, мұз астындағы суға батып,  алдыңғы аяқтарының бірі қардан бір елі көтеріліп тұрған, ұшқыр  тұт ағашының  бір бұтасына кіріп, қан сорғалап, әзер жатқан арыстанға көзі түсті. 


ертегі әлемі, заманауи ертегі, қазіргі заман ертегілері, қазақша ертегі, аң, патша, арыстан


тша, арыстан


 


 


 


ертегі әлемі, заманауи ертегі, қазіргі заман ертегілері, қазақша ертегі,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу