26.01.2022
  687


Автор: Жаңа заман ертегілері

* * *

Ерте ескі заманда бір жан болыпты, оның ешкімі жоқ екен. Тірі туысы тұрмақ, ол тіпті ештеңесі жоқ жарлы еміс, дегенмен, мал дегенде жалғыз байталы бар екен. Ол күнде қақпан құрып, қақпанына түскен бір суырдан асқан олжасы да болмастан, сол бір суырды қорек қылып жатып қалады екен. Күндердің күндінде қақпанын қарайын деп келсе, бір түлкі түсіп қалыпты. Бұрын мұндай жақсы аңды көрмеген байғұс түлкіні көріп, аш адамша бассалады, сонда түлкі сөйлейді: «Ей, бишара, қойып жібер, сені мен мұратыңа жеткізейін», — деді. Түлкінің ауызынан уәдесін алып, серттесіп түлкіні жөніне қоя беріпті.
Сол кезде ел басқарған Қайсар деген патшаға әлгі түлкі келіп, айтады: « Мені хан Елібай жіберді, сенің қызыңды сол кісі өз ұлына айттырып жатыр, маған жауабынды бер жеткізейін», — деді. Қайсар хан келісімін беріп, бір жетіде құда түсуге келісіп, ханның қолынан уағда қағазын алды да, түлкі кете береді. Түлкі бір жеті өткен соң бұрын соңды ат мініп көрмеген жарлыны байталға мінгізіп үйретеді де, қасына ертіп Ханға қарай жол тартады. Хан мен ауылдың арасында жайқалып аққан өзеннің өткелінен өтеберісте, жарлының үстіндегі бар киімін суға тастап, жарлыны суға абден айбаттанғанша шомылдырып, өзі ханға қарай беттеді. Түлкінің сонда Ханға айтқаны: «Күйеуіңіздің айдап келе жатқан малы суға кетті, үстіндегі киіміне шейін, күйеуіңіз мықтылығынан бір байталдың құйрығынан ұстап сүйреп шықты. Сізге хабар бере келдім», — деді. Түлкінің әр сөзіне шубәсіз сенген хан неше түрлі таза киім алдырып бір ат беріп жіберді. Түлкі сол киімдерді жарлыға кигізіп, атына мінгізіп ханның ауылына келгенде, оған бөлек бір ақ үйді тігіп, сол үйде тумысында көрмеген неше түрлі тамақпен сыйлап күтеді.
Сол күндерде ауылға ханның жылқысын жау алып кетті деген хабармен ханның жылқышысы жетеді. Күйеуін сынауға сәт туындап, хан бұйрық қылады: «Менің күйеуім, мынау арғымағыма мінсін, осы жаудан барып өшімді алсын», — деп. Түлкі : «Жарайды, күйеуіңіз жаудан жылқыңызды алып берер», — дейді
Содан әлгі түлкі бір қазанға желімді толтырып ерітті де, арғымаққа тоқымды, тоқымға ерді, жарлыны ерге желімдеп, арқанмен омырауынан шандып аттың басын қоя берді. 


Жарлы байғүс жылқыны алып кеткен жаудың артынан ойбай салып жылап кетіп бара жатыр, ат қатты шауып келе жатқанда алдынан бір бәйтерек кез келді, осыдан ұстап, түсіп қалайын деген маұсатпен бәйтеректі құшақтай алғанда, бәйтерек түбімен суырылып, алдына көлденең түседі, оны алып тастауға шамасы келмей, алдына өңгеріп алып шаба береді. Жылқыны қуып бара жатқан жаулар артына қарап мұны көреді де «Бәйтеректі суырып алып келе жатқан жан бізді бәйтерекпен салып жіберіп өлтірмей ме?» — деп, жылқыны тастап алды-алдына қашып кетеді. Бұл жылқыны ауылға қарай қайтарып әкеледі.
Түлкі алдынан шығып ағашымен ауылға алып келді. Ханның үйінің алдына әкеп түсіріп ханға хабар берді: «Балаңыз жылқыны жаудан айырыпты, қаруы жоқ болған соң бір бәйтеректі түбімен жұлып алып, жауды бәйтерекпен ұрып қырып, жылқыны алып қайтыпты. Күйеуіңіздің қолына алған аспабы мынау», — деп бәйтеректі көрсетті. Хан бәйтеректі көріп: «Күйеуім мықты екен», — деп қатты риза болғаны сонша «Мал алмай қызымды тегін беремін», — деп, бірнеше күн той тойлатып, қызын берді. Қырық қызыл нар артқызып, алтын-күміс беріп, қызын жөнелтті. Жолда келе жатқанда жігіт түлкіден сұрады: «Баяғы аяғым шығып жататын үйге барамыз ба?» Түлкі: «Үндеме!» — деп жауап беріп, бір күндік жолдан озып кетті. «Мен сіздерге үй даярлаймын», — деді.
Бір жалмауыз кемпір бар еді, оған түлкі келіп айтты: «Сені өлтіреміз деп, бес дәу келе жатыр, сен жасырынып тығыл». Кемпір түлкінің алдағанына еріп жасырынды. Түлкі үйдің аузына бір түйе томар үйіп, жалмауыз кемпірді өртеп жібереді. Кемпірдің үйі бай еді, күміс те көп еді, неше түрлі сарай үйлері де бар еді. Үйді тазалап ішіне неше түрлі кілемді жайып, малай жалдап, жолдарына үлде мен бүлдені төсетіп, алдынан шығады. Керемет қошемет қылып түсіріп, той қылыпты. Осылайшы түлкі өз айлаларының арқасында аман қалды, ал жарлы жігіт өз мұратына жетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу