Өлеңдер ✍️

  25.01.2022
  267


Ана

Шырылдатып өмірге әкеледі сәбиін,


Сәбиі үшін ешқашан аймаяды өмірін.


Ұлым-қызым өссін,өнсін деп жүріп,


Ана шіркін,олда ұмытар өз үйін.


 


Тоғыз айдың тоғыз күні қиналған,


Білесіңбе жан анаңның қадірін?


Жүрегінің жылуы шексіздіктен құралған,


Құдай саған анаңды құрметтеуге сыйлаған.


 


Ана деген-тұла бойы имандылық қасиет,


Ана деген-қалдырар ол бар жақсылық,өсиет.


Ана деген-теңдесі жоқ құдірет,


Ана деген-кеудемдегі ол жүрек.


 


Байқайсыңба?


Анаң сенің-өкпе,реніш білмейтін жан.


Анаң сенің-әр баласын әрқалай бөлмейтін жан.


Қиналғанда жаныңнан табылатын,


Анаң сенің-нұрын шашқан күндей жан.


 


Өмірдегі үлкен сый-жан анаңның болғаны,


Тірі жүріп жаныңда,қорғаныш боп қалғаны.


Анасыз жылап жүрген қанша жанның,


‘Балапаным’деген сөз есту,олда үлкен арманы.


 


Анасыз бұл өмірде біз кімбіз?


Суы тартылған,біз көлміз.


Тірегі жоқ,біз гүлміз.


Суық күнде жылуын таба алмаған,


Нұр көрмейтін,біз күнбіз.


 


Диана Журумбай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу