24.01.2022
  3284


Автор: ҚАЗАҚ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

Қазіргі отбасы тәрбиесін ұйымдастыру әдістемесі

Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау - отбасы міндеті. Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие - балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс. Әрбір әке мен кез келген ана өз перзентіне болашақта қай сапа-қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиенің саналылық сипаты мен тәрбиелік міндеттерді парасатты шешу жолдары осымен айқындалады. Отбасы тәрбиесіндегі осындай аса маңызды бағыттар арқылы толыққанды тұлға тәрбиелеу мақсаты тұрады.


Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесі гуманистік педагогика принциптеріне негізделеді. Ол принциптердің бастылары:


 


Гуманистік педагогика принциптері






























принциптер



сипаты



креативтік (еркіндік)



бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы



гуманизм



тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындап,


ең жоғары құндылық ретінде бағалау



демократизм



ересектер     мен     балалар     арасыңдағы                     рухани қатынастар теңдігін қалыптастыру;



азаматтық



қоғам    мен    мемлекеттік   жүйеде   тұлғаның    өз


«Менін» танып, қастерлей білуі



ретроспективтік



халықтық      педагогика      дәстүрлері                       негізінде жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу.



 


Отбасылық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады. Қазақтың ұлттық педагогикасының сарқылмас мол қазынасындағы тәрбиенің басты түрлеріне тоқталып көрейік.


 


Тәрбиенің басты түрлері


































Тәрбие түрлері



Мазмұны



әдеп тәрбиесі



Әдеп-белгілі бір халықтың әдет-ғұрпында тұрақталып, қалыптасқан этникалық тәртіп. Отбасындағы әдеп тәлім-тәрбиесінің басты түрлеріне мыналар жатады:


-әке мен ананың жеке тәрбиесі, үлгі-өнегесі;


-ата мен әженің, отбасы мүшелерінің, көрші мен туыстың тәлім- тәрбиесі;


-халық даналығын, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-ертегілерді, батырлық, ғашықтық жырларды пайдалану;


- ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер.



салауатты    өмір салтына


тәрбиелеу



дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық


жаттығуларды,      дене      шынықтыруларын      т.б. қамтиды.



сана-сезім тәрбиесі



ата-аналардың өз балаларын білімдермен байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап отыру ұмтылыстарын баулуға негізделеді. Танымдық қызығу, қабілет, бейімділіктер мен нышандарды дамытып отыру бала тәрбиесіндегі ата-аналардың


аса өзекті шаруасы.



адамгершілік- имандылық тәрбиесі



Бұл орайда алғы шепке тартылатын мәселе мәңгілік өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары - сүйіспеншілік, құрмет пен сыйластық, әділдік пен ар-намыс, қадір-қасиет пен борыш сезімдерін тәрбиелеу. Адамгершілік сапа, қасиеттердің басқа да түрлері: парасатты


қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік пен ұстамдылық та осы отбасында беріледі.



эстетикалық тәрбие



Отбасындағы балалардың таланты мен дарынын


дамытуға бағытталып, өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағлым беруге арналады.



еңбек тәрбиесі



Отбасындағы балалардың болашақтағы адал өмірінің негізін қалайды. Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есіл- дерті «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүріп, шалқып өмір сүру. Ал мұндай еңбексіз «күнде той» өмірдің жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын дәлелдеп отыр.



 










дене тәрбиесі



Балалардың тән-дене   және   рухани   сапаларын


қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс.



 


Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде балалардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескермейінше табысқа жетуді ойластыруға болмайды. Физиологтар, психологтар мен педагогтар балалардың дамуын мынадай кезеңдерге бөліп қарастырады, нәрестелік шақ- 1 жасқа дейін, балдырғандық шақ – 1 жастан -3 жасқа дейін, мектепке дейінгі жас -3 жастан- 7 жасқа дейін, бастауыш мектеп жасы


-І және III сыныптар, ортаңғы сынып жасы (жасөспірім) –IV-VII сыныптар, жоғары сынып жасы (ересек жасөспірім) –VIII-XІ сыныптар.


Әр шақтық кезеңнің жеке адамды қалыптастырудағы мәні қандай? деген заңды сұрақ туады. Бұл күрделі сұрақ. Бұған психология ғылымының маңызды саласы – педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы жауап береді. Соның ішінде мектепке дейінгі балалық шақтың бала дамуындағы мәні өте зор. Себебі, бұл кезең баланың мінез- құлқының қалыптасуының негізгі сатыларының бірі болып табылады. Сондай-ақ, адамның дамуында өмірінің алғашқы жылдары айрықша із қалдыратынын атап көрсете отырып, кеңес педагогтары, психологтары мен физиологтары өз зерттеулерінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың өзара бірлесе әрекет етуін көздейтін тәрбиенің ғылыми негіздерін жасауға жәрдемдесетін бұл қағидаларды дамытып, байыта түсті.


Қазіргі уақытта психологтар мен педагогтар баланың жеке басындағы қасиеттерінің негізі оның алғашқы жылында-ақ қаланады деген пікірге келіседі. Жаңа туған нәрестеде көптеген қабілеттердің нышаны ғана болады. Бала өмірінің алғашқы жылдарында сол нышандарды дамытуға қолайлы жағдайлар болмаса немесе ол үшін әрекет істелмесе, кейін оларды жүзеге асыру өте қиынға түседі. Нәресте өмірінің алғашқы жарты жылында оған көңіл бөліп, сүйіспеншілік көрсетпеу баланың даму қарқынын бәсеңдетеді, эмоциялық сезімін кемітеді, әр нәрсеге әуесқойлығы мен қызығушылығын тежейді, бұл оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен сана-сезіміне әсер етеді.


Осының бәрі ата-аналарға баланы педагогиканы, психологияны, физиология мен гигиенаны білу негізінде саналы түрде тәрбиелеу жөнінде зор және жауапты міндеттер жүктейді. Бұл жерде тәрбие жұмысының мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін терең білу қажет.


 


Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар: әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл- парасатына икемделуінен даралықты келеді; тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт- бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.


Тәрбие мазмұны мен түрлері, әдіс-тәсілдері белгілі бір жас ерекшеліктеріне, талап-тілегі мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуы керек. Баланы белгілі бір жас кезеңіндегі дамудың жоғары деңгейіне сай және оны дамудың әлдеқайда жоғары сатысы келесі жас шағы кезеңіне табысты көшуді даярлайтын біліммен қаруландыру, оны іс-әрекет түрлеріне араластыру, оның бойында осыған лайық сапа, қасиеттер қалыптастыру қажет.


Қазіргі кездегі ата-аналардың бәрі өз балаларының жан-жақты дамып, рухани дүниесі бай, адамгершілік жағынан адал, денесі үйлесімді жетілген азамат болып өсуін қалайтыны даусыз. Бірақ мұндай тілекті жүзеге асыру оңай іс емес.


Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тәрбиелеу жолында орасан көп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізіңде аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасыдағы балаларды тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары ретінде белгілі жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен, олардың бәрі ғылыми заңдылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз дәрежесі бойынша алғашқы тұрмыстық деректі пайымдар мен қарапайым көзқарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні - ата- аналарға кеңес, отбасылық тәрбие ережелері.


Ата-аналар өз тәрбиелік әрекеттерін осы ережелер тұрғысынан салыстыра бағалап отырады, сонымен бірге ережелер педагогтар үшін, әсіресе егде ата-аналарға өнімді де негізді кеңестер беріп отыруға қажетті.


Отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы сан қырлы. Мұндай қарым-қатынас балалардың өсіп жетілуіне, (әсіресе олардың сәби шағында) күшті әсер етеді. Мұнда отбасы мүшелерінің өзара қамқорлығы, шын жүректен түсінушілігі мен туыстық жақындығы сияқты отбасы ішіндегі қатынастар ерекше ықпал етеді.


Балалардың ата-анасына және ересектерге жақындығы олар үшін мынаны білдіреді: үлкендер жүрегінің бар қазынасын балаларға қалтқысыз сыйлайды, ол үшін балалардан еш нәрсе талап етпейді, ал бала осынау жақсының бәрін бойына сіңіріп, үлкендерді өзінің кіршіксіз


 


пәктігімен қуантады, әрі нәзік жан дүниесінің сырын ашады. Міне, сондықтан балалар үй ішіндегі татулыққа, ата-анасының өнегелі ықпалына, отбасыда өздерін түсіне білу жағдайларына мұқтаж болады.


Баланың азамат болып қалыптасуына отбасындағы өзара игі қатынас күшті әсер етеді. Отбасындағы дәстүрлер бұл қатынастарды нығайтып, олардың балаларға ықпалын күшейтеді.


Отбасылық дәстүрлер. Мұндай дәстүрлер отбасының психология- лық ахуалының ажырамас бөлігі бола отырып, балаларға күшті әсер етеді. Олардың жас ұрпаққа ықпал етуінің мәні неде? Қазіргі отбасыға қандай дәстүрлер тән?


Дәстүрлер, әдетте, заң актілерімен емес, қоғамдық пікірдің күшімен сақталады. Олардың көбі жетіле келе, қоғамның ережелеріне, нормаларына, еш жерде жазылмаған ерекше заңдарына айналады.


Дәстүрлердің кейбіреулері өзінің шыңына жетпестен, біртіндеп маңызынан айрылып, тіпті біздің ілгері жылжуымызға кедергі жасайтынына қарамастан, сөз жоқ, қоғамдық прогресстің тездетушісі болып табылады. Сондықтан ескірген, өмірі өткен дәстүрлермен күрес жүргізіп, оларды жаңартып отыру қажеттігі туады. Бұл - табиғи процесс. Ол дәстурлердің зор тәрбиелік күшіне нұқсан келтірмейді.


Көптеген жақсы отбасыларда белгілі бір өзіндік ережелері мен әдеттері бар парасатты тұрмыс салты орныққан. Олар үйреншікті, қарапайым және айрықша күш салмай-ақ өз-өзінен атқарылып жатады. Жоғарыда айтылған отбасы кеңестері тәрбие тұрғысынан тіпті өте жақсы, жекелеген өсиет айтатын әңгімелерден әлдеқайда құнды болады.


Әрбір отбасының өзіндік дәстүрі болуы табиғи нәрсе. Отбасындағы қалыптасқан игі дәстүрлердің бірқатарына тоқталайық.


 



  1. Отбасылық кеңес. Мұнда отбасы мүшелері аптасына бір күнді белгілеп, келелі мәселелерді талқылап, шешім қабылдайды.


 



  1. Отбасындағы тағы бір кұптарлық дәстүр - табиғатпен достасу. Бұл дәстүрдің мақсаты өсімдіктер мен жануарларды ерекше құрметтеуге, туған өлке табиғатын сүюге баулу. Отбасы болып туған өлкеге жорық ұйымдастырудың мәні ерекше. Мысалы, кейбір отбасылар қара күз келісімен алғашқы қарды асыға күтеді немесе наурыз мерекесін ерекше қарсы алады (аула тазалап, ағаштар егіп т.б.)


 



  1. Кітаппен достасу бұл дәстүр төңірегінде сөз еткенде, Б.Момышұл ының Ұшқан ұя» повесін мысалға алуға болады. Осы кітапты оқу, талдау барысында бала Бауыржанның психологиясын, отбасындағы тәрбие алу рәсімдерімен жақын танысуға мүмкіндік бар.


 


Енді сондай кітаптарға байланысты жайлардың тәрбиелік маңызы қандай екенін қарастырып көрейік. Біріншіден, бала дүниетанымын қалыптастыруда аса маңызды тәрбиелік екі фактор - кітап пен жақын адамның жеке өнегесі әсер етеді. Екіншіден, осы факторлардың өзара әрекеттесуінен балаларда тың, едәуір қуатты әсер пайда болады. Үшіншіден, мұның бәрі табиғи жағдайда өтетіндіктен, балалардың өздері бір-біріне ықпал ете бастайтындықтан да бұл әсері күшейе түседі. Мұндай жағдай балалардың кітапқа деген құмарлығын арттырып, әуесқойлығын туғызады, ол кітап бетінен кездесетін моральдық нормалар жақын адамдардың өмірінен-ақ байқалып, әдетте, өскелең ұрпақтың адамгершілік тұрғыдан қалыптасуының негізі болады.


 



  1. Отбасындағы тәртіп, күн тәртібі. Мұнда отбасының тәртібі, оның әрбір мүшесінің жүріс-тұрысы, мінез-құлық, іс-әрекет, және сөйлеу мәдениетін қамтиды.


 



  1. Мәдени орындарға бару /театр, кино, концерт кештері, цирк т.б.


 



  1. Отбасындағы елеулі оқиғаларды мерекелік жағдайда атап өту көптеген отбасыларда дәстүрге айналған. Мұндай оқиғаларға дайындалуға ересектермен бірге, балалардың да қатысуының зор маңызы бар. Онда жоспар жасалады, тапсырмалар бөлінеді, қонақтарды күтіп алу салты талқыланып, оларға көрсетілетін қызықтар, ойын- сауықтар ойластырылады. Отбасы өміріне қуаныш кіреді. Отбасы мүшелерінің бірлескен әрекеті оларды топтастырады, балалар көптеген тағлым аларлық өнеге үйренеді, іскерлікке ие болып, мәдени мінез- құлық ережелерін меңгереді.


Отбасылық мерекелердің педагогикалық мәні ардақты адамдармен жүздесуде, олармен өткізілетін қызықты әңгімелерде, бүкіл осындай жағдайдың салтанатты түрде өтетіндігінде болып табылады.


Жақсы дәстүр отбасын біріктіреді, бұған дейін отбасының үлкен мүшелерінен көрінген саналылық пен жақсылықтың дәнін сақтай білуге, оларды өскелең ұрпаққа өнеге етуге мүмкіндік береді. Дәстүрдің тәрбиелік күшінің мәні, онда жинақталған тәжірибені ескелең ұрпақтардың неғұрлым табиғи түрде қабылдайтындығында. Шындығында, біз жақсы дәстүрлер аз кездеспейтін отбасыда ата- аналарда болатын кейбір қателіктердің балаға қарсы әсер етуіне көп мүмкіндік туатынын аңғарамыз. Ешбір нәрсе ұжымдық дәстүрдей жұптастыра алмайды деген сөз –бұл отбасы ұжымына да қатысты.


Өсіп келе жатқан адамның жеке басының қалыптасуына отбасындағы өмір күшті әсер етеді. Егер ата-аналардың отбасы тіршілігі турасында дұрыс түсінігі болмаса, егер олар отбасы өмірінің дұрыс


 


мақсатты жағын педагогикалық тұрғыдан жағдайластырмаса, онда бұл баланың жеке санасының қалыптасуына ғана емес, түгелдей жеке басының тәрбиесіне зиянын тигізеді. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесіне кері әсер етуші факторларды келесі кестеден көруге болады.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


Қазіргі заман отбасы тәрбиесіне кері әсер етуші


факторлар


 


Теледидар алдында отыратын, біртекті ойлайтын, ішкі жан дүниесі тым ұқсас, нәрсіз, жадау ұрпақтардың көбейіп бара жатқаны


 


 


 


 


 


 


 


 


Ата-аналар қателерін шартты түрде мынадай екі топқа бөлуге болады;


-отбасындағы өмір жағдайының ретсіздігіне байланысты ата-аналар өздерінің әр қилы іс-әрекеттері арқылы балаларға өнеге көрсете алмауы;


-баланың әрбір ісі мен қылығына сәйкес ата-аналардың оларға нақтылы шаралар қолдана алмауы;


Ата-аналардың отбасы тәрбиесінде жиі кездесіп отыратын қателіктердің ішіндегі елеулісі және үнемі кездесіп отыратыны келесідей болып келеді:


-баланың бес жасқа толғанға дейінгі өмірінде (мектепке дейінгі кезең) оған тұрақты көңіл аударылмауы;


-баланы беталды естен тана жақсы көруі;


-үйдегі барлық ересек отбасы мүшелері назары жалғыз балада болуы;


-ата-аналар өздерінің балалық шағында бастарынан ауыр тұрмыс халін кешірген, сондықтан да олар баласының жеңіл-желпі тіршілік етуі тиіс деп есептеуі;


 


-отбасындағы тәрбиенің мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілдері жетілмеген;


-бала отбасындағы жақсы материалдық жағдайға мастануы;


-ата-аналардың басты назарларын отбасыны материалдық қажеттілік-термен қамтамасыз етуге аударып, баланы тәрбиелеуді екінші кезектегі іс деп санауы;


-бала тәрбиесіндегі қайшылықтар: шектен тыс босаңсыту, өз бетімен жіберу немесе қорқыту, аса қатаңдық, орынсыз жазалау.


-шектен тыс қатаңдық (ата-ананың дөрекі билігі, ұрып-соғып жазалауды қолдануы, өктемдік қалдықтары және т. б.). Ата-аналардың өз балаларының мектеп пен мұғалімдерге наразылығын қолдауы;


Өкінішке орай, отбасында мұндай қателіктердің етек алуы балалардың оқудағы жетістігіне ғана емес, сондай-ақ басқа да сапаларына, соның ішінде, оқушылардың қоғамдық белсенділігіне де қарсы ықпал етеді. Ал отбасыдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері, формалары мен әдістері жөнінде айқын түсінігі бар ата-аналардың балаларының қоғамдық белсенділігі әлдеқайда жедел дамиды. Талданған қателер қоғамдық белсенділігі нашар дамыған оқушылардың отбасысында жиі кездеседі.


Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары баланың кез келген сұранысын сол мезетте қанағаттандыруы, аламын деген нәрсесінің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін арам тамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді. Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінігі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.


Ондай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әр түрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдайда, әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.


Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.


Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады:



  1. Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және


 


сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.



  1. Екінші топ – өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.

  2. Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.


Бұл жерде осы аталған қателіктердің ішінде екеуіне баса назар аударып көрейік. Отбасы тәрбиесіндегі елеулі кемшілік - ата-аналардың тәрбие істерінің мақсат-мүддесін, оның түрлері мен әдіс-тәсілдерін жете түсінбеуі балаға қарсы ықпал етеді.


Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар:


-ата-аналармен жұмыс;


-сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы;


-сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.


Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті ада мдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді. Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.


Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда.


Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін    толық     қанағаттандыру,     балалардың     еңбек,     спорт лагерьлерінің,   ғылыми    техникалық          және          көркем                        шығармашылық үйірмелерінің    жұмысын  кеңейту; ананы,                    балалық       шақты            қорғауға ерекше  көңіл       бөлу, отбасы                          мүшелерінің                  демалуы               үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасындағы                          басты    мәселелердің   бірі   баланың   тіршілік   әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын, ұйымдастыру.


Педагогикалық ұжымның міндеттері:



  • ата-аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру;

  • ата-аналарды педагогикалық білім-білікпен қаруландыру;

  • ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру;


ҚР      Гуманитарлық      академиясының      академигі,      педагогика ғылымдарының   докторы   Қалыбекова   Асма   Ахметқызы   былай   деп


 


жазған: «Бізде ұзақ уақыт бойы баланың тәрбиешісі-мектеп, ал отбасы оның көмекшісі, одақтасы деп келдік. Алайда, өмір тәжірибесінің көрсетуінше, тұлғаның ең басты тәрбиешісі отбасының өзі екен. Бұдан шығатын маңызды қорытынды: ата-аналар мектеп педагогтерінен кем емес деңгейде педагогикалық білім-біліктермен қарулануы тиіс» Шынымен қай маман болмасын өнімнің сапалы болып шығуы үшін өз білімдерін толықтырып отырады. Ал ата-ана педагогикалық білімді қайдан және қалай алмақшы? Осы орайда ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасын дұрыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды.


Ата-анамен        жүргізілетін        жұмысты         ұйымдастырудың формалары



  1. Ата-аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру



  • Сынып кеңесі, сыныптағы ата-аналар комитеті;

  • Мектеп кеңесі;

  • Қиын балалар мен жағдайы төмен отбасына шефтік көмек көрсету;

  • Қоғамдық бақылау комитеті (қоғамдық ұйыммен өзара әрекет ету).


2.  Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту



  • Ата-ана жиналысы;

  • Біріккен шығармашылық істер;

  • Отбасылық байқаулар;

  • Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу;

  • Жалпы мектептік   дәстүрлі   іс-шараларды   ұйымдастыруға   ата- аналарды қатыстыру.


3.  Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімін көтеру



  • Сыныптың ағарту жұмыстарын өткізу;

  • Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-анаға  мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

  • Педагогикалық білім университеті;

  • Педагогикалық, психологиялық,     медициналық,     заң     туралы кеңестер беру;

  • Тренингтер.


Отбасы мен мектептің өзара әрекетін қалай ұйымдастырамыз?


Отбасын зерттеу.


Мақсат: отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтау. Топтастыру.


Мақсат: отбасының тәрбиедегі бағыт-бағдарын тану. Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерді талдау.


Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек:


 


-Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет


-Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі


-Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері


Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс. Олар:


-ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс;


-зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы қажет;


-зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;


-психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы керек;


Отбасын зерттеу педагогке не береді?


Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының тәрбиелік мүмкіндігі- мен оның күш-қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу-сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.


Ата-анамен жұмыста дифференциалды ықпал ету. Жанұя 5 типке бөлінеді




















Балалары үлгілі жанұя



Бала тәрбиесіне ұстаз көмегін қажет ететін жанұя



Ынтымақсыз жанұя



Жағымсыз қасиеттері басым


жанұя



Қоғамдық орындардың араласуын үнемі қажет ететін жанұя



Жанұядағы


адамгершілік құндылық жоғары


деңгейде


қалыптасқан. Бақытты, дені сау жанұя.


Балаларға мүмкіндік


жасалған. Кей уақытта


жекелеме


кеңестер қажет бола тұра,



Жанұядағы ата- аналардың


қарым-қатынасы жақсы бола тұра, бала


тәрбиесінде


бағыт жоқ. бала тек ата-ананың


«ерекше»


қамқорлығын сезінеді.


«Өзімшіл» болып өсіп келеді.


Сондықтан



Мұндай


жағдайда ата- аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса


алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз


қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге



Сырттай қарағанды


қолайлы жанұя қатарында болмағанымен


рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар


ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз


қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын



Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс,


жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай


жанұяларға тұрақты


педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың



 













ұстаздардың


араласуы қажет емес



ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі.



белсенді


педагогикалық ықпал қажет.



жүргізу ерекше қиындық туғызады.



араласуы үнемі қажет және талап етіледі.



 


Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу:


-Төрт одақ жұмысын жандандыру; (отбасы, бала, мұғалім, қоғам)


Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде ата-аналар жиналысы-ның маңызы ерекше.


Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс-шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.


Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі:


Бірінші ереже


-Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.


Екінші ереже


-Ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.


Үшінші ереже


-Ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.


Төртінші ереже


Жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек.


Бесінші ереже


-Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс.


Ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасынан күтілетін нәтиже:


-Отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат құрылады.


-Мектеп өміріне қатысуға ата-ана өз қажеттігін сезінетіндей жағдай жасалады.


-Ата-аналар тақырыптық кеңестер алуына мүмкіндіктер туады.


-Шығармашылық кештер бағдарламасы жүзеге асады.


-Қызығушылықтарына орай отбасылық клубтар құрылады.


Әр түрлі типтегі жанұя мен мектеп арасындағы кері байланыстар ұй ымдастырылады.


Ата-анамен бірлескен іс-әрекет арқасында тәрбиеленген тұлға диагностикасы шығады:


-Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген;


-Алған тәрбие мен білімін өз өміріне пайдалана алатын;


Отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар; Ата-ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиелеу.


 
















Лекторийлер



 















Байқаулар



 















Байқаулар



 















«Қызғалдақ ансамблі»



 















Жоғары оқу орындары



 















«Сұлулық салоны»



 

Мектепте отбасы тәрбиесін ұйымдастыру өте күрделі мәселелер қатарында тұрады. Отбасымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының негізі ретінде «Ана мектебі», «Ене мектебі», «Әке мектебі» айтуға болады. Оның мысалдары келесі кестелерде көрсетілген.























    
   
  
 

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 












 
  

 


 


 


 












 
  

 


 


 























    
   
  
 

                                                                  


 


 




















    
    
 

 


 


 


 


 


 


 
















Байқаулар



 















Музыка және өнер мектебі



 















Спорт мектебі



 















Медициналық мекемелер



 















Құқық қорғау мекемелері



 















Оңтүстік әскери округ



 

Отбасы тәрбиесіне байланысты жүргізілетін жұмыстар мазмұны бойынша бірнеше тәрбие сағаттары үлгілерін мысал ретінде ұсынылады.


Отбасында әдеп тәрбиесі бойынша жүргізілетін тәрбие сағатының үлгілері:


Тақырыбы: Отбасы- тәрбиенің басты ұясы. (ата-ана - ұстаз - оқушы үштігінің басқосуы) Барысы:



  1. Кіріспе

  2. «Ана» өлең жолдары

  3. «Даналық әліппесі» – мақал-мәтел

  4. «Ұрпаққа мұра»– ырым-тыйым сөздер

  5. Ситуациялық сұрақтар ( жағдаяат)

  6. «Халық даналығының қазынасы» - нақыл сөздер құрастыру

  7. Қорытынды

  8. Сауалнама ( ата-аналар үшін)


Кіріспе


Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар!


Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім



  • адамзаттың қас жауы демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болыпбірге атсалысайық, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата- ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тірбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызды Мұзафар Әлімбаевтың «Ана үміті» өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.


 


Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, Қайтсем де баламды адам етем деген ата-ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды. Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс- әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады.


Тәрбиеші: Бұл көрініске қарап елжірейтін адам, жылымайтын жүрек жоқ шығар.



  1. Ата –аналар сіздер не айтасыздар?

  2. Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?

  3. Қатігездік қайдан шығады? Ата-аналар өз ойларын ортаға салады.


Тәрбиеші: Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, өзімшіл қайырымсыз болып өспесін десеніз, бала тәрбиесінде мынадай қателік жібермеңіз.



  1. Қателік – Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін.

  2. Қателік – Не істесең оны істе маған бәрібір.

  3. Баланы тым көп еркелету.


Тәрбиеші: Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осындай қателіктерге жол бермесеңіздер ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз. «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең»-деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы, ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүре білетіні белгілі.


Жүргізуші:


Құрметтеп ата-баба салт-дәстүрін, Текті білу ұрпаққа, біздерге сын, Тыңдайық кезекпенен оқушыны,


Құлшынып ортамызға келген бүгін.


Бір оқушы Ы.Алтынсарин «Ананың сүюі» өлеңін оқиды.



  1. Жүргізуші: Бала     тәрбиесі     –     бесіктен          дейді қазақ. Оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек. Оқушылар ырым-тыйым айтады.


Тәрбиеші: Келесі бөлімде ата-ана мен оқушы арасындағы қарым қатынасқа арналған жағдаят сұрақтар қойылады. Ортаға екі оқушыны шығарамыз. Ата-аналардың қатысуымен өтетін ойын «Жазалау» деп аталады.


Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғаліммен дауыс еөтеріп айқайласты. Мектепте темекі шегіпті, оны мұғалімнен естідіңіз.


Тәрбиеші: Ата-аналар, енді сіздер осы оқушыларды жазалауларыңыз керек. Алдарыңыздағы балаларды қалай жазалайсыздар? Кезек өздеріңізде ата-аналар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып балаларын жазалайды. Әркім өз ойларын салады да, барлығы бір шешім қабылдайды.


2. Жүргізуші:


 


Өлең, мақал,жаңылпаш, ән мен жыр. Мұның бәрі – жанды сөз, ішінде сыр, Елдің сәні сақталар, жақсы сөзбен,


Қандай жұрт болсын толасыз осыған бір.


Келесі кезекті Даналық әліппесі мақал-мәтелге береміз.



  1. Жүргізуші: Бала тәрбиесі бесіктен дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше бідің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым –тыйым сөздеріне құлақ түрсек.


2. Жүргізуші:


Тәрбиеге күш жігерін салып көп,


Сыйластыққа ата-дәстүр қалып деп, Сол ата-ана ұялатар санаға


Қастерлеуді ұлттық салтты дәріптеп,- дей отырып, келесі кезекті Халық даналығы. Нақыл сөздер құрастыру кезегіне береміз.


 


 














































Бала тәрбиесі



Арлы бала



Адам



Тіл



Тәрбие басы



Өзгеден сый дәметпе



Әдеп баласы



Алғыс орады



Өзіңді өзің сыйламасаң



Тағалы атпен тең



Жақсылық еккен



Кіші сені сыйлайды



Үлкенді сен сыйласаң



Тәртіппен өскен тал артық



Тәрбиелі адам



Тал бесік



Әдепсіз өскен адамнан



Әдебі көрікті



Әдепті бала



бесіктен



 


Жүргізуші:


Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй.


Көңілге түрлі ой салар,


Әнді    сүйсең    менше    сүй,-    деп    Абай    атамыз    жырлағандай, Ш.Қалдаяқовтың Анашым-әкешім әні.


Қорытынды. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін сіздермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.. Ел басымыз


 


Н.Назарбаев   айтпақшы   еліміздің   болашағы,   бүгінгі   азамат   болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.


Енді соңғы кезекте ата-аналарға «Сауалнама» таратылады. Уақыт-5 минут. Қажетті жауаптың астын сызыңыздар.


 


Сауалнама.



  1. Балаңыз сабақта 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан екілік баға алып қалды. Екілік баға алған күнделік бетін жыртып тастаған. Сіз не істейсіз?


а)Ұрысып, жылатасыз



  1. Көрмеген боп қаласыз



  • Қайта жаңа күнделік алып бересіз



  1. Неге екілік алғанын сұрап, түсіндіресіз.


 



  1. Бүгін ата-аналар жиналысы. Сіз бара алмай қалдыңыз. Балаңыз үйге келгенсоң ренжиді Сіз қалай жауап бересіз?

  2. Бара алмаймын.

  3. Қолым тимеді.

  4. Сол жиналыста не айтылды?

  5. Ертең мұғаліміңе барып жолығамын.

  6. Сіз балаңызға ұялы телефон алып бересіз бе?

  7. Әрине, алып беремін;

  8. Балама сабақта керек

  9. Қатардан қалмасын деп алып беремін

  10. Мектеп бітірген соң алып беремін


 



  1. Үйдегі бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөлуі керек?

  2. Анасы, ағасы;

  3. Әкесі, әпкесі;

  4. Тек анасы;

  5. Анасы мен әкесі.


 



  1. Мектепті балаңыз жақсы   оқып   бітіруіне   қандай   ақыл-кеңес бересіз?


a )Сабақтан қалмай жүр;



  1. Сабақты жақсы оқы, ізденіп оқуға дағдылан;

  2. Сабақты жақсы оқып бітіруге тырыс;

  3. Мектепті бітірсең болды ақшамен оқытамын.


 



  1. Балаңыз үй жинап жүріп өте қымбат ыдысты сындырып алды. Сіз не істейсіз?

  2. Ұрсып, жинатамын;


 



  1. Өзім жинап аламын;

  2. Ештеңе етпес, талай қымбат ыдыс алармыз;

  3. Ұрсып, қатты балағаттаймын.


 



  1. Мектептен балаңыз бүгін ақша тауып алғанын сізге айтты. Сіз не істейсіз?

  2. Ақшаға өзіне зат алып беремін;

  3. Ақшаны өзім алып қоямын;

  4. Ертеңінде сыныбына барып мұғаліміне айтамын, сұраймын.

  5. Ақшаны балаға қайтып беремін.


 



  1. Сіздер ата-ана ұрсысып жатырсыздар. Балаңыз келіп қалды. Әрі қарай не қыласыз?

  2. Ұрсыса беремін;

  3. Балаға шығып кет деймін;

  4. Ұрысты тоқтатамын;

  5. Үндемей қаламын.


 


 



  • Үйде балаңыздың сабағына қаншалықты көңіл бөлесіз?



  1. Өзі оқиды, тек күнделігін тексеремін;

  2. Қарап, тексеріп қадағалаймын;

  3. Қолым тисе қараймын;

  4. Үнемі тексеріп қарап, үйретіп отырамын.


Отбасылық қарым-қатынасты нығайту бағытындағы тәрбие сағатының үлгісі:


Сабақтың тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.


Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер», «Ата – бәйтерек, бала – жапырағы», карточкалар.


Түрі: пікірталас.


Барысы:


І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.


Оқушыларды екі топқа орналастыру.


Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы,


 


алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу



  • ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім  алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен   алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді.


І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы» тобы.


- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді.


ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.


І топ



  1. Балдан тәтті не? ( бала)

  2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

  3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)

  4. Үйдегі алтын адам кім? ( Ана)

  5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)

  7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)


 


ІІ топ



  1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

  2. 18 жасқа толмаған адам ( бала)

  3. «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)

  4. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

  5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  6. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

  7. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)


ІІI бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы.


Екі топ суреттерін қорғайды.


Келесі    ІV    бөлім    «Тығырықтан    шығу»    деп    аталады.    Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі. Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.



  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата



  • анаң қарсы. Сен не істейсің?



  1. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?


 



  1. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?

  2. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?


V бөлім «Тіл өнері» мақал- мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.



  1. Атаның баласы болма,........................ ( халықтың баласы бол)

  2. Ұяда не көрсең,.................................. ( ұшқанда оны ілерсің)

  3. Балалы үй базар,................................. ( баласыз үй қу мазар)

  4. Ата көрген оқ жонар,.......................... ( онн көрген тон пішер)

  5. Ананың сүті – бал,…...........................( баланың тілі – бал)

  6. Туған үйдің түтіні жылы,................... ( туған ананың күтімі жылы)

  7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................ ( артыңа ауыр жүк артпа)


8................. ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)



  1. Әке – асқар тау,…..........................( ана – шалқар көл) Қорытындылау


 


 


Сабақтың тақырыбы: Ынтымақты отбасы.


Мақсаты: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке ата аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.


Түрі: Сайыс


Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің отбасым» тақырыбындағы шығармалар көрмесі және слайдтар таныстырылады.


Барысы:


Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.


І – бөлім . «Кел, танысайық!» Отбасы өз- өзін таныстыру.


ІІ – бөлім. «Ойланайық, пікірлесейік» Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін, сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.


III – бөлім. «Шешімін тап» видеоролик талдау.


IV– бөлім. «Көңілді сайыс».


V– бөлім. «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»(ситуациялық сұрақтар)


VI– бөлім. «Өнерлінің өрісі кең».


Сайыс түрлері бес балдық жүйемен бағаланады.


Мұғалім:


І бөлім. Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,


 


Сөзбен қарап, кейде шешер шиені. Жақсы сөзге жан семірер қашанда Жолданады сайыскерлер сәлемі.


Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.


ІІ – бөлім. «Бақытты отбасы қандай ? – деген тақырыпқа жоба қорғау.


Сайыскерлерге плакат, фломастерлер таратылып ойлануға бес минут беріледі. Жанұяның бір мүшесі қорғайды.


Әділқазыларға сөз беріледі Мұғалім:


«Мақал айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, енді залдағы ата аналармен оқушылармен отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу ойыны жүргізіледі.


Өз жұрттың – күншіл,


Нағашы жұрттың – сыншыл,


Қайың жұрттың міншіл келеді.


Қартың болса, жазып қойған хатпен тең. Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.


Өз балаңды өскенше бағасың, Немереңді өлгенше бағасың. Тату үйдің тамағы тәтті.


Ана- бәйтерек, бала- жапырақ. Әдепті бала – арлы бала,


Әдепсіз бала – сорлы бала Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.


Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол


Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол. Ағаның үйі – ақ жайлау.


Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады, Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады. Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.


Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр. Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.


Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді. Ата-балаға сыншы


Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес. Ата-анаң бар болса, бала кезде жар болсын. Атаңа не істесең, алдыңа сол келер


Атаңа не қылсаң ,балаң саған соны қылар Ананың сүті бал, баланың тілі бал


 


III – бөлім. «Шешімін тап». Сайыскерлерге «Бір келіншек және отбасы»      бейне      көрініс      ұсынылады. «Бақытсыз       отбасының


» себептерін анықтау


ІV – бөлім. «Көңілді жарыс»


А) Әкелер ләңгі тебу бір минут уақыт беріледі.


Б) Аналар «скакалка секіру » бір минут уақыт беріледі.


В) Балалар «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу екі минут беріледі.


Мұғалім:


Білем деме балам


Білмейтінің көп шығар. Бәрін білген адам ,


дүниеде жоқ шығар. Көп білуге ұмтылған- Көз жұмғанша оқиды. Көз жұмғанша оқыған


Көп     нәрсені     тоқиды.-дей     келе     келесі     тәлім-тәрбиесі    мол сайысымызды бастаймыз.


Әділқазыларға сөз беріледі .


Ата аналар туралы өлең тақпақтар айтылады.


V – бөлім «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» ( ситуациялық сұрақтар)



  1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

  2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

  3. Мектептен келген балаңыз. «Мен           ертең           мектепке бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

  4. Мектептен келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте ….. деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы :


«Менің басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?



  1. Әке мұғалім сізді мектепке келсін деді? Мен мұғалімге дөрекі сөйледім.

  2. Ана мен   математикадан  есепті   сіз   шығарып   берсеңізде   екі алдым?Апай есеп дұрыс шығарылмаған деді.

  3. Әке, ана мені ойнауға жібермей жатыр,сабағыңды оқы дейді. Мен оқи –оқи шаршадым,оқығым келмесе де миыма қонбайды.Айтыңызшы анама.

  4. Әке, ана, сыныптағы балаларда қымбат ұялы телефон бар , маған да алып беріңіздерші.


 


Ата-аналарға     жоғарыда   көрсетілгендей сұрақтар  беріледі.   Олар дұрыс жауап берулері тиіс.


VI – бөлім. «Өнерлінің өрісі кең» Өз өнерлерін көрсету. (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б.)


Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда Өнерлінің ырысы


Жарқырап жатар жолында


Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.


Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.


Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,


Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.


Кезекті әділқазылар алқасына береміз.



  1. Қорытындылау

  2. Марапаттаулар. Жүлделер: “Ынтымақты отбасы” “Өнерлі отбасы”


“Көңілді отбасы ” “Салауатты отбасы”


Мұғалім: Құрметті ата аналар бүгінгі мерекеге сынып оқушылары сіздерге арнап “Анашым- әкем” әнін орындайды. (Хор)


Соңынан оларға жүрекке жазған тілектерін сыйлыққа ұсынады.


Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер бүгін «отбасы сайысын» көріп тамашаладыңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін.


Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі бойынша тәрбие сағатының үлгісі:


Сабақтың тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым.


Мақсаты: отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.



  • жүргізуші: Сәлемдесу.

  • жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.


1-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы:


«Ата-анаға көз қуаныш – Алдына алған еркесі.


Көкірегіне көп жұбаныш,


 


Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.


2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала



  • жағасында өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.


1-жүргізуші: Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.



  • оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

  • оқушы: Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік.

  • оқушы: Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

  • оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

  • оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, адам баласы үшін азапқа түседі.

  • оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

  • оқушы: Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді.


Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.



  • оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

  • оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

  • оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

  • оқушы: Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

  • оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, ананың жыртық лашығы артық.


16-оқушы: Анаңды   Меккеге   үш   арқалап   барсаң   да   қарызынан құтыла алмайсың.


2-жүргізуші: Отбасы     тәрбиесі    туралы    түркі    ойшылы    Жүсіп Баласұғын былай дейді:


«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде.


Бала нені білсе жастан ұядан – Өле-өлгенше соны таныр қиядан. Өнер-білім берем десең басынан, Бер оқуға балалрды жасынан.


Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,


Жақсы, жаман болса, бала- солардан».


Ән: «Ана туралы жыр»


1-оқушы: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзейді. Ата-ана балаларына үлгі- өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді.


 


Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас»-деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы – Асқар тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.



  • оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі

  • бала тәрбиелеу.

  • оқушы:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.

  • оқушы: Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар–ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» делінген. Бұл ғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенде дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.

  • оқушы: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмілеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.

  • оқушы: Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім- бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері:


 


«Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағында өзіңді олар қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!



  • оқушы: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудың белгісі деп білді. Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.


Ән: «Әке туралы жыр»



  • оқушы: Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Сондықтан қазақ баласы Қара шаңырақ иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.

  • оқушы: Қашан да әке-шеше отырған үй аяулы,ардақты, ыстық. Ұрпақтары соған бас иеді. Оны құтты орынға теңейді. «Ордаға керек – отауға да керек» деген аталар өсиеті негізінде әр ұрпақ өзінің шыңырағын ата салты бойынша жоғары көтеруге және абыройлы, парасатты болуға тырысады. Өзінің де ұрпағын өсіріп, өркенін жайдыруды мұрат тұтады. Сондықтан Қара шаңырақ – Қазақ отбасының мақсат-мүддесінің бір шоқтығы.

  • оқушы: Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма. Олардың көңіл-күйіне қаяу салып қапалаңдырма. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын қандай да бәр іс жасасаң, сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылмсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесің, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.

  • оқушы: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

  • оқушы: Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала-ата- ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның


 


табанына кірген шеңгел менің мандайыма қадалсын» деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» деген сияқы толып жатқан мақалдар да ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!



  • оқушы: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке- қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.


Ән: «Әкешім, анашым».


2-жүргізуші: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани- адамгершілік бастауы.



  • жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

  • жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады


Сонымен, тәрбие шәкіртке ата-ана, оқу орны, өзін қоршаған орта арқылы беріледі. Сондықтан да мектеп пен отбасының үйлесімін табу өскелең ұрпақтың жан-жақты   дамуына   оң   ықпалын   тигізеді. Себебі, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде отбасы, ондағы ата-ананың рөлі әр кезде үлкен мүмкіндіктерге ие болған.


Ұлы Абайдың «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген даналығында айтылғандай,     бала тәрбиесінде     мұратымызға жету үшін, бәрінен бұрын, қай-қайсымыздың да қолымыздан келуге тиісті дұрыс ана дұрыс ата, дұрыс ұстаз, дұрыс азамат бола білуге көбірек көңіл бөлгеніміз жөн.


Ұлымыздың ұлт күйін білетін ұлағатты, қызымыздың салт сыйлайтын салауатты, ұрпағымыздың Отанын сүйетін нағыз азаматтары болуы үшін отбасы, мектеп, орта, қоғам бәріміздің күш біріктіруіміз қажет. Сондықтан ел тағдырында, бүгіні мен ертеңінде бағзы замандардағыдай отбасының алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Демек, дәстүріміздің алтын арқауын асыл қолдарынан шығармай ұстап, құнарын жоғалтпай сақтап, ұлт қадірі мен құдіретін ұғындыруды әр адамның қасиетті парызы ретінде қазіргі қазақ қоғамында қалыптастыру, оның әлеуметтік-материалдық негізін жасау – маңызды мәселелердің бірі.


Адамзат қоғамының даму тарихында ғасырлар бойы қоғамды құрушы жеке адамдардың мінез-құлық жағынан пісіп-жетілуі, қалыптасуы әр заман, әр ұлт ойшылдарының санасынан терең орын алып, пікір-таласын тудырып келген. Жалпы, шығыс пен батыс гуманистерінің бәрі де «Дүниенің ең асылы, бағалысы – адам, ал оның бақыты– бала» деп білген. «Адам бақыты – бала» деген ғұлама ойшылдардың пікірін біздің қазақ былай тұжырымдайды: «Адам бақыты – бала, егер ол саналы болса». Сондықтан қазақ Құдайдан бала сұрағанда


 


«О, Құдай бала бер, Бала берсең – сана бер! Санасыз болса,


Қайта өзің ала бер» дегенінен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені – тарихи шындық. Ендеше, осы сарында бала тәрбиелеу ісін бүгінгі заман өзгерістеріне үйлестіре отырып, жалғастыру – біздің борышымыз.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу