👈 қаріп өлшемі 👉

  24.01.2022
  213


Автор: ҚАЗАҚ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

Отбасы тәрбиесін беруде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы.

Мектеп пен отбасы ынтмақтастығы өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен байланысты. Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады.


Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.


Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.


Отбасы-оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.


Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:   баланың   тәртібі,    міндеттері,    қойылатын    талап- тар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру.


Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру. Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігі көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Күн тәртібі баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады. Күн


 


тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.


Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.


Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:



  • отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

  • тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл- ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.

  • отбасының мәдени потенциалы:  күнделікті   тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.

  • ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.

  • қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.

  • отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата- аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет. Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі. Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, әлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:

  • отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;

  • баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;

  • отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;


 



  • ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;

  • ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайлы қарап, жауапсыз- дық танытып, баланың, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.


Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.


Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата- аналар комитеті, олардың төрағасы сайланады.


Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді.


Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениетке байланысты.


Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық ілім негіздерімен ата- аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқорлыққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындық жұмыстарына қатысады. Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына       түсуге       халық       шаруашылық       салаларында еңбек етуге даярлау. Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асырып, жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-


 


аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Мектеп және отбасының ынтымақтастығы келесі жағдайлармен үйлестіріледі:


− тәрбиенің біртұтас субъектісімен;


− бала тәрбиесінің ортақ мақсаттары және міндеттерімен;


−педагогтар және ата-аналар іс- әрекетінің келісілген қажеттілігімен;


− бала проблемасын шешуде мектеп және отбасының күш салуын біріктіру мүмкіндігімен;


−отбасылардың, сынып және мектеп ұжымдарының, өзара іс- әрекетке қатысушыларының әрқайсысын өзара толықтыру мүмкіндігі- мен.


Педагогтар мен ата-аналар одағын құруда маңызды рөл педагогтарға (мектеп директоры, директордың орынбасары, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог) тиесілі. Білім беру ұйымдарында мектептің отбасымен жұмысын көрсететін түрлі бағдарламалар (кешенді «Тәрбие» бағдарламасы, мектептің өзге де әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесу бағдарламасы, «Құқықтық тәрбие», «Салауатты өмір салты» бағдарламасы, тұлғаға-бағдарлай оқыту үлгісі және т.б. ) әзірленген және нәтижелі жұмыс жасауда. Мектептердің оң тәжірибелерін ескере отыра, отбасында тәрбиелеу процесін жақсарту, балалар құқығын қорғауды күшейту, қоғамдағы жат құбылыстардың отбасына тигізер теріс ықпалын азайту көзделген жаңа мақсаттар мен міндеттер белгіленуде.


Республика мектептерінде мектеп және отбасы ынтымақтастығы- ның оң тәжірибесі жинақталған. Білім беру ұйымдарында оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастықтың, оларды балалармен бірге орындалатын шығармашылық және әлеуметтік маңызды іс-әрекетке тартудың түрлі формалары қолданылады. Ата-аналарды педагогика- психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата- ана психологиялық-педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинақтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады. Ата-аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономика- лық кілтін табады.


 


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы