24.01.2022
  2445


Автор: ҚАЗАҚ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

Қазақ отбасы тәрбиесінің мәні мен мазмұны

Қазақстан Республикасының Президенті– Елбасы Н.Ә.Назарбаев


«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әйелдерді мемлекеттің тірегі деп атады.


«Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау - ерекше мәселе. Сіздер - отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен, біз


 


қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек, деп санайды Елбасы. Олар - болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары. Қазақстан - зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады. Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет» деп, атап өтті Елбасы.


Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие - балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетілуші процесс. Бұл мәреге жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:



  • баланың тағдырына, физиологиялық өсіп-жетілуіне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау;

  • бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін, талап- тілектерді балаға махаббаты сезінуге лайықтап реттеу;

  • балаларының өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даярлау;

  • еңбексүйгіштікке баулу, баланы күнделікті үй шаруашылығындағы еңбекке дағдыландыру;

  • отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл тауып түсінуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;

  • білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдет-дағдыларын қалыптастыру;

  • баланың икемділігін, қабілетін байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау;

  • әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу;

  • баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау;

  • тәртіпке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа т.б. баулу;

  • өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу;

  • баланы өзінің әлеуметтік рөлін білуге міндеттеу;

  • баланы өз   тегін   жалғастыратын    сабақтастыққа,   болашаққа, болашақ жұбайлық өмірге тәрбиелеу.


Сонымен    қатар    қазақ    отбасында    тәрбие    мына    бағыттарды (Ш.Ахметов) қамтыды:



  • тәрбие басы – әдептілікке үйрету;


 



  • мейірімді бала тәрбиелеу;

  • тіл алғыш, елгезек бала тәрбиелеу;

  • адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеу;

  • білгір болу, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңдату, «Ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол» дегенді бойларына сіңіре беру;

  • үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйрету-басты міндет;

  • «Кісі айыбын бетіне баспа» дейді. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп кісілердің табиғи кемдігін көрсетпе деген сөз; Ел қорғаны батыр болу, халық алдында қызмет ету, өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.


Аталған тәрбие бағыттары қазақ халқында отбасылық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған.


Құрсақ тәрбиесі.


Дана халқымыздың бала тәрбиесі оның анасының бойына бітуімен басталады деген көрегендігі бар. Көреген аналарымыз бала бойына біткеннен бастап, олардың мінез-құлқының ерекшеліктерін, болашағын болжай білген көрінеді. Мысалы, Анай шешей Қыпшақтың зайыбы болған екен. Ал Қыпшақтың Бұлт, Торы, Ұзын, Көлденең, Қарабалақ, Қоңыр деген алты ұл баласы болыпты. Олар жөнінде анасының:


Бұлтың бітті бойыма, адалдық кірді ойыма, Торың бітті бойыма, билік кірді ойыма, Ұзын бітті бойыма, зорлық кірді ойыма,


Көлденең бітті бойыма, кербездік кірді ойыма, Қарабалағың бітті бойыма, тоқтық кірді ойыма,


Қоңырың бітті бойыма, момындық кірді ойыма, – деген толғауы соған дәлел болды.


Бұдан Анай ана ұлдарының мінез-құлқын алдын ала болжағаны, олардың қандай адамгершілік қасиеттерге ие болатындығын психологиялық сипаттама бергенінен көрініп-ақ тұр.


Екі жастың бас қосып, отау тіккеннен кейінгі тілейтіні – балалы- шағалы болу, артына ұрпақ қалдыру. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтететін артында тұяқ қалмауы кімге де болса үлкен қайғы қасірет. Сондықтан да «Балалы үй – базар, баласыз үй–қу мазар» делінген қанатты сөз пайда болған.


Қазақ халқында «Күзді күннің көзіне қызыңды қой, көктемнің күніне келінінді қой» деген бір сөз бар. Бұл ұлағатты сөздің мәні – күзді күннің сәулесі бойжеткеннің бетіне қан жүгіртіп, ажарландыра түседі, ал көктемгі күннің сиқырлы нұры келіннің сезімін тербеп, күйеуіне


 


деген ерекше ықылас-назарын оятып, тезірек екі қабат болуына әсер етеді.


Қамқор ана келін түскен кезде-ақ немересі ұл болу үшін ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал жүкті әйел болса, біреудің үйіне өз дастарқанынан апарған дәмді «қыз тауып қоям» деп жемейді.


Ауылдың тәжірибелі әйелдері келін бойындағы сәл өзгерістен-ақ оның жүкті болғанын сезе қояды. Олар «келіннің құрсағы ақ айранға тойыпты, ақ алғысты болыпты» деп, енесіне тұспалдап жеткізеді. Осы емеуріннен-ақ енесі келіннің бойына бала біткенін түсініп, қуанышты хабарды жеткізген әйелге ризашылығын білдіреді. «Келінді атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін» деп, ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады. «Керегеге орамал таңу» ырымынан кейін келіннің жүкті екенін бүкіл ауыл біледі.


Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай, жиі-жиі лоқсып, құсып жүргенін байқаса, оны қазақтар «жерік болу» деп атайды. Осы кезде оның бір асқа ықыласы, тәбеті ерекше ауады да тұрады. Енесі ауыл әйелдерін шақырып, қонақ етеді. Осы кішігірім той «құрсақ шашу» делінеді. Бұл томалаққа жиналған тәжірибелі аналар өз үйлерінен бір- бір дәм пісіріп әкеледі. Оның себебі – келіннің жерік болып жүрген асын тауып беру. Егер көңілі қалаған асы таптырмаса, яки «жерігі қанбаса», босанғанша ішкен тамағын құса береді, тамағы бойына сіңбейді. Мұны халық «ит жерік болу» дейді. Ит жерік болып дүниеге келген сәбидің ес жиғанша аузынан сілекейі аққыш болады. Жолбарыстың жүрегіне, аюдың етіне, бүркіттің миына жерік болған әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы туралы көптеген аңыздар сақталған.


Мысалы, XVI ғасырдың белгілі батырлары Орақ пен Мамайдың анасы Қараүлек әже былайша толғайды:


«... Мамайжан бойға біткенде, Арыстан, бөрі етін жеп,


Қанып еді жерігім


Сондай-ақ, болашақ ұлы ғалым Шоқан туарда анасының қыран бүркіттің миына, ал ұлы ақын Мағжанның анасы қасқырдың жүрегіне жерік болғандығы туралы аңыз-әңгімелер әлі күнге дейін ел ішінде айтылады.


Енесі аяғы ауырлаған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөледі, оған көбінесе ақтан жасалған тамақ береді. Жаздың күні келіннің тәбетін ашу үшін жуа әкеліп жегізеді. Далада өсетін жабайы жуаның, көбінесе ит жуасы тандалады. «Іштегі бала шымыр болсын» деген тілекпен кездесетін құм сағыз, жер сағыз, қарағай сағыздардың ішінен құм сағыз ғана тандалып алынады. Мүмкіндіктері болса, тауда


 


өсетін рауғаш, қымыздық теріп әкеліп береді. Рауғашты жесе, сәбидің көзі көреген, құлағы естігіш болады, ал қымыздық баланың тәбетін ашады деп есептелген.


Сәби еңбектей бастаған кезде жар жағалап, бор жалап, топырақ жейтіні белгілі. Бұл сәби организіміне белгілі бір мөлшерде минералдардың жетіспеуінен болатындығы бүгінгі таңда да ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Мұны аңғарған халқымыз сәби құрсақта жатқанда-ақ алдын ала қам жасаған. Сондықтан, судың бұрын иірім болған орнын тауып, осы жерден саздың исі шығатын қайырым топырағын үйге әкеліп қояды да «балаңның сүйегінің қалыптасуына керек, кейін бөпең бор іздемейді» деп мөлшерлеп жегізіп отырады. Құрсақты әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп, қызыл ірімшік жегізеді. Халық түсінігі бойынша – «ақ ірімшік жеген әйелдің баласының сүйегі бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік болады».


Келіннің тазалығына да айрыкша көңіл бөлінеді: жиі шомылдырады, жұпар иісі көкемарал (марал оты) шөбін пайдаланады, оның иісі іштегі баланың тыныс мүшелерінің жақсы жетілуіне ықпал етеді. Шомылдырар алдында арша әкеліп түтетеді. Жүкті әйелдің беті жарылып, дақ түспес үшін бие сүтінің көбігін бетіне жағады. Ана тісінің таза болуын әсте есінен шығармайды. Түрлі тамақ қалдықтарынан бөлінетін жағымсыз дәм мен иістер іштегі балаға әсер етіп, оның жүрегін айнытпас үшін күніне екі рет, таңертең және жатар алдында қара жусанның қайнатылған суымен, болмаса қара тікен тұзбен аузын шайғызады.


Ақылды және парасатты ене келінінің әрқашан көтеріңкі көңіл күйде жүруін қадағалайды, әзіл әңгімелермен күлдіріп отырады. Арагүдік


«келін көңілі» деп аталатын жастардың қызықты бас қосуын ұйымдастырып,   келініне   жиі-жиі   ән-күй   тыңдатқызады.   Халықта


«екіқабат келін жыласа, оның баласы жасық болып туады» деген түсінік бар. Шошынбас үшін қайғылы хабар болса, қашан аман-есен босанғанша, естіртпеуге тырысады. Мезгілімен ұйықтатып, таза ауада мейлінше жиі болып, сергек жүруін қадағалайды.


Әйелдің жүкті кезінде ескерілетін халықтық түсінікке негізделген мынадай ырымдар бар: итке «кет» деуге болмайды, бұл толғақты ауырлатуы мүмкін; арқан есуге болмайды, әйел босанар үстінде бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін; тең буып, қаптың аузын жабуға рұқсат етілмейді, керісінше жабулы заттарды ашуға, буулы нәрселерді шешуге болады; түйе етін жеуге болмайды, бұлай етсе жүкті келіншек баласын


9 ай емес, 12 ай көтеруі мүмкін. Бұл ырымдардың түп-төркіні көне наным – түсінікке сенген дәуірге барып тіреледі.


Тәжірибелі енелер алдын ала түсікті болдырмас үшін келіннің етегін бүріп қояды, шошынбас үшін далаға түнде ешқашан жалғыз


 


шығармайды. Келіннің мезгілі жақындаған кезде мейірбан анасы оған қара жерді басқызып, «кеудесі түкті Жер-Ана, күш бер, қуат бер» деп жалаң аяқ жүргізеді. Осы ырым келінінің күш-қайратын шыңдайды.


Сәбилі болуына үш ай қалғанда, «ұзын толғақ» басталады. Бұл кезде көргені көп аналар «бөпең айдай сұлу болсын» деп, айлы түнде келінін көлге шомылдырады. Ай сұлу болғанымен қызуы жоқ, сондықтан шомылған көлдің жағасынан шөп жұлып әкеліп, үйіндегі жанған ошаққа тастайды. Тіліміздегі «Айдай сұлу, оттай жылы болсын!» деген тілеу осы ырымға байланысты қалыптасса керек.


Босануына екі ай қалғанда «орта толғақ» басталады. «Босануы уақыты мезгілінен бұрын болып қалмасын» деп келіннің қолына кескіш, тескіш, құралдарды (пышақ, біз, ара т.б.) ұстатпайды.


Екі қабат әйелдің босануына бір ай қалғанда оның «ай толғағы» басталады. Бұл кезде «іштегі баланың еті қызылданып кетеді» деп келініне жас ет ұстатпайды; «кіндігіне оралып қалмасын» деп, келініне ине-жіппен іс тіккізбейді, «түсік тастайды» деп, жүресінен отырғыз- байды.


Ата-анасы жас келінді жетелеп апарып, жеті бұлақтың көзін аштыру, бұлаққа май құйып, теңге тастау, бастаудың басындағы әулие ағашқа ақ шүберек байлату секілді сенімдер бар. Қариялар осындай іс-әрекеттер арқылы «сенің ата-бабаң осы жерден су ішкен, толғатқан кезіңде сені демеп, жебеп отырады» деп келіннің күпті көңілін орнына түсіреді. Әрбір ескі қазақ ауылында екіқабат әйелдерді босандыруды машық қылған қолы жеңіл кемпірлер болған. Оларды ел ішінде «аққол ана» деп атайды. Аққол аналар кез-келген келіншектің қай күні босанатынын тап басып біліп отырған.


Босануға бір ай қалғанда, оның алғашқы күнін «аспанда ай көрінбейтін үш күн киелі күн» деп атайды да, бұл күндері екі жастың ақ төсекте кездесулеріне тиым салынады. Бұл халық есепшілерінің болжауына сүйенген дәстүр. Ал аққол аналардың өзіндік есебі бойынша аяғы ауырлаған әйелдердің әрбір айы 27 күннен тұрады. Әрбір айдың, яғни осы әр 27 күннің басы оның етеккірі келген күнінен басталады. Бұл алғашқы айдың өзі үш тоғызға бөлінеді: бірінші тоғызы – «етеккір тоғызы», екінші тоғызы – «арылу тоғызы», үшінші тоғызы – «кездесу тоғызы». Халыктық тәртіп бойынша, «бірінші және екінші кезеңде кедессеңдер, екеуің де ауруға ұшырайсыңдар» деп, олардың кездесулеріне тиым салынады. Халықтық түсінік бойынша үшінші тоғыздың әр тақ күні неке төсекте тән қосылса, олардан ұл туады, ал жұп күндері қыз туады.


Екі қабат болған ана тал бойына біткен баласын тоғыз ай, тоғыз күн көтереді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, әрқайсысы 27 күннен болатын тоғыз айда 243 күн бар. Аққол аналар бұған үшінші «кездесу


 


тоғызын» қосып есептейді. Осыдан келіп тіліміздегі «тоғыз ай, тоғыз күн» тіркесі орныққан. Тәжірибелі ана жаңылмас үшін сол сәтті күннен бастап дорбаға 243 құмалақ салып алады да, осы құмалақтың күніне біреуін лақтырып отырады, осылайша жүкті әйелдің күні жақындаған сайын құмалақ саны да азая береді.


Әйел босануға үш ай қалғанда «ұзын толғағы» басталды деп, келінінің аман-есен босануына дайындық жүргізіледі. Толғақ үстінде құйымшақ сүйегі ашылмай қалмауы үшін күнде кешқұрым келінінің құйымшағынан бастап жауырына дейін бес саусақты батырып, құйрық маймен сылап сипайды.


Тәжірибелі аналар «орта толғақта бала жарық дүниеге шығуға дайындала бастайды» деп есептейді. Анасының құрсағының сыртқы порымына қарап, оның ұл не қыз бала екенін де болжай алады: егер ұл болса, іші кішкене, шошақ, үшкір болып келеді, ал қыз бала домалақ, дөңес болып бітеді, сондай-ақ ұл жоғары, ал қыз бала төмен орналасады. Әдетте қимылдағанда қыз бала сол жақтан, ал ұл бала оң жағынан қозғалады. Ай толғақ мерзімі болғанда іштегі бала жиі қимылдап, анасының екі бүйіріне көп салмақ түсіреді.


Толғақ қысқанда әйелдің бір мүшесін ерекше ауырта келеді. Мәселен, оның тісі ауруы мүмкін. Тіліміздегі «Әрбір бала анасының бір тісін алады» деген мақал осыдан туған. Бұл – «тіс толғақ» деп аталады. Осылайша анасының тізесі ауырып белгі берсе, «тізе толғақ», желкесі ауырса, «желке толғақ» т.с.с.


Екі қабат әйелдің ай-күні толып, ай толғақ аяқталар тұста оған арнайы жеке үй дайындалады. От жағылып, су жылытады. Егер күн суық болса, киіз үйдің ішіне құрғақ қи төселіп, үстіне қалың текемет жайылады. Үйдің іші-сырты, дүние-мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы істердің басы-қасында аққол анамен қоса-қабат кіндік шеше ұйтқы болып жүреді. Оларға көмекке көрші-қолаң, абысын-ажындар келеді. Бір кереге мен екінші керегенің арасына әйел толғатқан көзде асылып тұратын арқан керіледі, босағасына қамшы, қылыш, қанжар әкеліп қойылады. «Бұлар толғаққа кедергі келтіретін албасты, марту, жын- перілерді үйге кіргізбей тұрады» деген сенім болған. Немесе қоңыр аю, жолбарыс, қасқыр терісін әкеп қойған. Бұл дәстүр «киеміз» қолдап, қостасын деген наным-сенімнен туған.


Куанышы қойнына сыймай жүрген көңілі күпті енесі дереу ала қыстай сақтаған жылы-жұмсағын қазанға салып, «Жарыс қазан» асу қамына кіріседі. Самаурын қойылып, табаққа сүт пісіріледі, үй ішіндегі әбдірелер ашылып, теңдер шешіледі, әдейі арнап түйрелген қарыннан май, қаптан құрт алынады. Ұзын арқанды өткермелеп байлап шығады да, екінші ұшынан оп-оңай тарқатып жібереді. Арша тұтатылып, толғатқан әйелдің басынан айналдырып аластайды, етек жағынан күкірт


 


түтетіледі. Мұның бәрі толғағы оп-оңай – «әбдіре ашылғандай, тең шешілгендей, түйін тарқатылғандай, шай қайнатымда, сүт пісірімде, ет піскенше, жарыс қазанмен бірге жарыса тез босансын» деген ниеттен туған ырым дейді профессор Х.-Арғынбаев.


Сонымен, қазақ халқы балаға деген қамқорлықты өте ерте ол ана құрсағында жатқанда бастаған, оның аман сау өсуіне тілектестік және іс-әрекеттер ерекше болған екендігін көреміз. Оған дәлел құрсақ тәрбиесі: әйел екі қабат болысымен оған ерекше қамқорлық жасау (оның сүйген «жерік асын» қайдан болса да тауып беру, аяғы ауыр әйелге ауыр жүк көтертпеу, оның көңіл-күйін жоғары ұстау, түрлі тұрмыстық әдет-ғұрыптарды жасау т.б.). Осылайша қамқорлық жасағаннан бала құрсақта өте жақсы өсетіні, уақтысымен дүниеге келетінін халықтық медицинамыз жақсы білген. Құрсақта жақсы тәрбие алған бала кейін ақылды, сұлу, сымбатты жақсы ер азамат болып өскен.


«Бір отбасында дүниеге келген балалардың ақыл-ойы, мінез-құлқы, кескін-келбеті, қабілет-икемі неге әр түрлі болады?» – деген сұрақты егер ата-аналарға қойсақ, олар «кейбір балалар нағашыларына, кейбір балалар өздерімізге тартқан», – деп жауап қайырады. Оның шын сыры балалар құрсақта жатқанда әр түрлі тәрбие алғанынан екенін халқымыз жақсы білген: егер құрсақта жақсы тәрбие берілсе, ол бала келешекте ақылды, келбетті, сымбатты, қабілетті болады, керісінше құрсақта жақсы тәрбие берілмесе басқаша болып өседі. Сондықтан, қыздар – келешек аналар, құрсақ тәрбиесіне ерекше мән берулері керек. Дүниеге сәби келу- отбасының зор бақыты, Сондықтан да қай халық болмасын әйел адамның екі қабат болуынан бастап, бала туғанға дейінгі толып жатқан ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары, салт санасы,жөн- жоралғы, наным-сенімдері бар. Сонымен бірге екі жастың бас қосып,отбасын құрғаннан кейінгі жұбайлық өмірінің жарасып кетуі,ең алдымен баланың туулуына байланысты. Қазақ халқында бала алғаш пайда болғанан туу, өсу, азамат болып ержеткенге дейінгі кезеңді қамтитын, сан жылдар бойы қалыптастырған салт-дәстүрлер бар. Азия халықтарының бала туу жане тәрбиелеуге байланысты әдет-ғұрып, салт- дәстүлерінің мазмұны ұқсас болып келеді. Дегенмен де қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің қаймағы бұзылмай сақталғаны да, бөгде ұлт өкілдері мәдениетінің ықпалымен енген ерекшеліктері де жеткілікті.


Қазақ халқы жаңа шаңырақ көтерген екі жастың бала көріп, ұрпақ жалғастыруына көп мән берген. Сондықтанда да бір-бірімен құдаласарада ең алдымен сол құда болатын жақтың әлеуметтік жағдайына, яғни олардың жан-жақты тума-туысқандарының көптігіне қарай көңіл аударатын болған. Жас түскен келіннің алдына бала отырғызып, ертерек бала көтерсін деп ырымдаған немесе ұл бала тусын деп алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізетін болған.


 


Бала көтеру барысында жасалатын әдет-ғұрыптар.


Жас келінің жүктілігі сезгеннен-ақ оған бар қамқорлық жасалып, күтімге алынады. Қазақ халқы алғашқы баланың бойға біткенінен дүниеге келгенге дейінгі сәтіне көп мән берген. Себебі, алғаш бала қалай аман есен дүниеге келсе, келесі туылатын балаларда да аман болады делінеді. Жалпы қазақтар жас келінді түн қараңғысында жалаңбас далаға шығармау, кешке суға жібермеу, өлік шыққан үйге барғызбау т.с.с. жағдайларға тыйым салынады. Егер үйде ері жоқ болса, бір өзін жатқызбай, қайын сіңілісі немесе енесі жатады. Қазақ арасында жалпы аяғы ауыр әйелдерге жыншайтан, пері, үйір болады деген ұғым бар. Бұлардың кесірінен іштегі нәрестеге зақым келуі мүмкін делінеді.


Орақ пен Мамайдың анасы Қаракүлек әже былай толғайды. Мамайжан бойға біткенде,


Арыстан бөрі етін жеп


Қанып еді жерігім- деген жыры белгілі.


Тәжірибелі енелер келінінің түсік тастамауын көздеп, етегін бүріп қояды. Босануына үш ай қалғанда ұзын толғақ басталады. Бұл кезде бөпең айдай сұлу болсын деп, айлы түнде келінін көлге шомылдырған. Босануына екі ай қалғанда орта толғақ басталады. Бұл кезде келінге өткір зат ұстатпаған. Оның мәні бала шала болып туылмасын деген ырым. Жүкті әйелдің босануына бір ай қалғанда оның ай толғағы басталады. Ине жіп ұстатпайды, бала кіндігіне оралып қалады деп, ауыр жұмыс істетпейді. Қария аналар тәжірибесінде де егер қыз бала сол жақтан, ұл бала оң жақтан қимылдайды екен.


Бала туу барысында жасалатын әдет-ғұрыптар.


Қазірге дейін әйелдің тез босануына жасалатын «құрсақ шашу»,


«жарысқазан» ырымы да қазақ арасында бүгінге дейін кездеседі. Әйелдің толғағы басталғаннан кейін байлаулы теңдермен қаптардың аузы ашылып, тігілген етек сөгіледі. Келінің енесінің сақтап жүрген дәмдерінің барлығының аузын ашып, қазанға ет салады. Бұл ырым бала астың пісуімен бірге босансын деген ниеттен туған. Баланың тез туылуына әр түрлі ғұрыптар босанған әйелдің шашын тарқату, барлық түйіндерді шешу, түймелерді шешу, түймелерді ағыту, сырмаларды ағыту, т.б.жасалады. Қазақтарда отқа май салу жиі кездеседі. Олар толғатып жатқан әйелдің басына адыраспан шөбін түтетіп, жын пәлекетті аластайды. Жүкті әйелге балықтың, жабайы ешкінің етін жеуге тыйым салған. Себебі, бұлар баланың аман-есен келуіне кедергі жасайды, немесе түйе етін жесе 12 ай көтереді деген ұғымдар бар. Түйе етін жегізбеу тек қазақтарда ғана емес орта азия елдеріндегі туысқан басқа да халықтары арасында кең тараған. Оның етін жегізбегенмен де,


 


түйені қастерлеген қазақ халқы оның қасиетіне табынып, аяғы ауыр әйелді түйенің бауырынан не алдынан 3 рет өткізетін болған.


Бесік тәрбиесі


Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланы бесіктен тәрбиелеу қажет. Баланы бесікке салу дәстүрі баланың жетіліп, өсуіне септігін тигізеді. Ата- бабамыздан қалған мұраны одан әрі жалғастыру біздің еншімізде. Баланы бесікке саларда ауылдың аса құрметті анасы таңдап алынады. Көп бала өсіріп, тәрбиелеп ардақты анаға жас сәбиді бесікке салу рәсімі сеніп тапсырылады. Осылайша, қазақ халқы жас сәбиге асыл аналардың жолын берсін деген ниетпен ырымдаған. Бесікке жатқан бала дені сау, ұйқысы тыныш, дүниетанымы кең, өмірге құштар болып өседі. Тілі де ерте шығып, балабақшаға барғанда қатарластарынан оқ бойы озық тұрады. Олай болуы орынды да. Өйткені,   бесікте   жатқан   бала   ана   әлдиімен   ұйықтап,   ана әлдиімен оянады. Бала бесікте жатып әуезді әнді тыңдап қана қоймайды, бала қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Айналаны бағдарлайды, өмір сүру қағидаларымен танысады, ата-анасын, атасы мен апасын, бауырларын таниды. Олармен тілдесуді бастайды. Алғашқы айлардан бастап -ақ бала жекелеген буындарды айтып, сөйлей бастайды. Анасың еркелеткенін, кейіген сәттерін ажырата алады. Әкесінің жұмыстан келіп, құшағына алған сәттердің бәрі бала зердесінен өтеді. Уақыт келе, бала өскен сайын, көп нәрсені үйренуге айналадағы құбылыстарға зер сала бастайды. Баланы бесікке салып, өсіру аналарға көп көмек. Кейде ана бар шаруаға үлгере алмай жататыны бар. Жас баланы тамақтандырып, бесікке салып қойып, әлдилей отырып, тамақ әзірлеуге уақыт табуға болады. Дер кезінде қажетті істерді атқарып қойып, сәбимен ұзақ тілдесуді дағдыға айналдырған жөн. «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші, тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады. Бесікке қатысты, яғни ана мен баланың арасындағы тағы бір байланыс– бесік жыры деуге болады. Бесіктегі баласына ана әлдиін, бесік жырын айтпаған қазақ әйелі жоқ шығар. Жалпы, бесік жыры жайлы не білеміз? Баласына не себепті бесік жырын айтқан, оның маңызы неде? Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі–бесігін аңсап тұратындығында. Ондай бала өзінің бесігіне жатпаса, мазасызданып, ұйықтамай қояды. Бала әбден тойған сәтте анасы бесікті жайлап тербете отырып, бесік жырын


 


айтатын болған. «Қазақтың 3-4 жасар баласының тілі жатық, ал 5-6 жастағы балалар шешен әрі тауып сөйлейді, ойын ұтымды жеткізе біледі»,-деп таңдана жазған екен жер аударылып келген поляк революционері А.Янушкевич өз естеліктерінде. Әйгілі А.В. Затаевичтің


«Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай…» деуінің астарында көп сыр бар. Ал мұның басты себебі баланың бесік жырын тыңдап өскендігінде жатыр. Бесік жыры–балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жырының тұрақты нұсқасы жоқ.


Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке, жат, бөпем, Бармақтарың, майысып, Түрлі, ою ойысып,


Шебер болар ма екенсің?! Таңдайларың тақылдап, Тыңдаған жұрт мақұлдап, Шешен болар ма екенсің?!


Бұл бесік жырының бір түрі ғана. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөпесіне айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем…» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен. Бүгінде үлкен сахналарда да бесік жыры естіліп қалады.


Тәй-тәй басып, бөпешім, жүргенің қандай? Көзқуаныш, көкешім, күлгенің балдай.


Аспандағы ай-күнді аламын дейсің,


Асқар таудай айбынды боламын дейсің. Әлди, әлди, ақ бөпем,


Сендей сәби жоқ, көкем. Анам-әкем дейсің бе?


Тілің тәтті екен.


Әлди, әлди, ақ еркем, Бойжетерсің сен ертең. Мақтанышы елімнің,


Өзің бол, еркем! — деп жырлаған ақын Қ.Сарин.


 


Бөпем менің қайда екен? Қыздарменен тауда екен, Тауда неғып жүр екен?


Алма теріп жүр екен, Қызыл алма қолында Қыздар оның соңында,


Жүгіріп-жүгіріп жүр екен, –деген сияқты есте сақталатындай халық әніне салып айтуға болады. Бала бесік жырын тыңдап маужырап ұйықтағанды жақсы көреді. Әуен, саз деген -құдірет. Алла тағала жеті дыбысты жаратқан, ал қазақ халқының тумысынан әнші халық екені әмбеге аян. Олай дейтініміз, қазақ баласының тілінің ерте шығып, өнерге үйір болуының бір ұшы осы бесік жырында жатыр. Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз. Бүгінгі ұрпақ шешендігінен, әншілігінен, ақындығынан, сабырлылығынан, парасаттылығынан ажырап барады. Бұл да алаңдатарлық жай. Ел аузында аңызға бергісіз бір әңгіме бар. Ертеректе бір келіншек бесігінен ажырамай жүрген баласын бесікке бөлеп, әлдебір жұмыстарымен шығып кетсе керек. Отағасы да сырттағы тіршілігімен кеткен. Жолай демалмақ болып тоқтаған бір жолаушы киіз үйдің тұсына келіп: «Кім бар-ау!» деп дыбыс берген екен. «Кіре бер» деген дауысты естіп, ішке кірген жолаушы аңтарылып тұрып қалады. Үйде бесікте ұйқысынан оянған баладан басқа жан жоқ. «Өреде ашыма бар, өзің де іш, маған да бер» деген екен бала жолаушыға. Қазақтың баласының тілі жатықтығын, ерте шыққанын байқаймыз бұдан. Қазақта


«түйе мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі» деген сөз бар, сөйте тұра бүгінде өзге мамандық иелері ән айтса, біртүрлі тосырқап қабылдаймыз. Ән айту қазақтың қанында бар екенін айтып өттік. Ендеше, әншілік өнер қазаққа неге жат болуы керек?! Керісінше, кешегі от ауызды, орақ тілді, сөзге жүйрік бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы тілден айырылған. Мақалдатып сөйлеген былай тұрсын, көрген оқиғасын, оқыған әңгімесін баяндап айта білмейді, әсерлеп жеткізе алмайды. Ойын толық әрі түсінікті қылып, еркін сөйлей алатын, әңгіме айта білетін балалар жоқ. Ендеше, қазақы мінезіміз бен болмысымызға қайта оралу үшін әр ана бесік жырын сәбиінің бойына сіңіріп өсіруі керек. Бесікке асыла отырып мейірлене бала емізген анадан, бесік жырын айтып отырған келіннен сұлу әйел жоқ шығар, сірә! Осыны естен шығармағанымыз жөн…


Қырқынан шығару, бесікке салу ғұрыптары.


Осыдан соң 40 күнді тосып қырық қасық суға шомылдырып, қырық күн шілдесінен шығарады. Ит мінезі қалсын деп, ит көйлегін шешіп, оған тәттілер салып итін мойнына байлап балаларға қудырады. Оны балалар қуалап жүріп, тәттіні бөліседі. Кей жағдайда кішкентай


 


баланың мойнына ит көйлекті байлап, ит сияақты еңбектетіп жүргізеді. Ит көйлекті итке байлау-ит қорғаушы деген сенімнен туған. Қырқыннан шығару ғұрпында қазақтар ұл баланы қырық күнге жеткізбей шығаруға тырысады. Оның мәні ұлдың қалың малы аз болсын десе қызды қырық күнге толтырып, қалың малы қырық болсын деп жатады. Баланың қырқыннан шығару рәсімінде көп адам шақырмай көрші-қолаң, туысқан әйелдерді шақырып ішіндегі сыйлы, жасы үлкен кісіге шомылдырады. Суға күміс білезік сақина немесе қасық салынады. Кей жерлерде қойдың қырық құмалағын салуда кездесіп қалады, бұл бала малды, бай болып өссің деген ырымынан туған. Оларды шомылдырып болғаннан соң, келген әйелдер бізде осындайға жетейік деген ниетпен бөліп алады. Мұнан кейін баланың қарын шашын алу үшін ата-ана өздеріне ұнаған бір адамды дайындап қояды. Ол өздерінің сыйлас достарының бірі болуы мүмкін. Қарын шашты шүберекке тұмарша етіп тігіп, баланың кимінің иығына қадап қояды. Бұл ырым балаға көз тимеу үшін жасалады, ал тырнағын жерге көмеді.


Сүндетке отырғызу ғұрыптары.


Ер баланы сүндетке отырғызып, мұсылмандық парызын өтеу әрбір ата-ананың парызы. Қазақтарда жеті жас пен он екі жасқа дейінгі балалар сүндетке отырғызады, бұл міндет арнайы тәжірибесі бар молдаға жүктеледі. Ол ұстарамен шеткі терісін тіліп алып, киіз үйдің сыртқы тұсына іліп қояды және ол сонда кеуіп кетеді. Баланың мұсылман болғандығына байланысты да жасалатын көптеген жөн- жоралғылар бар. Мәселен, ұлы жүздерде сүндетке отырғызылатын баланың басына әйелдерді кіргізбеу, баланың мүшесінен кесіп алынған етті тумайтын әйелдерге жегізу. Сүндет той Орта Азия халықтарында баланың мұсылман болғандығын көрсететін қадірлі той саналады. Балаға арналған сый-сияпат көбінесе нағашы жақтан болады. Кей жағдайда балаға мінгізетін жылқыдан басқа көрпе төсек, киім-кешек те әкелінеді. Сүндеттелген балаға көрімдігі деп ақша ұстатады. Ел алдынан баланы өткізу біздіңше елді ерте тойға шақыру үшін сүндеттелген баланы сүндет қоржын салынған атқа мінгізіп елді шақыртқызатын ғұрыптан қалған сияқты, нағашы жақтан әкелетін жылқыға да үстіне жабу, басына үкі қадап қоржын салып әкеледі. Оны «тай жасау» деп те атайды. Қоржынның бір басына бір киімдік мата, ішімдік салынады. Оны тайдың алдынан шыққан адам бөліп алады. Қазақтарда ертеде елді тойға шақыру үшін сүндеттелген баланы сүндет қоржын салынған атқа мінгізіп, елді шақыртқызған. Тойға шақырып келген баланы құрметтеп, қарсы алып, үйге кіргізеді. Ауыл әйелдері сүндет қоржындағы тәттілерді ырым қылып бөліп алатын болған. Ал қазіргі кезеңде кешкі тойда әкелінген тайлардың біріне отырып бала келген кісілердің алдынан өтіп шығады. Олар балаға ақша қыстырады. Тойда ауыл


 


ақсақалдарына шапан кигізіледі. Ол әр ру ақсақалдарына беріледі. Мұны киіт деп атайды. Киіт алған адам тон бау береді. Тойда көкпар, күрес, бәйге, т.б. қазақтың ертеден келе жатқан ойындары жасалынады. Осылардың ішінде көкпар көп беріледі. Көкпарға келген кісілерді алдын-ала дайындалған үйлерге түсіріп, оларды сол үйлер күтіп алады. Қандай той болмасын ертеректе күннің сәтті күні сәрсенбіге қойылатын. Сол күні ақ бата оқылып, мал сойылады. Қандай той өтпесін той өткеннен соң қызмет еткендерге, құдайға шүкір не той мақтар жиынын өткізеді.


Қазақтардың бала туу, оны тәрбиелеуге байланысты жиналған деректеріне қарағанда, жалпы қазақтар мен Орта Азия халықтарының бала туу және оны тәрбиелеуге байланысты ұстайтын салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері, ырымдардың ұқсастығы байқалады. Бүгінде қазақ халқында бала туу, өсіруге байланысты жасалатын дәтүрлерді жалғастырып отырғанымен де өмір сүрген ортасына, заманның жаңғыруына байланысты ұлттық дәстүрлердің кейбір элементеріне өзгеше түр, мән бергендігін байқауға болады. Халық арасындағы мұндай ерекшеліктер мен өзгерістер зерттеуді қажет етеді.


Қыз бала тәрбиесі.


Қазақ халқы әдептілікке тәрбиелеуді ең алдымен қыздың тәрбиесінен бастаған. Өйткені, бүгінгі бармақтай бала ертең бой жетеді, бүрсігүні ана болады. Адамзатты осы анадан деп түсінген қазақ әдепті ана арқылы қыздан бастаған. Қазақ ұлдың оннан асқан жасын – «қозы жасы» деп шаруашылыққа, еңбекке баули бастаса, қыздың сол шағын –


«қонақ жасы» дескен. Жат жұртқа жаратылған баланың оң жақта енді бірнеше жыл ғана болатыны алдымен анаға аян. Осы бір қарбалас кезде қайран ананың жүгі қапталынан ғой. Бұл үшін ең алдымен қызын әдепке қалыптастырса, қалғаны жеңіл. Бұрынғы аналар, «қызым әдепті болсын» деп мыналарды істеді:



  1. Бала алдында әкені Алатаудай ете білді. Оның атын атамады. Айтқанын орындады. Сонан соң қыз бала бұл ғаламда әкемнен артық адам жоқ деуді бара-бара мойындады. Бұл опасыз пәниде, бірде жоқтық, бірде бүтін тіршілікте жоқшылық пен барлығы құрғырдың есіртетіні де, кейітетіні де жиі кезігеді емес пе, осындай да қызын әдептілікке апарғысы келген ақылды әке сыр, мінез білдірмейді.

  2. Қыз балиғатқа толысымен оның айналасы жауға толады. Біреу


«үкілеуге» ұмтылады. Біреу «кетік алма» етіп кеткісі келеді. Осындайда бұрынғы аналардың екі көзі төрт, ұйқысы аз. Ол есік алдындағы ит үрсе де, біреу келе жатса да, үйіне қонақ қонса да, қызы көзінен таса болса да секем алады. Себебі, көгеніндегі марқасы марқайды. Мұндайда ана сорлы қызының мінезіндегі өзгерісті, денесіндегі байқала бастайтын белгілерді сәт сайын абайлаған.


 



  1. Қызы әжетке жарасымен ол кездегі ақылды аналар бұрынғыдай бөлек жатқызуды, бей-берекет қыдыртуды шектеп не өзінің, не әжесінің іргесіне жатқызады. Далаға жіберсе-бейбастақ бала, төрге жатқызса- ынсапсыз қонақ, жеңгеге ілестірсе-«қызды жеңге, жеңгені теңге бұзады» деп өзінен өзгеге мүлдем сенбеген.

  2. Қызының ойын, уақытын бөлуге мұрша бермеу үшін қозы қосақтатқызған, үйдің күйбеңінен бас алғызбаған. Еңбекке машықтандырып, тіл алғызуға қалыптастыру да қазақта әдепке апаратын бір жол болған.

  3. Ана қызының табиғатындағы талантты алдымен аңғарады, егер ол іскерлікке, балбармақтылыкқа, өнерге бейім болса, баласына осы жөнінде мүмкіндік жасайды. Бұл да – әдептілікке, желдеп кетпеуге қарсы тұратын екінші жол.

  4. «Қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» дегенді ежелден білетін ана бәрінен бұрын қызын кейбір «көргенде қашып кететіндердің» маңына жолатпайды. Бұл үшін ана маңындағы қызы құралпыларды жете білуді, тегін тексеруді, олардың әдепсіздігін қызының құлағына жиіркенте жиі-жиі айтуды ескерген.

  5. Ертедегі қазақта бастаңғы, қызойнақ, қой күзеті, тоқымқағу, алтыбақан, ақсүйек деген сияқты жастардың бас қосатын кездері жиі болған. Бұған мүшелінен асқан–бойжете бастаған қыздар баруға болады. Мұндайда ақылды аналар қызын сенімді адамға қосқан,ерте қайтуды тапсырған. Келген соң қәдімгідей жүрген-тұрғанын тексеріп отырған. Қазіргідей туған күнді, мектеп бітіргенді, әскерге шығарып салуды, бір жақтан келуді қарсы алуды күнді- түнге, түнді-күнге ұластырып тойлатуға тізгін-шылбырсыз жіберу ол кездегі аналарда кемде-кем болған.

  6. Сұмдыққа ұрынған, қолды болған қызын ертедегі аналар келісімен не түрінен, не құбылысынан, не уақытынан, не бірге болған адамынан абайлауды, тексеруді ұмытпаған. Ананың бұл сәуегейлігінен жасқанатын қыз көп жағдайда сақтанған.

  7. Қызы ел көзіне түсе бастасымен оған анасы көсемсіп сөйлемеуді, кісіге тіке қарамауды, ұяң болуды, өз жанынан ұзамауды, қыдырмауды, жұртқа сүйкімсіздерге жоламауды, босқа күлмеуді, ата-ана мен аға бауырдан басқаның жаны пәлендей ашымайтынын жалықпай айтқан.

  8. Жеті атаға дейінгілердің бірін – ағасы, бірін – бауыры деп таныстырған. Мұнысы – қыз алысуға болмайтындығын түсіндіргені.

  9. «Әкенің ең жақсысы жездедей» дегенді қазақ көп айтқанымен, сақ аналар қызын «жезде» деуден гөрі – «аға» деп сыйласатын шекара жасаған.

  10. Қызының ерте ме, кеш пе әйтеуір кететініне іштей бейімделіп жүретін ақылды аналар өзі білетін өңірдегі күн шалған шаңырақты,


 


көргенді ата-ананы, әдепті бала-шағаны біліп алып, оны қызына сөз сыралғысы ретінде дәріптеп, көргенсіздерді күні бұрын білдіртпей жамандап қызына өз сыңайын сөз арасында ептеп ескертіп отырған. Баласы осылардың қайсысына назар аударғанын астыртын қадағалаған.



  1. Қызды шешеден бұрын сөйлемеуге тәрбиелеген.

  2. «Ит жүгіреді, иттің артынан қыз жүгіреді» деу - қыз кемеліне келгенде кезігеді. Бұл «қыздың ойы – кету, жолаушының мақсаты – жетуден» шығады. Осыған байланысты бұрынғылар қызын сыртқа шығудан шектеген. Ара-тұра ғана аса аяулы адамды, сенімдіні аттандыруға үйде ешқім болмағанда ғана белдеуге, не мамағашқа дейін шығаруға өзі жұмсаған. Жұмсамаса, қыздың оны аттандыруға рұқсаты жоқ. Себебі – оны кез қелген кісімен кезіктіру қазақы әдептің салтында жоқ.

  3. Қызды көргенді ету үшін алдымен ана өзіне шек қойған. Қызы бойжетіп ел көзіне түсе бастасымен, ол бұрынғы қыдыруын, баласын оңаша тастауды қысқартады, азайтады, не өзімен ерте жүреді. «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастанғышыл болатыннан» сақтанады.

  4. Қызына ауыл-үйдің бозбалаларын иектетпеу үшін ана бұрынғы алаңсыз ұйқыны азайтқан. Ол үйінде жатып сырттағы беймезгіл үрген итте де гәп барына алаңдаған, кімнің төңіректегенін де мөлшерлеп, өзінің ояу екенін аңғартқан. Мұндайда анаға ең сенімді серігі-енесі. Ол іргесіне алып жатқан немересіне мықты күзетші. «Кемпірі бар үйдің кәпірі бар» деудің бір жағын жастар осы аңдудың мықтылығына бола шығарса керек.

  5. Үй ішінде қыздың тәртіпті болуда сөзін тыңдайтыны әке мен шеше, сескенетіні, сыйлайтыны–аға, сырласатыны–жеңге, ұялатыны ауыл, ру. Бұлар –тұтасымен ойламай от басып алмауға қорған...

  6. Шеше міндетті түрде өзі білетін өнерін – тігіншілік, не іскерлік, не кісі сыйлап қонақ күте білу, астың бабы, дастарқанның мәзірі сияқтылардың бәрін қызына үйретуге міндетті. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген осыдан шыққан. Анасы аяулы, әкесі ардақты бала әдепсіздікке бара қоймайды. Әке мен шеше бұл биікке бір жағынан баласының қамына бола ұмтылады. Бұл да қызды әдептілікке қалыптастырудағы бір жол, өнегелі орта.


Жоғарыдағыдай қазақы тәлім-тәрбие қыздарды адамгершілікке, махаббат ғаламында баяндылыққа, шынайы ғашықтыққа, арлылыққа апарған. Опасыздыққа, махаббаттың желдеген лағы болмауға баулыған. Тарихтағы Шұғаның сүйіспеншіліктің өртіне өртеніп өлуі,


«Қорғансыздың күніндегі» қаршадай қыздың жауыздыққа душар болған шіркеулі бетімен пәк жерді басқысы келмей үсіп өлуі ертедегі ата- ананың баласын адалдыққа, кіршіксіздікке тәрбиелей алғанына, әдепке әу бастан үйреткеніне мысал.


 


Ол кезде де қазақ қыздары көргенсіздіктен, қайыру бермей кетуден құлан таза деу артықтау. Бірақ дәл қазіргідей әйел алуды қөрпе ауыстырғандай көру, көпшіліктің көзінше қыздың жігітке жабысып тұруы, көпе-көрнеу сүйісуі, бүгін тиіп, ертең ажырасу, келген келін мен қайынсіңілі арасындағы қеліспеу ол кезде жоқ еді. Кейбірі бар болса да тым сирек болатын.


Қазақта әсемдіктің әр алуаны бар. Соның бірі – қыз көркі. Қызға тән әсемдікті бұрынғылар қалай пайдаланғанына аялдасақ, олар мыналар:


Қазақ баланы кішкене кезінде «қыз» деп көп атамайды. «Қыз» деп көп айту ұзатылған соң, онда да балалы болғанда, егде тартқанда, тіпті кемпір болғанда. Мұнда әсіресе төркіндегілер, өте-мөте жеңгелер айтады. Кейбіреулер «Қыз екенін сен біледі екенсің» деп шамданады. Бұнысы –қыз баланы қаршадайынан қызғызша қорғағаны. Қызға деген қызыл көзден күні бұрын қорыққаны. Келешекте кешікпей толысатын қыз бойындағы әсемдікті сұқтың көзінен тасалағаны. Сондықтан да өсе бастаған қыз балаға ана көз тимесін деп алдымен екі ырым жасайды. Бірі – күртесіне қара шұбар маржан тағу, екіншісі бала өте реңді болса, сыртқа шығарарында бетіне, маңдайына күйе жағу.


Анасы қолына түскен қызылды, теңге-моншақты, сақина, сырғаны, шолпыны қызының үстіне жапсырып, оны күлтелеу, қыз баланың тазалығына ерекше көңіл бөлу. Бетін жұпар сабынмен, шашын бұзаушыкпен жуындыру, бұрымын тарау-кішкене кезінде анасына міндет. Бойжете келе өзі істейді.


Қазақ қыз бала мүшел жасқа таясымен: «Ұлдың ұяты – әкеде, қыздың ұяты – шешеде» деп баланы әке мен ана өз қарауларына бөліп алады. Мұның себебі екеу: бірі – осыған дейін сыртта да, үйде де бірге ойнайтын қыз өз-өзінен ұлдардан бөлініп, шешеге бейімделеді. Бірі – қазақта қыз балаға әкенің ақырмауы, қол тигізбеуі – жылжымайтын, бұзылмайтын заң. Ұл мен қыз «әкесін көріп оқ жонуға, шешесін көріп тон пішуге» әдет алатыны да осы кез.


Міне, осыдан бастап «ұлдың қызығы түзде, қыздың қылығы үйде» ана баса қарайды. Әйелінің бұл міндетінен ағат кетпеуін отбасы бақылайды. Егер баланы анасы дұрыс тәрбиелемесе, өткен қателік үшін әке қызды емес, әйелінің құлағын ыңғырлауға, алда-жалда бала көргенсіз бола бастаса, жетелі күйеу кер қамшыны керегеден жұлып ап әйелінің басында ойнатуға әбден ақылы. Бұл үшін ең алдымен ерлі- зайыптылар сыйласымды, салауатты болуы шарт. Бұлардың өзі жаза басса, баланың «үйренгенім үйімдегіге» жалт етуі оп-оңай. Бұл үшін алдымен керегі мыналар:


- Бала алдында әйел күйеуін құрметтеп, оның айтқанын әмір деп түсінуден ешқашан жаңылмай, ол ілтипатын күлшедей қызына ұдайы көрсетіп отыруы керек.


 



  • Қыз осы мөлшерге келісімен әке де шаңырақтағы ең беделді, өнегелі адам екендігін көрсетіп, бұрынғы артық-ауысуынан ада-гүде қол үзбесе болмайды. Бұл өзінен бұрын бала алдындағы парызы, көрсететін әкелік өнегесі.

  • Мүшеліне келген қызға үйдегі өзінен үлкенді де, кішіні де сыйлау, сыйлата білуге дағдыландыру, қосымша ат қойғызу.

  • Балаға осы бастан маңайдағылардың өзі құралпы балаларындағы көргенділікті ұдайы құлағына құйып отырған артық емес. Сонда олар сол баладай болуға тырысады, еліктейді.


Қазақ қызы көбіне жастай ұзатылатындықтан, төсінің томпаюын, бөксесінің толуын жұрт көзіне көрсетпеуді шешесі қадағалаған. Бұл былай қарағанда көз сүрінетін әсемдік болғанымен, бұрынғылар үшін оның керісіншесі әсемдікке жатқан. Өйткені, қазақ халқы қыздың нәзіктігін, ұяңдығын әсемдік деп түсінген. Бұл – мұқым шығыс халқына ортақ көз. Омыраудың өсе бастағанын көрсетпеу үшін көп ана қызына кең кеудеше кигізген. Көйлекті кең және ұзын ғып кигізуде бөксенің тола бастағанын жасыру. Бұл да – қазақы әсемдік. «Анасыздың емшегі, әкесіздің аузы үлкен» деген осы әсемдікті сақтамағанда айтқан.


Қазақ қыздарындағы әсемдіктің ең құдіреттісінің бірі – мінез-құлық. Ата-ана баласын өзіміз сөз етіп отырған аржақ-бержағында биязылыққа, өте-мөте ұяңдыққа, нәзіктікке баса тәрбиелеген. Қазақ қызындағы ұяңдылықтың өзі әсемдіктің бір кереметі. Ішкі дүниесіндегі арпалысты аз сөзбен, дәл тауып қана, езіле, егіле айтып, әдеп сақтауының өзі байланысты адамын мұрат ететін құдырет болған. Сондықтан «қазақ қыздары махаббат» дегенді, «сүйгенім» дегенді бадырайтып айтуға ауыздары бармай, «қуатым», «қалқам», «қарғам», «құрбым» деп сыпайы айтқан. Мұны да көп айта бермей қысылтаяңда, бастарына күн туғанда, айырылысарда, боздап тұрып айтуға ауыздары әзер барған. Міне, өстудің өзінде қаншама әсемдік жатыр десеңізші.


Жігіттің қалыңдығына қашан ұрын барғанша жолай алмауының өзі бір әсемдік болған. Қазіргідей бүгін танысып, ертеңіне бас салу бұрын болмаған. Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, қазіргі кейбір жастар неке аманатын күні бұрын атқарып тастап, тойға құрсақты болып келетіндер де жоқ емес. Бірен-сарандарымыз біреудің етегінен ұстағанша талаймен әлекей-шүлекей болып үлгіреді емес пе. Біз баста сөз еткен аналар осындай сұмдықты болдырмау үшін, қыз әсемдігін ақы иесіне аман тапсыру үшін қызын балиғатқа толысымен бақылады ғой. Бұл арада бұрынғылардың әдепті де, әсемдікті де бүлдірмеу үшін күрескенін, тәрбиелей білгенін мойындаған жөн. Қызға қырық жерден аңдушы болатыны да осы әсемдіктен айырылмаудың бір әдісі.


Қыз баланы бақылауына, баулуына алған ананың әсемдік жөніндегі бір бастамасы – кестеге үйрету. Кестені қыз алғашында шытқа, онан соң


 


ержете келе түскиізге, тақияға, сандыққапқа тігіп, оған қосымша сырмақтың, дөдегенің, бұйымдардың оюларымен жалғастырады. Былайша айтқанда, қазақтағы әсемдіктің қақ жартысы әйелдердің қолынан шыққан.


Қазақ қызының сөйлеуінде де, күлуінде де, еркелеуінде де, тіпті ренжуінде де, ас ішіп, ас әперуінде де, отырысыңда да сұлулық, әсемдік, басқалық болған. Бұны қызға үйрететін алдымен ана, онан соң ауыл- аймақ, қалыптасқан салт-сана. Бұрынғы қыздар көптің көзінше күлуді, көсемсіп сөйлеуді, алдыда жүруді, қомағайлықты жұрт көзіне көрсетпеген.


Жалпы қорыта келгенде, бұрынғы қазақ қыздары мектеп пен медреседе этика мен эстетиканы мұғалімнен дәріс ретінде оқымағанымен, үйде олардың қазақы қасиетін анасы мен ауылынан жеріне жеткізе тоқыған. Сондықтан да олар әдепті, әсем болды.


«Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп қараған халқымыз ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеуді әжелер мен аналардың ісі болып саналған.


Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігін жақсы түсіне білген. Әрбір отбасы әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік ұқыптылығымен, сыпайы салмақтылығымен, әдетті-ізеттілігімен, иманды-инабаттылығымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, әлпештеп, мәпелеп жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, жасөспірім шақтағы олардың балқыған, шалқыған, еліктегін қасиеттерін ескеріп, оған


«Қырық үйден тыю» салу керектігін де үнемі еске алған.


Қыз болып қылтия бастағаннан «ақ отауға» енгенге дейін қызды қаншама сынақ күтіп тұрады. Оларды ең алдымен алып-ұшпа сезімді тежей білуге дағдыландырады. Бұл, әрине, оп-оңай жүзеге аса қоймайды. Сондықтан да ол үлкен сын.


Халықтың дәстүрі қыз бала тәрбиесінде ереже ұсынбайды, тек бағыт-бағдар береді, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жосығын нұсқайды. Оның барлық сыры мен сынына әдебі мен мінезіне, тілі мен дініне, әні мен күйіне, мінезі мен құлқына орай өрілген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Ол адал мен арам, обал мен сауап. Адам үшін ең қымбат түсінік те, жұмбақ түсінік те жанмен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шартын бақылай білу, кісінің ішкі сырын танып ұғыну арқылы өзін-өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра алу. Бүгінгі бойжеткен ертеңгі отбасы ұйытқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ел ардағы ақылман әже. Олай болса, халық танымындағы бойжеткенге қажетті сипат-имандылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісмерлік,


 


биязылық, мейірімділік. Бала тәрбиелейтін адамның бойына дарыта алатын болашақ ұрпағымызды ақылды, артына бір рулы елін ерткен асыл қадірлі адам етіп тәрбиелейтін де осы қыздар, болашақ аналар, әйел заты болғандықтан жақсы мінез-құлыққа баулып өсіреді. «Қызға қырық үйден тыю, қала берді есіктегі күңнен де тыю» дейді халқымыз. Бұл да қыз балалардың отбасындағы тәрбиесі, өмірге бейімділігі, әдептілігі, сезімтал да саналылығы биік болсын деген ойдан туған.


Қырықтың біріншісі – бесігің, үйің алтын босағаң. Олай болса қыз баланың тәрбиесі де осылардан басталады. Ол ең алдымен анаға байланысты. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақал тегін айтылмаған. Әулеттен әулетке қалған мұра имандылық пен инабаттылық болса «Жігіттің жақсысын – қыздай, қыздың жақсысын – уыздай» деп айтуда да терең мән жатыр. Жол жөнекей өнер сайысына сөзбен сынасуларына, әзіл-айтыстарға қымсынбай араласуларына еркіндік берген. Халқымыздың өз ұрпағының ақыл-ой тәрбиесінде ауыз әдебиетіміздің айтыс жанры, оның ішінде жұмбақ айтысы ерекше рөл атқарады. Жұмбақ айтыстарында жігіттерден гөрі қыз баланың жауабы өте ұтымды, ойлау қабілеттерінің өте ұшқырлықтарын көрсетіп отырған. Қыздың көркіне ақыл-ойы, мінез-құлқы сай болуын қалаған, оны сүйкімділікке, сыпайылыққа, нәзіктікке, жұмсақтыққа тәрбиелеген. Оларды ауылдың көркіне елдің анасына балаған, қадір-қасиет тұтқан, ұстамды, тұрақты, ақылды болуын талап еткен. Соған қарамастан еркелетіп еркіндік берген. «Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі» деп әйелді отбасының қадір-қасиеті тұтқан. Отбасының тірегі де, ұйытқысы да әйел заты деп уағыздаған.


Қыз балаға, яғни әйел затына табиғи жылылық, сезімталдық, тұрақтылық, кешірімділік, ұқыптылық, адалдық сияқты қасиеттер тән деп санады. Ананың жылы лебін, ақыл-ойын, аялы алақанын, шаруақорлығын жүрегімен сезіп, көзімен көрген бала әдепті, адамгершілігі мол, дені сау болып өсетінін жақсы білді. «Қыз – жағадағы құндыз, жігіт – аспандағы жұлдыз», «Қыз кетсе-қызық кетер»,


«Қыз қылығымен сүйкімді», «Ырыс алды – қыз», «Қарағым-шырағым, ауыл көркі – ақ лағым», «Қызы бар үйдің – қызығы бар» – деп оларға үлкен сеніммен үміт артады. Болашақ ана ретінде қадірлеп, «Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын» деп зор міндет жүктейді.


Сонымен, халқымыздың қыз бала тәрбиесі бойынша салт- дәстүрлерін саралай келе, «Қазақтың қыз бала тәрбиесінің» үлгісі төмендегі 2-суретте ұсынылған .


 























    
   
 
  

 


 

































Ана тәрбиесі



 



 



 



Әже тәрбиесі



 



 



 



Жеңге тәрбиесі



 



 



 
















Ұлттық салт- дәстүрлер арқылы тәрбиелеу



 















Ұлттық әдет- ғұрыптар арқылы тәрбиелеу



 

Енді бүгінгі қыздарымыз қандай деген сұраққа келгенде татымды жауап таба алмай, күмілжіп қаламыз. Өйткені, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде, соның ішінде қыз баланың тәрбиесінде біраз мәселелердің күн тәртібіне күрделеніп шыққан жайы бар. Бүгінгі бойжеткендеріміздің бойынан нәзік жаратылыс, аяулы мінез-құлық, айнадай тазалық пен айнымас адалдық сияқты қазақ қыздарына ғана тән асыл қасиеттерді табу оңай емес. Олар қазір байсалды болудың орнына тарпаң, ибалы, ізетті болудың орнына қытымыр, нысапты болудың орнына ашкөз болып бара жатқандай. Неге олай? Біздіңше, оның себебінің тамыры тереңде жатыр. Біріншіден, коғам, әсіресе, кешегі Кеңестер кезінде әйелдердің мойнына үлкен жүк артты. Сондықтан, олар бала тәрбиесіне, онын ішінде әсіресе, қыз балаға деген ерекше тәрбиеге ықтиятты көңіл бөле алмады. Олардың санасына сәби кезінен бастап жаңағы жоғарыда айтқанымыздай қасиеттерді сіңіре алған жоқ.


Мәселен, Жапония дүниежүзінде ұлттық салт-дәстүрін ең берік сақтаған ел. Ол елдің өз ұлтының ежелгі табиғатын қаймағын бұзбай тұтастай сақтауының басты себебі онда бала ес біле бастаған шағынан оған үлкенді сыйлауды, ізетті, ибалы болуды үйретіп, өз ұлтына тән басқа да қасиеттерді санасына сіңіре береді. Яғни, бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, ұлттық тәлім-тәрбиенің адам бойында қалыптасуына игі ықпал етеді екен.


Ал, біз өз ұлтымыздың қанымен келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне, әдебиетіне, өнеріне немқұрайлы, тіпті менсінбей қарадық. Керісінше, өзге ұлттардың мәдениеті мен әдебиетіне, өнеріне қызығушылық, көрсеқызарлық пайда болды. Соларға еліктедік, солардан үйренуге тырыстық, басқалардікі өзіміздікінен артық көрінді.


Бүгінде біздің сахнамызды, радиотолқындарымызды Батыстың жауыздыққа, әдепсіздікке, ойсыздыққа тәрбиелейтін қоқыр-соқыр


 


дүниелері жаулап алды. Оның жастар санасына жағымсыз жақтары, ар- ұяттан бездіретін келеңсіз көріністері көп екенін біле тұра, оған мән беріп, көңіл бөлмей келеміз. Ал, бізге керегі әлемдік мәдениеттің озық үлгілері. Оларды игеру үшін алдымен қыздарымыздың әлемдік мәдениеттің адами ізгі қасиеттерін игеруге, озық үлгілерін үйренуге және оның тұнығынан сусындай білуге баулуымыз керек. Сонда ғана ертеңгі күні ана болып, бала тәрбиелейтін олар ұлтымыздың кешегі өткен ата-бабаларымыздан келе жатқан болмысына лайықты ұрпак өсіре алады.


Тегінде, қыздар ер балаларға карағанда сезімтал, демек, еліктегіш келеді. Ал, қазіргі кезде олар еліктейтін дүниелер тым-тым көп. Әсіресе, Батыстан жеткен жабайы «қызықтар мен тамашалар» қаланы да, даланы да жайлап барады. Сол қызықтардың ортасында, соларға ынты- шынтысымен еліктеп, біздің «мәпелеп өсіріп» отырған ұлдарымыз бен қыздарымыз жүр. Бүгінгі қазақ қыздары Батыс салттарына көп еліктейді. Соның салдарынан қазір ешкімнен именбей-ақ темекі тартатын, көшеде жүріп келе жатып сыраны шишаның аузынан да сыңғыта беретін өрімдей жас қыздар көбейіп келеді. Олар киіну үлгісімен де сол батыстықтарға ұқсауға тырысып, көшеде жартылай жалаңаштанып, кіндіктерін көрсетіп жүре береді.


Бүгінгі таңда қызғалдақтай мәпелеп өсіріп отырған қызыңызды:


«Сенің ертеңгі негізгі орның – отбасының айналасы, ошақтың қасы» – деп қана үгіттеуге, әрине, болмайды. Бірақ, көрінгенге көп еліктеп, тым еркін жүріп, бейпіл сөйлеуден түбінде опық жеуі мүмкін екенін (ондайлар қазір аз ба?) ұрпағымызға ұғындыра берсек құба-құп болар еді.


Біз дербес мемлекет ретінде жас ұрпақ әсіресе, қыз балалар тәрбиесінің өткенмен үндестігін, сабақтастығын одан әрі тереңдете түсуіміз керек. Қазақ қызының бойына ұлттық ерекшеліктерді орнықтыру, жүректерінде ұлттық намыс отын маздату ел болудың басты талаптарының бірі. Қыздарымыз елін, жерін сүйетін, ұлтымыздың болашағын ойлайтын азаматша болып өссін десек, бәрінен бұрын ата-бабаларымыздың уақыт тезінен сүрінбей өткен дәстүрлі тәлім-тәрбиесін жаңа заманмен ұштастыра, қайта жаңғыртуымыз керек. Сонда ғана шын мәнісінде өмірдің қызғалдағындай қыз өсіре аламыз.


Грек ойшылы Платонның «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөзіне біздің халық қаншалықты лайық болғандығын айқындайды.


Тегіне көз салған ата-бабамыз «жақсы болсын тегі, заты, тұқымы, пәк ұяты болсын жанның тұнығы» деп орта ғасырлық ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай, қыз бойындағы пәктік, тазалық,


 


тәрбиелік, ар-ұяттың мөлдірлігі басты қасиет екендігін таразылай- мыз.


«Елден – елді аралап, Тектіден – текті саралап,


Нұсқасын байқап шамалап» – деп, Ақтанберді жырау жырлағандай, немесе,


«Көріп алсаң көріктіні, Таңдап   алсаң тектіні Сонда көңіл толмай ма?» –


деп,   Абай   айтқандай,   немесе халықтық   түсінікте қалыптасқан


«Тегіне қарап қызын ал, соғуына қарап қару ал», «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық», «Шешеге қарап қыз өсер» – деп, мақал сөздердегідей, болашақ жарының тәрбиелі, көргенді болуы   қазақ   дәстүрінде   басты   талап   болғандығын   түсіндіреміз.


«Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады» дегендей, бой жеткеннің ақылдылығы, зерделілігі, парасаттылығы таразыға түсіп отырған. Бұл жөнінде:


 


Ақылды әйел ізде десең сен егер,


Есті болса,төрт құбылаң теңелер


(Жұсіп Баласағұн);


 


 


Әйел алсаң көріп ал ақылдысын, Ол – сенің ақыреттік жақын кісің


 


 


(Шал ақын);


 


 


 


«Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба.


Ары бар, ұяты бар, ақылы бар, Ата-ананың қызынан қапыл қалма»


 


 


 


 


(Абай) –


 


деп,   даналар   жырлағандай,   бойжеткеннің   ақыл-зердесі   бағаланып,


«Алған жарың жақсы болса, барлық бақыт бастан кетпес деп түйгендігін зерделейміз .«Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деп, ата-бабамыз тектен тек айтпаса керек. Болашақ ошақ иесінің іскер, еңбексүйгіш, шебер, отбасына ұйытқы бола білуі, ерін күте білу, қонақты қарсы алу, бала тәрбиелеу, туысқа қамқорлық, аналық борышын орындау, іс тігу, тамақ даярлау т.б. қазіргі заманға сай отбасы тіршілігіне бейімділігі – әр бойжеткеннің басты талабы. Қай ата-ананы алсақ та қызының ертең барған жерінде «балдай батып,


 


судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.


Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ үлкендердің алдынан аттатпай өсіреді.   Халқымыз   «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» дегендей, жаңа отаудың   береке құтын ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін болашақ ұрпағына дұрыс тәлім тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.


Абай қыз балалардың жұбайлық өмірге ертерек баулынуы керектігіне ата-аналар назарын аударады. Қыз күнінде сырттай әжептеуір болып жүріп, үй болғанда берекесі кетіп, азып-тозып, салақ әйел атануы жастайынан үй іші тірлігіне ерте бауланбағанынан деп ескертеді. Сондықтан да Абай   ата-аналарға қыз бала тәрбиесіндегі халық дәстүрін басшылыққа алуды ұсынған. Соның айғағындай, абзал аналардың аялы алақанында   алаңсыз есіріп келе жатқан қыз балаларын өз алдына үй болғанда көптеген шаруалар күтіп тұратынын әр уақытта естен шығармай, сол жұмыстарға баули берген. Сонымен бірге адамгершілік қарым- қатынастың жай-жапсарын бойларына сіңіріп, өз қыздарын жақын жеңгелерімен сырлас болуға баулып, көбінесе сол үлгілі, өнегелі жеңгелерінің іс-әрекетіне еліктете бастаған.


«Келінім саған айтам, қызым сен тыңда» деп, жаңа түскен келінге ақыл айтып, талап қоя жүріп, өз қыздарының да осы шаруадан хабардар болуын естен шығармаған.


Тәлімгер аналар ес біле бастағаннан үй шаруасына жарап қалған қыз балаларына іс тіктіріп, үй күттіріп, барған үйіне жағымды, сыйлы адам болуы үшін үй тіршілігінің еңбек әрекетіне осылайша баулып отырған.


Бізге жеткен тәлім-тәрбие осы бір, қыздар жайлы айтылған арнаулы атаулар-сөздер осы мәселенің даяр оқулығы іспетті. Мысалы: «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Жібекті күте білмеген жүн қылады, қызды күте білмеген күң қылады» т.б. көптеген мақал-мәтелдер халық тәрбиесінің осы қырларын аша түседі


Қандай заманда болсын қыз бала қиын жерде жол тауып, өз намысын қорғайтын, елге пана болатын дәрежеге ақылымен, сабырымен тапқырлығымен, нәзік жүректігімен, ақыл-парасатымен жеткен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп отбасының, қоғамның тәрбиесі анаға байланысты екеніне   ерекше мән берілген.


Ежелгі қазақ тіршілігінде ақылы асқан дана қыздардың, әйелдердің рулы ел басқарғанын, рудың әйел атымен аталуының


 


мысалдары толып жатыр және мұның өзі сол дәуірде ерекше бір құбылыс емес – қалыпты нәрсе саналуының өзі – халқымыздың қыз балаға деген көзқарасының соншалықты озықтығының бір айғағы.


«Астың дәмін тұз келтірер, елдің сәнін қыз келтірер» деген дана халқымыз қыз баланы сондықтан мәпелеп, аялап өсірген.


Қазақ халқының аңыз, ертегі, дастан жырларында ердің сенімді серігі, анасы, ғашығы, жары, аяулы қарындасы ретінде әйел, қыз бала бейнесі келтірілмеген шығарма табу қиын. Осылардың көпшілігі халық ауыз әдебиетінде аңызға айналған. Кейбірі дала төсінде, желдің өтінде ескерткіштерге айналса, кейбір көркем кейіпкерлер ретінде халық жадында сақталған. Мысалы,   ежелгі Оғыз елін басқарған тоғыз батырдың сенімді серіктері бола білген батыр аруларға қойылған тоғыз ескерткіштің жетеуі Қазақстан жерінде болуы, Домалақ ене, Айша бибі, Бабаджа әйел мазарлары арқылы ақын Сара, ақылды Айман, күйші Дина, Нұрғаным, Зере, Айғаным бейнелері – соның дәлелі.


Қазақ жырларындағы ару бейнелері–Құртқа, Қыз Жібек, Баян, Аймандар даналығымен ақыл-парасат биіктігімен, қандай қиын сәттерде ұстамдылығымен, тапқырлығымен танылды. Солардан халқымыздың қыз бала тәрбиесімен жан-жақты айналысқанын көреміз.


Мұндағы:



  1. Ұлттық әдеттер: тазалық сақтау, адамгершілік, мәдени әдет- тер, еңбек әдеттері т.б.

  2. Ұлттық әдет-ғүрыптар: ырымдар,     жоралғылар,     рәсімдер, салтанаттар т.б.

  3. Ұлттық салт-дәстүрлер:    қыз   бала   тәрбиесіне    байланысты салттар мен дәстүрлер.


Көбінесе жұрт әлдебіреудің іс-әрекет, мінез-құлығы көңіліне жақса, «Көргені бар екен!» – деп сүйсініп, ұнатпаса «Көргенсіз екен» – деп күстәналап жатады. Ондай «көргенділік» пен


«көргенсіздіктің» адам бойында қалыптасуы алдымен отбасынан бастау алатыны да белгілі. Ал, біздің халқымыздың ежелден қалыптасып келе жатқан тәрбиелік дәстүрлерінде тәлімі мол үлгілер мен салттар аз емес.


Ұл бала тәрбиесі.


Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы


 


болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне


«сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да «жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын,


«Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын,


«Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын,


«Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз. Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата- анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі – ең бақытты өлім болып табылады» – деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр. Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні- қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйеген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің


 


қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай бейнеленеді:


а) кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, кең маңдайлы, кең иықты, жуан білекті, темірдей саусақты».


ә) қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, жау жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ». т.б) қабілет-икемі:


«Көсем жігіт» – ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» – дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» – еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері жігіт» – аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы – бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән   салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.


«Жомарт жігіт» –   дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары,


«Палуан жігіт» – мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі. Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық. Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басын да асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай кереғар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата- ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Бала тәрбиесі – бесіктен» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп


 


өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті. Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. Мамандар мұны ер- азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Қазақта «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Жеті атаға дейін өз руының қыздарына үйленбеуге тырысқан. Қазақтар ұлдарын он үш жасында отау иесі деп дайындаған. Бала дүниеге келгенде кіндігін кім кеседі, бесікке кім бөлейді сол адамға тартады деп те ырымдаған. Адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата- анасына көмектескісі келсе, қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде санайтын болсын. Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қыздардың – анасына, ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық. Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Ұл үшін әкесінен асып түсер мықты адам жоқ: ол көлік айдайды, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештеңеден қорықпайды. Қазақта үстелдің төрінде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім отырмайды. Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орындарынан тұрады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой деп мақтайды. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-


 


күйі тікелей ықпал етеді. Қазақта ұлдар әкесі немесе атасының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, жақсы көріп, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру – қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі. Қандай ата-ана болсын баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл – ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғынуы тиіс.


Ер жігіт тәрбиесі


Ұл тәрбиесінде ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт- байлық жаратушы екендігін, ер жігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ер жігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі. «Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауылдас бол» дейтін халық даналығына сай, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастаған соң, адамгершілігі жоғары, білімі терең жақсы адамдармен көрші болып, өнерлі, үлгі-тағылымды кісілермен жиі барыс-келіс жасап, ұрпақтарының тамаша үлгі – өнеге алып өсуіне тамаша шарт-жағдай әзірлеп береді. Арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болып шығуға талпындырады, түрлі жиын-тойлар мен үлкен кіші ортасында әдепті, ибалы, тәртіпті, мәдениетті болуға, өзін дұрыс ұстап, жаман мінез, жағымсыз қылық көрсетпеуге дағдыландырады. Үлкен кіші ортасында бей-әдеп сөз сөйлеп, асып-таспауға, ашық-шашық жүгірмеуге үйретеді. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет істесе де кішпейіл, қарапайым, қажырлы болып, ер азаматқа лайық ерлік, серілік танытып, еркектік мінез, азаматтық тұрғыдан жазбауға жетелейді. «Еркек мінезді әйелден, әйел мінезді еркектен без» деп еркекте еркектік, әйелде әйелдік қасиет болуын дәріптейді.


Ер балалардың 7 мен 10 жас аралығын «қозы жасы» деп, бұл жастағы балаларға әр түлік мал мен оның төлдерінің бөгенайын, белгі, қасиеттерін жыға тану   талабын   қойған. 10   жастан   20   жасқа дейінгі жасты «қой жасы», «қотан жасы» деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың «ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау» сияқты


 


алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған. 20 жастан


30 жасқа дейінгі жасты «жылқы жасы» деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел танып, жер танып, жылқының жиырмаа қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да батыр болу талабы қойылады. Ұрпақтарды жасына қарай талап қойып тәрбиелеу тәрбиенің жұғымдылығын арттырады. Ар- намысты, атақ –даңқты жеке басы мен өз мүддесін жоғары қоюдай ұлы мұрат, асқақ арман орнатуына тамаша негіз қалайды.


Бұл тәрбие ұл балалардың жауапкершілікке және қожайындық сезімі билей бастайды. Отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін арттырады. Есейгенде ақыл-айла, күш- қайрат жағынан ақаусыз есейіп, туған жерге, Отанға, халыққа мол үлес қосу санасын жоғарылатады. Әрқашан өздерін ел алдында ер азаматтық биіктен көрсетуге тырысатын намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып шығады.


Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін болған. Әр отбасы–жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке. Отбасының мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.


Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ел ағаларына байланысты. Қазақ халқы ер бала тәрбиесіне өте зор мән берген. Қазақ халқы 7 атаға дейін, мүмкін болса өз руының қыздарына үйленбеуге тырысады. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Атам замандарда қазақтар ұлдарын 13 жасында отау иесі деп дайындаған. Қазіргі заман басқа, заң бойынша 18 жасқа толғасын некеге отыра алады. Ең дұрысы Отан алдындағы әскери міндетін атқарып келгесін 20-22 жаста ата-баба салт-дәстүрі бойынша үйленген жөн. «Отызында орда бұзбасаң, қырығында қамал ала алмай қаласың» деген сөз бекер айтылмағанын да ескерген дұрыс. Үйленер алдында жастар толық дәрігерлік тексерістен өтеді. Келіншегінің екі қабат кезінде не ішуге болмайды, неден сақ болу керек, үйленгеннен кейін баланы 9 ай көтеру


 


керектігі, ол үшін анасының денсаулығы зор болуы т.б. сұрақтарын алдын ала дәрігермен кеңесіп шешіп алғандары жөн. Әйел екі қабат екенін білмей, соның кесірінен байқамай арақ-шарап, сыра, беталды дәрі-дәрмектер ішкеннен т.б. ауру балалар пайда болатынын жас ана білгені дұрыс.  Бала            дүниеге     келгенде     кіндігін           кім        кеседі,       кім перзентханадан көтеріп алып шығады, бесікке кім бөлейді т.б. сол адамға тартады деген ырымға байланысты әке-шешесі ойластырып, ата- әжелерімен, дәрігерімен ақылдасып беделді, елге сыйлы ел аналарын дайындайды. Бір ғана «баланы жастан» деген сөздің астарынан қазақ халқының бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Халқымыздың сан  ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, адамның бақыты -балада деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт     деген                 құдыретті    сөздің      өлшемі өмірінің               жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер дейді дана халықымыз. Ер  баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла, алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса, он алты жасқа толғасын досыңдай    сырлас,      сыйлас     деген    қазақ            халқында    нақыл  сөз бар. Бұл сөздің мағынасы бала дүниеге келгеннен бастап қорға, қамқорла, қалауын жаса, мүмкіндігіңше ұнатқан ойыншығын, қажет нәрселерін алып  бер,        ойын      арқылы  баланы                        тәрбиелеуге болатынын          есіңнен шығарма дегені.


Қазақтың ұлттық ойындары асық, тоғызқұмалақ т.б. ойындардан бастап, қазіргі заманға сай, балаға қажет деген ойын түрлерін үйрет. Баланың сүйікті ойыны арқылы да, икеміне қарай, болашақта кім болатынын да болжауға болатынын ата-бабаларымыз білген. Баланы бесікке бөлеу, дәрігермен ақылдасып дене шынықтырулар жасау, еңбектеуіне мүмкіндік беру, тәй-тәй басып жүре бастағанда тұсауын кесу – бәрін уақыты жеткенде жасау. Бір ескеретін жай бала еңбектеп жүргенде күштеп жүргізуге болмайды. Еңбектеу арқылы тізесі, аяқ сүйектері әбден дамуы қажет. Ерте жүргізу әрекетін жасасаңыз, баланың аяғының бұлшық еттері өсіп, сүйек, сіңірлері тартылып қалады. Баланы дәрігер 1 жасқа дейін үйге қеліп қарайды, балаң жөнінде дәрігердің берген кеңесін мұқият тыңдап, жазып ал. Баланы ойнап жеңуге болатынын ескеру арқылы кішкентайынан тәртіпке көндіре білу өте маңызды. Баланы жасына қарай тәрбиелеу керектігін


 


естен шығармау қажет. Тіпті балаға берген тапсырманың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, теріс ісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана ер бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Ата-ана ұл-қыздармен үй шаруасын істеп жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге де болады. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше, үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн. Ер жігіттің бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау–ата- ананың басты парызы. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, негізсіз айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата- анасының уысынан шыққан соң өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя–мектеп екенін естен шығармау керек.


16 жасқа, яғни кәмілетке толғасын досыңдай сыйлас, санас, ақылдас дегені. Балаңа еркіндік бер, арман, мақсаттарының орындалуы жөнінде кеңес. Сені сенімді дос санайтын болсын. Сен жақсы дос, үлгі тұтатын әке болсаң, балаң саған адал дос, қолдаушың болады. Мамандық таңдауға көмектес, мамандық таңдағанда баланың нені жақсы көретініне, не қолынан келетініне, неге икемі барына, алған біліміне, таңдаған, яғни жақсы көретін пәніне, нені ұнататына мән берген жөн. Завод, фабрика және әр түрлі мекемелерде қарапайым жұмысшыдан бастап басшысына дейін қандай мамандар жұмыс жасайды, сол жөнінде де ақыл бер. Балаңыз суретті жақсы салатын болса, оған әнші бол деп қыйнап не керегі бар. Немесе мұғалім болғысы келетін балаңызға, дәрігер бол деп, инженер механик болғысы келетін балаңызға, заңгер бол деп, қаржыгер болғысы келетін балаңызға, мал дәрігері бол деген орынсыз екенін түсінген жөн. Қазақша бұны буынсыз жерге пышақ


 


ұрма дейді. Ер баланың әскер қатарында болып келгені өте жақсы, бірақ, барғысы келмесе, мамандығы бойынша жұмыс жасағысы келсе баланы босқа қыйнамай әскери курстардан өткізіп алса да болады.


Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезді, әжелеріміздің сөзімен айтқанда, күн жаумай-ақ үсті су боп жүретін ынжық балалардың жиірек ұшырасуы алаңдатады. Мамандар мұны ер- азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары деседі. Расында да, үйде анасының ғана тәрбиесін көрсе, мектептегі мұғалімдердің 80-90 пайызы әйелдер болса, ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қашанда қыздардың – анасына, ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық. Бұл қан арқылы келетін ұмтылыс. Кішкентай ұл үшін әкесінен асып түсер мықты жоқ: ол машина айдайды, күші көп, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештемеден қорықпайды т.б. Бала өзінің де әр қылығы, әр қимылы әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Тіпті оның қырынып жатқанына да қызыға қарайды. Егер әке жұмысбастылықты, жеке қызығушылықты, көшедегі ойын-сауықты отбасыдан жоғары қойып, ұрпақ тәрбиесіне ұқыпсыз қарайтын болса осы талпыныс бірте-бірте басылып қалуы да мүмкін. Бала тәрбиесіне – әке де, ана да бірдей айналысуы тиіс күрделі міндет. Балалар есейген сайын ата-ана мойнындағы жауапкершіліктің жүгі ауырлай түспек. Есі кіріп қалған жасөспірімдер енді ата-ана сөзіне, айтқан ақылына ғана емес, істеген ісіне де мән беріп қарайды. Әке мен ананың отбасындағы өзіндік рөлі болатынын да ұмытпаған дұрыс. Әрине, перзент үшін екеуі де–ардақты, ақылшы, қамқоршы. Алайда бәрібір әкенің отбасылық қарым- қатынастағы орны бәрінен биік тұруы қажет. Кей үйлерде осындай табиғи тәртіптің өзі бұзылған. Яғни, түпкі сөздің тізгіні, шаңырақтағы билік әйелдің қолына көшкен. Оның түрлі себептері болуы мүмкін (ері жұмыс істемейді, әйелінің табысы көбірек, күйеуінің иі жұмсақ т.б.), бірақ бұл жағдай сол отбасындағы балалардың психологиясына, өмірлік көзқарастарының қалыптасуына кері әсер етеді. Ертең олар да ата- анасының ізімен жүріп, күйеуін басынған, сыйламайтын, арсыз, ұятсыз әйел, ынжық еркектердің, күшік күйеулердің қатарын толықтырып ағайындарының, ел-жұртының абыройын айрандай төгеді.


Қайсыбір ерлі-зайыптылар балаларының көзінше айқайласып, жанжалдасып, тіпті бір-біріне қол көтеріп жатады. Немесе бір-бірін кемсітіп, мұқатып, бала алдындағы абыройын жұрдай қылады. Бұл перзент санасына соққы боп тиетіні өз алдына, мұндай ата-ананы бірте- бірте балалары өскенде тек амалдың жоқтығынан ғана сыйлайтын болады, не тастап кетеді, не қарттар үйіне өткізіп жібереді. Әке үй-іші немесе әулет басшысы, отағасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы, қорғаушысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде


 


әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратын-дығы да анық. Ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан әке тәрбиесі   дұрыс   та,   мейірімді   болу керек. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой – деп мақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта, мамандықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай өзі таңдаған мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әке-шешесінің басты міндеттерінің бірі.


Келін тәрбиесі.


Қазақтың отбасындағы тәрбиеде ерекше орын берілетін мәселе– келін тәрбиесі. Келін – жат жұрттан келген, үй ішіндегі жаңа мүше. Егер ол өзінің жақсы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын әкелсе нұр үстіне нұр, ал кері болса, оны қауіпті деп есептеген халық. Сондықтан қариялар үйленетін жігітті ондай қауіптен күні бұрын сақтандырып отырған. Мысалы, «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық»,


«Есік көргенді алма, бесік көргенді ал»-деп, кеңес беріп отырған.


Қазақта «Баланы жастан, келінді бастан» деген мақал бар. Мұның мәні: баланы жұмысқа да, ақылға да жастай үйрет, ал жаңа түскен келін де жас бала, олай болса балаға жасамақ тәрбиені келіннен аяма десе, келіннің баладан өзгешелігін ескерткен. Сол сияқты қазақта «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген мақал бар. Мәні: жаңа келген жұрты келінді жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа баулыған.


Келін келіп түсісімен беташар жасалады. «Келіннің бетін кім ашса – сол ыстық» деген сөз бар. Мәні: ақын келіннің бетпердесін желпіп тұрып, үй-іші, туыстары, ауыл-аймақ үлкендерінің аттарын атап тұрып таныстырады, ал келін әрбіріне иіліп сәлем беріп тұрады. Сондай-ақ,


«Жас келін бойын жасырады, даңқын елден асырады» деген қолпаштау сөз ел арасында сақталған. Мәні: ата-енесі, әжесі мен атасы бар жас келін олардан бой жасыруын міндет деп санаған. Бұл ибалық, иба - кішілікті ғана көрсетпейді, ол келіннің тәрбиелілігінен нышан береді.


 


Егер келінге далада үлкен кісілер кездесе қалса, «иіліп сәлем» беріп, үлкен кісілерді ізетімен ырза қылады. Бұл сыпайы, ибалы жас келіннің өзін сыйлатуының басты құралы. Міне, осыдан келіп «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дегендегі «тыңда» сөзінде жүз жыртыспаудың, ибалы болудың ұшығы жатыр, яғни «тәрбиелі келін бол» деген ой жатады екен.


Енді қазақтың келін тәрбиелеудегі салт-дәстүрлердің маңызына тоқталайық. Қыз бала бой жетіп, әке-шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады. Ол өз шаңырағын көтеріп, үй шаруасына иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып, өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу–қыз баланың мақтанышы, әрі бақыты. Бұған, әсіресе, әке-шешесі қуанады. Алайда, оған дейін қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренген өнегелері мен өтейтін міндеттері аз болмайды. Солардың бәрі қосыла келе, келін тәртібі яғни келін болу әдебін құрайды. Соған мойынсұнып, ынта қойып үйрену, даярлану көргенділіктің белгісі. Қыз бала келін болып түскенде, атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді аттап өтуге болмайтын әдеп инабаттылық талаптар жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Келінге қатысты халықтық дәстүрден, туыстық атаулардан, олардың өзара және өзімен арақатынасынан жақсы хабардар болуы керек. Үй ішіне келетін жаңа мүше – келін. Қазақтың ата салтында келіннің келген жерінде ата-енесінен, сол үйдің үлкендерінен бұрын тұру, жуынып-шайынып, үсті-басын ретке келтіріп өзінен кейін тұрған ата-енесіне сәлем беру әдеті бар. Бұлайша ізет жасау үлкендер мен келін арасындағы қарым-қатынасқа жылылық, сыйластық, инабаттылық дарытады, қанға сіңген халықтық ұғым бойынша, үлкендер соған-ақ төбелері көкке жеткендей қуанып, мәз болып, ыстық ықыласпен, баталарын береді, келіннің сол сәл ғана еңбегін, он есе артығымен өзіне қайтарады. Ал, келіннің дүниеден үміті жоқ жандай, сәске түске дейін шашының дудасы шығып, пырылдап ұйықтап жатқаны жараса ма? «Өзің жатып байыңа тұр-тұрлама келіншек»-деген әзіл-шыны аралас сөздің астарында үлкен мән бар екенін жастар аңғара бермейді. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық»- дегендей, отауының сәнін, ошақ басының берекесін ендіретін шаруа аз ба? «Жаман келін мыңқылдап жүріп билейдінің» керін келтіріп, үйі жинаусыз, кірі жуусыз, ыбырсып жататын, бірдеңеге қолының ұшы тисе, қабағын қарс жауып, қайғының қара суын сапыратын келінді қай кісі, қай қылығы үшін жақсы көріп, рахмет айтады? Жақсы адамға жарасатын ширақ қимыл, сезімтал сергектікпен жайдары қабағы ашық жүзбен үйін үй қылып ұстап, үлкендеріне ізетін міндет етпейтін келіннен ата-енесі айналып кетпей ме?! Осы орайда айта кететін тағы бір мәселе – келіннің келген үйінен басқа да үлкен-


 


кіші туыстарына өздеріне жарасымды, сыпайы әрі құрметтеуді білдіретін ат қойып алу да ұлтымызға ғана тән бір әдемі әдетіміз. Күйеуінің әкесін «Қайын ата», шешесін «Қайын ене», қарындастарын


«Қайын сіңлі», ағаларын «Жақсы аға», «Үлкен аға» т.б., інілеріне «Сал жігіт», «Мырза бала» т.б., ал бұрын қыздарды «Апа» деп, не олардың күйеулерінің аттарымен «Бәлендегі қыз» дей салады. Жас келіндер күйеуінің бірге туған немере, шөбере туыстарының өздеріне жоғарыдағыдай ат қоюмен бірге, олардың әйелдерін өзіне, яғни абысын- ажындарына да «Үлкен апа», «Кіші апа», «Жеңешем», «Үлкен жеңешем», «Кіші жеңешем», «Әбікем», «Апатайым» т.б. деп атайды.


Өзі келін болып түскеннен кейінгі балалардың атын атай береді. Әркімнің туыстық жақыңдығына қарай, елде, қоғамда алатын орны мен беделіне лайыкты ат қойған келіндердің ізеттілігі мен қойған атының ақылдылығына қарай үлкендер ол келінді ұнатып, сыйлай бастайды. Би, болыс болып жүрген қайнағаларына «Би ата», «Би аға», «Болыс ата»,


«Ел ата» деп атайды. Әдепті келіндер ат тергеуге соншалықты мән беріп, үлкендердің аттарын тура атамайды, ол тұрмақ қайын ата, қайын ағалары мен аттас бөтен адамдарды, мысалы оларға былай деп ат қояды: «қажы атам аттасы», «ағажан аттас» деген сөздермен білдіреді.


Қазақ әйелдері күйеулерінің де атын атамай, оларды «отағасы»,


«біздің үйдің кісісі», «қожайын», «бәленнің ағасы» дейтін. Күйеулерінің құрдастарының да атын атамай, оларды да «құрдас» деп атандыратын. Ат тергеудегі қазақ әйелдерінің аса ізеттілігі мен тапқырлығын дәлелдейтін мынадай әңгіме сақталған:


«Бір қазақтың бес ұлы болыпты. Олардың аттары: Көлбай, Қонысбай, Койлыбай, Қасқырбай және Пышақбай екен. Бір күні келіні суға барса, көлдің ар жағында, қамыстың бер жағында қасқыр қойды жеп жатыр екен. Сонда келіні ауылға жүгіріп келіп: «Сарқыраманың ар жағында, сылдырламаның бержағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіндер» депті.


Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тірі де өзін, өлгенде әруаған құрметтеп есінде сақтауды үлкен әдептілік, көргенділік деп есептейтін де, ондай адамдарға барша жұртшылық дән ризалықпен қараған. Кішінің үлкенді, үлкеннің өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлауды халқымыздың қанына сіңген қасиетті дәстүрі. Сонымен қатар, қазақ халқында «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық–ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» деген үш тармақты, бір бүтін аталы сөздің бар екені мәлім. Мұндағы «ақ жаулық» деген әйел мағынасындағы сөз екені түсінікті. Сондықтан, әйелдің инабатты, ізеттіліктің, мәдениетінің белгісі, ол әйелдің ақ жаулығы, яғни, басына тартатын орамалы. Ертеде қазақ келіндері басынан ақ орамалын тастамаған. Бұл тәрбие мынадай мысалдармен айтылған, «қараңғыда жалаңбас жүруге болмайды», «суға


 


жалаңбас бармайды»,–дегендей. Ақ орамал тарту ол келіннің көңіл күйінің ақ екенін, яғни тазалығын білдірген.


Келінге тән міндеттің бірі ол келіннің дәстүрлі түрде амандасуы. Келіндер жасы үлкен ата-ене, қайнағаларға үйге кіріп амандасқанда, немесе қымыз, шай, ас-су әкеп бергенде, сәл тізесін бүгіп, үш рет басын иіп, сәлем жасаған.


Үлкен астан кейін, үй иесі жас келінді шақырып, ақсақалдардың алдындағы табақты алдырып, келінге сәлем жасатып, үлкен кісілердің батасын алдыртқан. Осындай үлкендерден алғыс алған жас келін үй ішінің ішкі өміріне бар ынта-жігерімен аянбай еңбек ете кірісіп, елге жағуға тырысқан. Бата тілектер жастарды жақсы сөзбен жарылқап, еңбекке ынталандыру, отбасы татулығын күшейтуге айрықша әсер еткен. Әрдайым қазақ келіні сабырлы, ұстамды, ізетті, кішіпейіл, еңбекқор, балажанды, әрі тазалығы мықты болуы тиіс. Келіншек келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын. Келіннің қолынан татқан тамақ, ішкен шай бапты, дәмді көрінсін, яғни әрбір қазақ келіндері ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерін өз жанына қалыптастыруы тиіс.


Қазақ салты бойынша бұрын ата-енесі қолына түскен келінін бір жыл толғанша төркініне жібермеген. Мұның мәнісі -осы аралықта келінді тәрбиелеуі керек. Балалық шіркіннің бас асауы басылмай келген жас келінге бұл бір жыл оңайға түспейді. Ауыр еңбекке, қатал тәртіпке толы бір жыл ол үшін қыл көпірден өткенмен бірдей.


Бірінші, осы уақыт ішінде келген жеріндегі ата-ене, қайнаға, қайын, абысын, тағы басқаларға ат қойып, оны жаңылмай айтуы керек.


Екінші, киіз үйдің түңдігін елең алаңда ашып, су әкелу, от жағу, сол сияқты түндікті ел жатқанда жабу келіннің міндеті. Осы аралықтағы шай қайнату, іркіт пісу, қымыз қотару, құрт жаю, кір жуу, саба пісу, ыдыс-аяқ жуу, сиыр сауу, қой қосақтау, бие сауу, тезек теру, түскі ас, кешкі тамақ, ішек-қарын тазалау сықылды тізе бүктірмейтін жұмыстардың түрі үзілмейді. Келін қалғып-шұлғып, жығылып-сүрініп кешке әрең жеткенімен, елдің соңында жатуы керек. Қазақ қай бір ерте жататын халық. Қонағы түн ішінде келсе, келінге тіпті ұйқы жоқ. Сонда келін орта есеппен 17-18 сағат ауыр жұмыс істейді.


Үшінші, осы бір жыл ішінде үлкен үйге сәлем беріп кіруден, артымен шығудан жаңылмауы шарт.


Төртінші, келін жыл бойы жібектей болуы, мінез көрсетпеуі керек. Егер қай күні ерте тұра алмай қалып, «Тентегім» деп өзі ат қойған қайындары төсектің тұсына кеп: «Мына қатынды марту басып жатыр ма?» деп, киіз үйді құрықпен сабаласа да қарсы шықпай, атып тұруы керек. Мұны орындамаса «шуаяқ» деген атқа ие болады.


 


Бұл төртеуін ата-ене келінді еңбекке, адамгершілікке қалыптастыру үшін әдейі істейді. Бұл - олардың, өздерінше мектебі.


Кейін бұдан тұңғыш баласын босанып, ол қырқынан шыққанда бір- ақ құтылады. Сонан соң енесі келінді бірінші рет төрге шығарып: «Сен енді санатқа қосылдың. Бұрын бала едің, енді ана болдың. Бұрынғымыз өзіңді адам болсын, пыссын дегеніміз. Енді осы үйге толық мүшесің», – деп келінінің маңдайынан сүйіп, мейірім білдіреді. Сәлем беруден азат етеді. Қолына ағаш теген, себеле пышақ ұстатып, тошалаға апарып, не бір керемет мүшелерді өз бетімен таңдап асуға рұқсат береді. Тіпті осыдан кейін қонаққа өз бетімен мал сойғызуға да рұқсат етіледі.


Бірақ бұл құқыға келін үйінен келген киелі киімді сол төрде отырып кигеннен кейін қақылы. Сол түні ата-ана келіннің төркінінен келген кимешек-шылауышты өз қолдарымен кигізеді. Арттағы әке-шешелері бұл бас киімді қыздары тез балалы болсын деп сандыққа әдейі ырыммен салады. Бізге бұл киімді киелі дегізіп отырған да осы ырым. Егер келін ұзақ уақыт бала көтермей, кимешек-шылауыш сандықта жата берсе, ата- ене өздерінің бір кінәсі үшін кие атты деп іштей желінеді.


Келін қыз күнінде, сәукелені сұлу болуы үшін, елдің көзін сүрінту үшін тіккізсе, кимешек-шылауышты ана болу үшін дайындатады.


Қазақ әсілі ақ түсті ұнатады. Ақ әйелдің көріксізі болмайды. Оған ақ кимешек пен шылауыш қосылған соң тіпті құлпырады.


Мұнда бір айта кететін жайт, сәукеле сәнге, қызықтыруға бола тігілсе, кимешек-шылауыш қызғаныштан, кінәдан аулақ болуға арналып дайындалады. Қызықтыратыны – қандай қыз болмасын өзіне жақсы жігітті табуды көксейді. Ол үшін оларға ең алдымен көркем болып көрінуі керек. Біреудің етегінен ұстап, басы байланған соң, енді бұны алған адамның басқалардан қызғануы туады. Әйелдің еркекті арбайтыны көп. Соның бірі-қолаң қара шаш пен ақ мамық тамақ. Кимешек-шылауыш осыларға біреу-міреу тамсанбасын деп жауып тұрады. Әрі жылылық, әрі тазалыққа жақсы. Ата-ененің келініне бұны кигізуінің бір жағында мұндай да мән болғанымен, өз тізгіні өз қолына тиіп, отбасы мүшелігіне өтіп алған келін оны ұдайы кимейді.


Сонымен, қазақ отбасында келін тәрбиесіне ерекше мән беріп, оны болашақ ана, үй иесінің адал жары, үйдің киесі деп санаған. Сондықтан кез-келген қыз бала болашақ келін болуға өзін-өзі даярлау қажет, өйткені келін – болашақ ана, отбасының негізгі мүшесі.


Бұл үлгідегі құда түсу дәстүрі, келін түсіру дәстүрі, беташар тойын жасау дәстүрі, келінді отбасында тәрбиелеу дәстүрі жеке-жеке қарастырылып, олардың мазмұндары қажетті әдебиеттерді пайдаланылып жасалады.


Қазақтың келін тәрбиелеудегі салт-дәстүрлердің маңызын аша отырып, «Қазақтың келін тәрбиесінің» үлгісін ұсынамыз.


 


 


 


Келінді жаңа отбасында тәрбиелеуге қазақ халқы ерекше мән берген. Жаңа түскен жас келінге енесі өз білгендерін үйретіп, еңбекке, үй ішінің жинақылығына үйрету ежелгі ел дәстүрі болған. «Жақсы ауылға келген келін – келін, жаман ауылға келген келін – келсап» деу біреудің жас баласын тәрбиелеп, адам қылу бүкіл ауылға, әсіресе өнеге үлкен сын екенін білдіруден шыққан. Парасатты әжелердің «Келініңді қызыңдай көр, қызың да келін болмас па?» деуі немесе «Келіннің өнегелі болуы енеден» деуі үлкендерге де жауапкершілік артудан туған ой-пікірлер. Өз білгенін келініне үйретіп, өнегелі, көргенді келін атандыруға енелер де тырысқан. Енесі жеңгелері жаңа түскен келінге айтатын күйеуіңнен басқа ер адамдарға, қолыңның ұшынан басқа денеңді көрсетпе, жалаң бас, жалаң аяқ жүрме, еркектің жолын кесіп өтпе, үлкендер отырған үйге баса көктеп кірме т.б. өсиеттердің бәрі өнеге тәлім-тәрбие. Ежелгі ел дәстүрі бойынша келін алдымен, түскен жерінің үлкен – кішісіне, еркек – әйеліне өзінше ат қояды. Мысалы, «еркем, кішкене қайным» деп қайныларына қойса, ол аттардың қисынды, тапқырлықпен қойылуы жас келінге сын болған. Бұл жас келінді әдептілікке баулудың бастамасы болып саналған.


Келіннің қолынан шай ішу, дәм тату, сол арқылы оның аспазшылық, ұқыптылық өнерін мақтау да ежелгі ел дәстүрі. Бәленше келіннің берген шайы, ас ұстауы қандай тамаша деп таңдай қағып мадақтаған. Келіні 1,5-2 жыл бойы үлкен сында болған. Сыннан сүрінбей өтіп, жақсы атаққа ие болған келіндер тұңғыш баласын туған соң, енесі «шырағым, сен енді ана болдың, балалықтан қол үздің, сыннан сүрінбей өттің» дегендей ишарат білдіріп, келінді сәлем етуден, босағада отырудан босатқан. Осы сөзден кейін ғана шын мәнісінде келін мен ене арасында сыйластық, жарасымдылық орнаған. Әйел қандай биік дәрежелі жұмыс


 


істемесін, қайда болмасын оның ең басты міндеті – өмірге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының беріктігі әйелге байланысты. Әйел сабырлығы, кешірімділігі, сыпайылығымен т.с.с. жақсы қасиеттермен үй-ішіне береке әкеп, шаңырақ бақытын орната алады.


Халықтың ауыз әдебиетінде жас әйелдің төзімділігін, шыдамдылығын суреттейтін мынадай аңыз бар: «Ертеде бір шаруа кісі жалғыз баласына өзі теңдес біреудің қызын алып береді. Той тарқаған соң 2-3 күннен кейін жас келін өзінің отауында қыздармен сөйлесіп отырып қатты күледі. Сол кезде атасы, сыртта дәрет алып отыр екен, келіннің қатты күлгенін ерсі көріп: «Осыншама саңқылдап күлген қандай көргенсіздің баласы екен» депті. Бұл сөз жас келінге өте ауыр тиеді де, сол күннен бастап ол сөйлемей қояды. Кешке күйеуі келіп, тіл қатса сөйлемейді. «Баласы келініңізге бір нәрсенің салқыны тиген бе қалай, тілі байланып қалыпты» дейді. Бұл сөзді естіп атасы өз еліндегі бақсы-балгерлердің бәріне емдетеді. Бірақ келінге ешқандай ем қонбайды. Келін ата-енесін жақсы күтетін болған соң, оны тастауға қимай әкесі баласына тоқал алуға рұқсатын береді. Жаңа келген келін арбадан түспей жатып:


- Келіншектің үйін ілгері тігіңдер деп отауын тігіп жатқандарға бұйыра сөйлейді.


Сонда жігіттің бірінші әйелі шығып:


Келін, келін, келін-ай,


Келмей жатып, сөзге бақ, Мен келгелі жеті жыл,


Сөйлегенім бүгін-ақ, – депті.


Бұрынғы келіннің сөйлеп кеткенін естіген атасы ақсарбас айтып:


«Ойбай балам, ана сампылдаған тоқалынды құрт, ақ келінімнің садағасы кетсін!» – деп жаңа келген келінді отауын да тіктірместен, төркініне апарып тастайды.


Үйінен келіншектің жеті жылдай сөйлемей қойған себебін естігенде:


«Аһ, сақалдыдан кеткен ағаттық, сайтанға болады тояттық!» – депті атасы.


Міне бұл үлкен кісінің аңдамай айтқан бір ауыз сөзі жас адамның жүрегіне қандай ауыр жара салғанын көрсетеді.


Әрине, үлкеннің үлкендігі, кішінің кішілігі болуға тиіс. Үлкен адам өз балаларына жамандық ойламайды, тек кейде ашуланып қатты айтуы мүмкін. Жастар кішілік жасап, үлкеннің ондай ашуланып, қатты айтқанын көтеруге тиіс.


Қазіргі кезде, яғни егемендік алып, тәуелсіздікке қолымыз жетіп, еліміздің мәдениетіне, салт-дәстүріне қайта оралдық. Еліміздің «ұлттық тәрбиеге»   деген    көзқарасы    қалыптаса    бастады. Ата-енелердің келін тәрбиесіне деген көзқарастары да өзгерді. Мысалы, бірнеше жыл


 


бұрын түскен келінге: «Балам от өте қауіпті, шашыңа тисе күйіп қалуың мүмкін» десе, түсінген келінге бұдан артық тәрбие бола ма? Біздіңше, орамал тарту-ол жас келіннің мәдениетін, тазалығын байқатады.


Халқымыздың келін тәрбиесінде жат бола бастаған дәстүрінің бірі ат қою. Бір күні көшеде есімі Аман деген кісі келе жатыпты, алдынан қарама-қарсы өткен келін: «Амансыз ба?» – деп сәлемдесіпті, сонда әлгі кісі: «Иә, деп, сол Аман мен боламын» деген екен. Сол сияқты үлкен кісілердің аттарын тергеу немесе «қайын аға», «қайын сіңілі», «қайын інілерге» ат қоюдың еш бір артығы болмас деп, «аға» деген сөзді жанамалап сәндеп қояды. Ол ат қойғанға жатпайды. Мысалы, қайнағам бар, өзі ақ көңіл, өзі мырза, ол кісіні: «Мырза аға» деймін, қайын інім бар «үйдің кенжесі», қайын інімді «кенже бала» деймін, қайын сіңілімді


«ақылдас» деймін, себебі екеуміздің сырымызда, мұңымызда бір. Ат қою адамдардың, яғни жас келіннің ат қоюы сыйластығын, қарым- қатынасын арттырады.


Сонымен, келін–үйдің сәні, отбасында татулықтың, сыйластықтың, кішіпейілдіктің, ынтымақтың, бірліктің бастаушы ұйытқысы. Сондықтан келінді жаңа отбасында ол келген күннен бастап, оны жас баладай тәрбиелеу қажет: «Келінді бастан, баланы жастан» – деген даналық осыдан шыққан.


Халқымыздың салт-дәстүрі арқылы тәрбиеленген келін тәрбиелі әйел болып, ал ондай әйел отбасының шамшырағы, бағы, сәулесі, еркектің берік қамалы болары һақ. Күнделікті өмірдегі тірлішік барысын байқай отырып, «Алла тағала әйелді еркектің қабырғасынан жаратқан» деген сөзге еріксіз бас ұрасың. Бұл да жаратылыстың құдіреті шығар. Әрине, әйелді де, еркекті де тәңір жаратып отырғандықтан да екеуінің де қоғамдағы алатын орны мен рөлі, күнделікті тіршілікте атқаратын қызметтері үйлесіп, бір-бірімен заңды түрде байланысып жатады. Елімізде әйелдерге арнап өлең-жыр жазбаған, әйелдің бейнесін сұлулап бейнелемеген сөз шеберлері кемде-кем болар. Адамзат өмірінде еркектер бұтақ болса, әйелдер оның гүлі, жапырағы іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жапырағы жоқ, гүлсіз ағашты «қубас» деп атаған екен. Ендеше, ер азамат ағашқа, әйел ана жапырақ пен гүлге тең болса, біз яғни, балалары соның бұтақтарымыз. Бауыржан атамыз тағы бір сөзінде «әйелсіз адам баласы күн көре алмайды, әйел-ана, әйел- бақыт, әйел-аққу» деген екен. Отбасындағы қыз бала тәрбиесімен қатар ерекше орын берілетін мәселе – келін тәрбиесі.


Осыған орай орта ғасырларда бұл мәселелер ақын-жыраулар поэзиясында да орын алған. Мәселен, Ақтамберді жырау өз шығармаларында жалпы достықты, сыйласымды өмірді дәріптей келе оның бастауы отбасынан басталады деп ұққан. Әулет бірлігі әйелге


 


байланысты. Ақын ерлі-зайыптылардың татулығы өмірдің рахаты деп бағалай келе:


Мінезді болса алғаның Одан артық жар бар ма, Екі жаман қосылса


Күнде жанжал, күнде шу, Ұяларлық ар бар ма...


Өз мінезін білген жігіттің


Тәлімінде мін бар ма, - алған жарын жібектей есілген жайдары болсын, ұрыс-керіс отбасы шырқын бұзады, бір-біріңді өмірден сыйлап өт, өзіңе -өзің сын көзімен қарап, мінезіңдегі мініңді байқай біл, оны түзетуге тырыс деген өсиет айтады.


Халықтық даналық ой пікірді өлең жырына арқау еткен Шал ақын: Жастарға бақыт, байлық ден сау болса,


Тауфиқтан айрылады жемсау болса. Ер жігіт қапалықпен қартаяды,


Қатын жаман, мінген ат қырсау болса, - деп «бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық» деген халық қағидасына сүйене отырып ой топшылайды. Ердің бақыты отбасына, алған жарына байланысты деген ой пікірді қуаттай келе ақын:


Кез болса ер жігітке жақсы қатын, Жақсы қатын шығарар ердің атын. Жаман болса өз қылған істерімен,


Еріне қалдырады жаман атын, - деп ақылды, ерге серік боларлық жар таңдай білудің маңызына баса көңіл бөледі. Ақын осы пікірін тереңдете түсіп, «Әйел туралы» деген өлеңінде еңбек сүймес, салпы етек, салақ, жалқау әйелдермен он саусағынан өнер тамған шебер, еңбек сүйгіш, елгезек, шаруақор әйелді салыстыра сөз етеді. Жастарға алған жарын ерге серік, көркіне ақыл-ойы сай, мінез-құлқы жібектей, өнегелі- өнерлі болсын дегенді айтады. «Ер қаруы – бес қару» деген пікірді қуаттай келе:


Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,


Мал мен перзент – адамның дәулет құсы, - деп адамзат ердің бағы бес нәрсемен байланысты деген пікірді қуаттайды.


Отбасы бақыты алған жар мен өсірген балаға байланысты деген ой ақын өлеңінен үнемі өзекті орын алып отырады.


Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер, Әйелің долы болса күнде өлтірер.


Жақсыдан жаман туған бала болса


Атаға үйде жатқан сөз келтірер,- деп ой топшылайды.


Қазақта келінге деген ілтипат оған деген зор  құрметке айналған. Бала тәрбиесі, отбасы ұйытқысы келіндерге байланысты. Өйткені, келін


 


үйдің тұтқасы, ерінің де, ата-енесінің де, бала-шағасының да тәрбиешісі әрі қамқоршысы. Жұрт беташар үстінде келінге үлгі ұстар барлық жақсы қылық, жайсаң мінездерді тәптіштеп айтылып, олардың жекелеген ұнамсыз, жаман қылықтары болса, одан арылу керектігін жанамалап ескертіп отырады. Бір сөзбен айтқанда, беташардың өзінде де үлкен тәлім-тәрбиелік мән-мағына жатыр. Келіннің түсуі бір үйдің, бір елдің ғана қуанышы ғана емес, бұл бүкіл көз көріп, құлақ естір елдің, аралас-құралас жатқан ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Халқымыздың келін түсіруге байланысты «Отыз күн ойын, қырық күн тойын» жасау дәстүрі де осыдан қалған. Бұл айтылғандардан да әйел жұртына деген бүкіл қауымның шын адамгершілік пейілін жақсы байқауға болады. Арғы-бергі қазақ тарихында келін түсіру, қыз ұзату дан артық үлкен той думан болған емес. Қазақта жақсы қыз тәрбиелеген ана әрдайым да ардақты.


Осы айтылғанға орайлас жәйттерді Шал шығармаларында да көп кездестіруге болады. Мәселе, ақын бір өлеңінде:


 


Қыз қылықты болар, Келін епті болар...


Аяғын көр де асын іш деген сөз бар. Шешесін көр де қызын ал сол белгісі... Келін жақсы болса.


Үйіңе кісі көп келеді...


Келіннің де келіні бар сара келін... Кез келгенге түсіріп құрмет еткен


Анамыздай болмайды мына келін, - деп ол жаңа түскен жақсы келіндердің портретін берсе, енді бір өлеңдерінде келіндердің ішінде де тәрбиесі нашар, бұл жерде оның келген жеріне де қатысты қолайсыз сүйкімісіздерінің кездесетіндігін, бірақ оларды алғашқы күннен бастап тәрбиелеуге, келеңсіз қылықтарын енесі, абысын-ажындары айтып, үйретіп отыруы қажет екенін еске салады. Шал өлеңдерінде нашар келіндер былайша сипатталады:


 


Ақырған аждаһадай аю келін, Біз түгіл құдайынан ұялды ма


Кей келін ас бермейтін қара келін Келін шайпау болғаны оңбағаны... Көрмедің шыбын құрлы мені келін


Жұрт сыйлаған басымды күлге теңеп Жаярмын талай жерге сені келін...


 


Осы жолдарда жоғарыда айтқанымыздай кейбір жаңа түскен келіндердің психологиясы нашар жақтары бадырайта көрсетілген. Шал ақын қазақ әйелдерінің рөлін өз шама-шарқынша осылайша реалдық тұрғыдан түсінгенімен олардың қоғамдағы орнын, әлеуметтік сипатын сөз етпеген, оны тіпті мақсат тұтпаған. Оның әйел туралы ой пікірлері отбасы, ошақ қасының төңірегінен онша алысқа кете алмады. Өйткені, ол халқымыздың атам заманнан келе жатқан «әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деп қарайтын пәлсапа аясынан ұзай алмаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу